Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Соғысқа қарсы балалар
Мәңгілік тағзым.
Күні: 08.05.10ж
Сыныбы: 8 «б»
С/м: а) Оқушыларды
адамгершілікке,Отанын сүюге,қорғауға
баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып,
патриоттық тәрбие беру.
ә) 0қушылардың
ҰОС туралы,Қазақстандықтардың ерен
ерлігі
туралы, тыл майданы туралы түсініктерін
кеңейте
отырып, ерлікке, үлгі алуға , ардагерлерге
деген
құрметке тәрбиелеу.
С/көрнекілігі: «Ұлы жеңіске 65жыл» стенд,
гүлдер, слаидтар, бейне
баяндар.
С/барысы: 1.Ұйымдастыру.
1. «Қасиетті соғыс» әні ойналады.Оқушылар сап
түзеп сахнаға шығады.
Клип : «День Победы»
1-жүргізуші: Ақылбек
Жеңіс! Қандай құдіретті сөз еді бұл! Осы бір сөзге төрт жылдай теңселген
дүниенің қайғы-қасіреті мен ой-қиялы сыйып жатыр.
2-жүргізуші: Шынарай
Жеңіс! Сенің жолыңда қаншама қанды лайсаң қалды. Сенің жолыңда қаншама
боздақтар құрбан болды.
1-жүргізуші: Иә, сан обаларда жүздеген тіпті мыңдаған жауынгерлердің денесі
қалды. Сол обаларда жанып тұрған жұлдыздар – ер ұлдарымыз бен қыздарымыздың
жүрек оттары емес пе ! Сол обалардың етегінде оттай боп жанып тұрған қып-
қызыл қызғалдақтар мәңгі өшпес ел махаббатының белгісі емес пе ?
2-жүргізуші: Ендеше, құрметті оқушылар мен ұстаздар бүгінгі 9 мамыр Жеңіс
күніне , Жеңістің 65 жылдығына арналған «Мәңгілік тағзым» атты салтанатты
жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
Қуанышбай
Қамықпаған қиындықтың үрейінен
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ- бақытты ұрпақ атанып,
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен
Нәйлә
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары ,
Жігер менен құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы
Парасат
Мезгілсіз өлген ардагер ұлдар айбынды,
Желбіре тулар, толықсып тұрса май гүлі .
Қуану керек, қуану керек десек те ...
Ұмыту қиын, ұмыту қиын қайғыны
1-жүргізуші: Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем
бізді ойша сонау ұмытылмас, әрі көптен күткен 1945 жылдың 9 мамырына қайта
оралтады. Неге жарты ғасырдан асса да сол сұрапыл соғыс тақырыбында
кітаптар мен фильмдер , өлеңдер мен әндер жалғасын табуда ?
2-жүргізуші: Иә, соғыста қираған қалалар мен ауылдар әлдеқашан қалпына
келтірілді. Бірақ соғыс салған жара әлі жазылған жоқ. Соғыс кезінде жақын
жандарынан айырылмаған жанұя жоқ шығар сірә !Сол бір қаралы жылдары 27 млн.
Кеңес адамы құрбан болғаны әркімге аян.
Арайлым.Ә
Помните! Через года, через века
Помните! О тех, кто уже не придёт никогда!
Помните! Не плачьте !
В горле сдержите стоны,
Горкие стоны.
Памяти павших,будьте достойны!
Вечно достойны!
Хлебом и песней , мечтой и стихами .
Жизнью просторной, каждой секундой
Каждым дыханием, будьте достойной!
Әлібек
Дәл осынау жадыраңқы жай күні ,
Болса дағы қай ғасырдың, қай күні
Ұлы Отаным басын иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны
(1 минут үнсіздік)
1-жүргізуші: (Рахмет). 1941ж 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайлап
келе жатқан кезде фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Ұлы
Отан соғысы осылай басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
( Бейнебаян .ұрыс даласынан ,Берлин операциясы, жеңіс парады т.б.)
Арайлым Е
Соғыс жалмап, аға, іні, бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,
Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.
Мейірбек
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы,
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда
Көрген жоқпыз қайғы жұтқан даланы
Мөлдір С
Қан майданға шығарып сап ардағын,
Қыз-келіншек түсірмепті салмағын
Көрген жоқпыз өздеріңнің арқыңда ,
Сай-сүйектің сырқыраған зардабын .
Ән : «Жойылсын соғыс»
2-жүргізуші: Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 млн халық тұратын еді. Осы
жылдары республикамызда әрбір 5-ші қазақстандық , яғни, 196 мың 164 адам
қару асынып майданға аттанды. Республикамыздың еңбек армиясына 700 мың адам
жіберілді. Сонда Қазақстанда әскери Комиссарлеттяр арқылы 1 млн.900 мыңдай
адам сапқа тұрды.
1-жүргізуші: Соғыс жылдары қазақстандық 5 әскери құрамаға «Гвардиялық»
деген құрметті атақ берілді. Соның ішінде атақты «28 гвардиялық Панфиилов
гвардиясы» бар. Оның құрамынан шыққан батырдың ішінен батальон, кейіннен
дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының , Мәлік Ғабдулиннің есімдері
соғыс тарихынан мәңгілік орын алды.
2-жүргізуші: Бүгінгідей Ұлы күні халқымыздың аты аңызға айналған қаһарман
ұлы Бауыржан Момышұлын ерекше атап өткеніміз жөн. Себебі биыл атамыздың 100
жылдығы республика көлемінде аталып өтіп жатырғаны баршамызға мәлім.
«Халық қаһарманы» Слайд
Айгерім.
Бауыржан Момышұлы – елі үшін ерен ерлік жасаған, өнегесі ұрпаққа үлгі
болатын ұлы тұлға. Туған елінің бақыты үшін күрескен қаһарман перзенттерін
хылқы шексіз сүйіп , өнегесін үлгі құрмет тұтады, мәңгілік есте сақтайды.
Нұрсұлтан
Батыр наградалары:
Соғыс кезінде:
- 1942ж маусымда «Қызыл ту» орденімен ;
- 1944ж маусымда «Москваны қорғағаны үшін» орденімен
- 1945ж шілдеде І дәрежелі «Отан соғысы» , «Құрмет белгісі» орденімен ;
- Қызыл жұлдыз орденімен 2 мәрте марапатталды.
Айтолқын.
Соғыстан кейінгі кезінде:
- 1970ж «Еңбек Қызыл Ту» орденімен , «Құрмет белгісі» орденімен ;
- 1980 ж «Халықтар достығы» орденін иеленген
КСРО Президентінің 1990 ж 11-ші желтоқсандағы жарлығымен 1941-1945
жылдардағы соғыста неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен
асқан ерлігі үшін «Кеңес Одағының батыры» атағы берілді.
- 2000ж «Ғасыр адамы» деп танылды.
Би. «Катюша»
Айбар
Майданға қатысқан 1 196 164 қазақстандықтардың ішінде миллионға жуығы
орден, медальдарға ие болды. 497 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанды.
Соның 99-ы қазақтар. Өзге елдерде батыр атағын алғандар аз. Осыған қарап-
ақ , қазақ халқының батыр, қаһарман халық екендігін аңғаруға болады.
Бақтылы
Ұлы жеңіске біздің жерлестеріміз де үлкен үлес қосты. Соғыс жылдарында
кеңес әскері қатарында 122 423 ақтөбелік ерлікпен шайқасты. Олардың 40
мыңға жуығы майдан даласында мерт болды.
Біздің жерлестеріміз 312-атқыштар дивизиясының және 101-атқыштар
бригадасының құрамында соғысты.Соғыстың алғашқы жылдарындағы ең қиын
кезде осы құрамдардағы жауынгерлер жаумен бетпе-бет шайқасып,ерлік
көрсетті.
1-жүргізуші: Иә, Бақтылы пен Айбардың сөзіне толықтай келісеміз.Өз халқының
өрлігі мен биіктігін, қайсарлығы мен батырлығын әлемге әйгілі еткен
қазақтың Әлия мен Мәншүктей батыр қыздары туралы ақиқат пен аңыз халыққа
кең таралғанын да айта кетуіміз керек.
2-жүргізуші: Иә, соғыс басталғанда ер-азаматтардан қалыспай өз ерліктерімен
темір қару асынып соғысқа аттанғанда Мәншүк 19 жаста, ал Әлия небары 17
жаста болатын.
Арайлым мен Шынарай.«Әлия Мәншүк монологы»
1-жүргізуі: Шынарай, мен Ұлы Отан соғысы жылдары қолына қару алып қан
майданның ортасында болған аталарымыз бен әжелеріміздің барлығына дерлік
батыр деген атақ берер едім.
2-жүргізуші: Оның дұрыс . Ақылбек, ешкім де ол кезде еңбегін сатпағаны
анық. Мен тыл ардагерлерін де батыр деп есептер едім.
1-жүргізуші: Іс жүзінде батыр болса да, бұрмалауға ұшырап батыр атағын өз
дүниеден өткеннен кейін алған аталарымыз да бар. Солардың бірі 1945 ж/ң 30
сәуірінде рейхстагқа шабуылға шыққандар ішінде өз аты-жөні мен 674-полкінің
нөмері жазылған жалауды ортадағы бағ бекіткен Қазақ халқының аяулы да
қаһарман перзенті Р.Қошқарбаев еді.
2-жүргізуші: Иә, Р.Қошқарбаевқа өзі дүниеден өткеннен кейін 1999ж 7
мамырда ҚР-ның президениті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен «Халық қаһарманы»
атағы берілді.Сондай-ақ ҚР-ның президентінің 1998 жылғы 6 мамырдағы
Жарлығымен ҰОС- дағы жанқиярлық ерлігі үшін Бақтыораз Бейсекбаевқа да
«Қалық қаһарманы» атағы берілген болатын.
Ән: «Қазақ жігіттері»
1-жүргізуші: Жыл өткен сайын ардагерлер саны сиреп келеді.Ақтөбе облысы
бойынша Жеңістің 50 жылдығында 4054 ардагер болса,60 жылдығында 1204 адам
болды..Ал 65 жылдықты бар болғаны 534 ардагер қарсы алғалы отыр.
2-жүргізуші: Иә, табиғат заңына бағынбасқа шара жоқ. Бүгінде сұрапыл
соғыста жан аямай ел тәуелсіздігін сақтап қалған сарбаздардың ұрпақтары
– біздер аталарымыз бен әжелеріміздің рухы алдында басымызды иіп ,
тағзым етеміз.
Перизат Қ
65 жыл көктем таңы атқалы ,
65 жыл шуақты күн таратты әнін
Еісмде содан бері қаншама рет,
Ашылды жеіс күннің парақтары
Гүлсезім
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды ,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді .
Әлия
Ау, адамдар, даналар!
Соғысқа қарсы балалар
Өркендей берсін қалалар,
Гүлдене берсін далалар.
Тыныштық керек ол үшін
Айдана
Өртенбесін туған жер ,
Өркендесін туған ел !
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
1-жүргізуші: 1945 жылдың 8 мамыры күні Берлинде фашистік Германияның толық
жеңілгендігі туралы құжаттарға қол қойылды.
2-жүргізуші 1941жылдың 22 маусымы мен 1945ж 9 мамыры әр адамның зердесінде
мәңгілік сақталады.
1-жүрг:
Тыныштық тулары,
Биікке самғасын
Тыныштық ұраны
Қиырды шарласын .
2-жүрг:
Жетім боп ана мен балалар,
Ойран боп отбасы қалмасын ?
Жол берме соғысқа азамат
Сен ғана тыныштық қорғаны .
Клип «День победы»

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz