Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
БАЛАҒА БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ КЕЙБІР КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Сүлейменова Н.
№16 орта мектеп, Қазалы ауданы, Қызылорда облысы
Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмiрге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп
келгенi көпке аян. Бүгiнгi қалыптасқан белгiлi ғылыми-теориялық заңдары бар
педагогика ғылымы өмiрге келгенше де адамзат тәрбие iсiмен айналысып бақты.
Оның қағазға жазылып түспеген, бiрақ халық жадында мәңгi сақталып, ұрпақтан-
ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып тарап
келген бiлiм-бiлiк, тәлiм-тәрбие беру тағлымдары бар.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де
батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс
қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп
қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп
өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына
негіз салады.
Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселе-леріне терең бойлауға бастайтын,
күнде-лікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер
ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш
саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады.
Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың
іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны,
оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр.
Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілі-гінің,
белсенділігінің қалыптасуы мектеп-ке дейінгі тәрбие мен бастауыш сынып-
тарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығарма-
шылық қабілетінің, жалпы мүмкіндікте-рінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің
негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз
ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптас-
тыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.
Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты
ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп,
бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшы-
лығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогы
Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл
әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар
қауымын жоғары бағалаған.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды
парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі
мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларды
халықтық педагоги-каның нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойында
ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейіл-ділік қасиеттерін
қалыптастыруға, бала-ның жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ
халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.
Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-
тәсілдерді, оқытудың жаңа технология-ларын енгізіп, оқушылардың жалпы
дамуын қамтамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі
келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болған-дықтан, бастауыш сынып
мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың
сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді
енгізіп, оны ұйым-дастыру формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің басты
міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі,
ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады.
Кіші мектеп оқушылары үшін мұғалім олар еліктейтін, үлгі ететін абыройлы
жан. Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жү-ріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне,
адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да, жауапкершілігі мол, адал
да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға
білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.
Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу
материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады.
Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты
бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау
керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен
мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі
болып табылады. Содан кейін оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының
жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың
оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын,
тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып-үйрену қажет. Сұрақтар мен
тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу жүйелілігін,
маңызын талдау қажет. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен,
үйреншікті тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, келелі тапсырмаларға
алмастыру қажет. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал
ететін іскер ойынның элементтерін (немесе толығымен сценарийін), өндірістік
жағдайлардан мысал келтіре отырып, сүйеніш білімнің белсенділігін
арттыратын сұрақтарды ерекше ойланып, дайындауы қажет. Мұғалім сабақ
үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды
ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы – тәрбиелеуге өте көп көңіл
бөлуі қажет.
Оқу материалдарын талдау қорытындысында туындайтын сабақтың мақсаттары,
мұғалімге оқу әдісін, мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің түрін оқыту
әдістері, олардың ең қолайлы түрін таңдау «Арнаулы орта білім» журналының
1990 ж. №4 санында жарияланған педагогикалық ғылымдар кандидаты
П.Б.Олейниктің мақаласында кеңінен қамтылған.
Сабаққа дайындық негізгі оқулықпен танысып қоюмен шектелмеуі тиіс.
Мұғалім материалды білуі, кеңінен, тереңінен түсінуі қажет. Бұл оған
сабақты басқаруға, материалды оқулықтағыдан басқаша түсіндіруге,
оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз беттерімен
шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге, тапсырманы ілгерілеу әдісімен беруге
мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде сабақта қолданылған әдістемелердің
нәтижелілігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл
әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі
және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен
толықтырып отыруы керек.
Көбіне сабақты талдау алға қойылған мақсаттардың дұрыстығын,
оқушыларды қорыту және тәрбиелеу тәсілдерінің тиімділігін, олардың кеңестік
дидактика көзқарасына, мазмұны мен мақсаттарына, оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сай болуын бағалаудан басталады. Сосын идеялық және
оқытылатын пәннің ғылыми-теориялық (немесе материалдық) деңгейі, пәнаралық
байланыстардың қолданылуы, ғылыми-техникалық өрлеудің заманға сай деңгейін
ашып көрсету, өмірмен байланысы қаралады. Содан соң сабақ құрылымы, оның
ұйымдастырылуы, уақыттың ұтымды қолданылуы қаралады. Мұғалім әр түрлі білім
көздерін (оқулық, үкімет, ғылыми құжаттар, саяси-қоғамдық, техникалық,
анықтамалық әдебиет, тізбелер, үлгілер, кестелер, оқытудың техникалық
құралдары т.б.) қолдана отырып, өтілген материалдың терең де мықты
ұғынылуына қол жеткізуі керек, оқушылардың ой-санасын оятып, ынталандырып,
оларды өз беттерімен жұмыс істеуге үйретуіне ерекше көңіл бөлу қажет.
Сабақта қолданылған оқу-көрнекі, есептеу құралдарының тек көрсетуге
пайдаланылғанын немесе оқушылардың өз беттерімен жаңа тұжырымға келіп,
білімді алу көзі болғандығын талқылау да маңызды болып табылады.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуында жетекшi роль
атқарады, сондай-ақ, оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып,
дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға,
сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм - таным теориясы деп
аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы –
ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк
қатынастарды қалыптастырады.
Танымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл-ой әрекетi.
Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң
негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады.
Танымдық iзденiпаздық ұғымы және оны қалыптастыру проблемасын көптеген
педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Бұл
проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.
Қазiргi таңда әрбiр жеке тұлғаның құндылық қасиеттерiн дамытып,
қалыптастыруға аса мән берiлiп отырғаны белгiлi. Әсiресе ұрпақтан – ұрпаққа
мирас болып келе жатқан салт – дәстүр, әдет – ғұрыптар, тарихи – әдеби
мұралар арқылы оқушылардың жеке бас қасиетiн дамыту мүмкiндiгiне барынша
көңiл бөлiнгенiн ғылыми – зерттеу еңбектерден аңғарамыз.
Көп жылдық бастауыш сынып мұғалiмi ретiнде байқағаным – бастауыш сынып
оқушысының есте сақтау мен танымдық қызығушылық қабiлетi жақсы болады.
Егер баланың қызығушылығы жайында жүйелi мәлiмдемелер түсiп отырса, баланың
даму үрдiсi шапшандайды. Бiз бұл жерде Л.В. Занковтың идеясын негiзге
алдық. Ол баланың қоғамдық өмiрдiң әртүрлi жақтарымен еркiн араластыру
керек, әртүрлi баланың дамуы үшiн туындайтын шегiнiстерден қашпауымыз
керек, керiсiнше, баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенiн айқындай
отырып, жүргiзу қажет деген ұсынысын зерттеуiмiзге басшылыққа алдық.
Тарихи ескерткiш мұраларға жүргiзiлген саяхат-сабақтар мен экскурсиялар
баланың танымын қалыптастыруда негiзгi орын алатынын практика барысында
айқын байқадық.
Танымдық белсендiлiк көп түрлi тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен
тығыз байланысты. танымдық әрекеттiң белгiлi бiр ғылым саласымен таңдаулы
қатынасы, танымдық әрекетi, оларға қатысу және қатыскшылармен танымдық
қарым – қатынасы маңызды келедi. Сонымен бiрге, адамның барлық жоғарғы
таным процесстерiн өзiнiң даму деңгейiнен белсендiруде танымдық
белсендiлiк тұлғаның шындықты қайта құру әрекетi нәтижесiнде ұдайы
iзденiске жетелейдi.
Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсендiлiгiнiң дамуы бес-алты жас
аралығында қарқынды келедi. Бұл әсiресе баланың логикалық тапсырмаларды
белсендi орындауы, жауап кiлтiн табуға ширақ келуi, бiлуге деген ұмтылысы
танымдық ойындар арқылы оқу әрекетiнiң мiндеттерiн шешуде айқын көрiнедi
Әрбір педагогикалық әсер, әрбір шешім, әрбір әрекет балалардың даму
барысында тексеріліп отыруы қажет. Ал дамудың бірқалыпты немесе оның
қалыптасуы әрбір мұғалімге мәлім. Дамудың артта қалушылығының басты
себептері біріншіден, үйелмендегі рухани қатынастың жетіспеуі; екіншіден
мұғалімдер мен ата – аналардың зорлап оқыту нәтижесінде балалардың оқыту
материалдардың мазмұнына түсінбей жаттап оқуында; үшіншіден балалардың
дамушы қабілеттерін еске алмай, мектептің тек қана оқыту процесінің үш
компоненттеріне (білім, іскерлік, дағды ) сүйену тағы басқа. Осының
салдарынан балалардың көпшілігінің даму процесі тоқтайды. Жаңашыл
мұғалімдердің тұжырымдамалары бойынша ең алдымен баланың дамуын бірінші
орынға қою керек. Бұл оқушының білімді іздеп табуына, игеруіне мүмкіншілік
жасайды, іскерлікті, дағдыны меңгереді.
Сонымен, баланы әр жақты дамыту үшін бәрінен бұрын құлық, рухани ақыл –
ой, дене тәрбиесі бірінші кезекте болуы қажет. Кейбіреулер ынтымақтастық
педагогиканың осы заман педагогикасынан айырмашылығы бар ма деп сұрақ
қояды. Бұл сұраққа мағыналы жауап беру қиынырақ секілді. Бірақ екеуіне
анықтама берсек артық болмайды.
Осы заман педагогикасы – бұл тұлғаның жеке ұжымның тәрбие және өзін өзі
тәрбиелеу процестерінің диалектикасы туралы ғылым. Ынтымақтастық педагогика
– бұл тәрбие мен өзін өзі тәрбиелеудің, мұғалім мен балалардың шығармашылық
еңбегінің диалектикалық бірлігі емес пе? Мектепке, жоғары оқу орнына жаңа
кадрларды дайындауда қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындау үшін
ынтымақтастық педагогика керек. Бұл педагогика жас мұғалімнің ғылыми
педагогикалық теория мен озат педагогикалық тәжірибенің нәтижесімен
қарулануына мүмкіндік береді. Сонымен бірге, ізгілендіру, гуманитарландыру
жағдайында тұтас педагогикалық процесте жаңа иедяларды пайдаланудың
жолдарын қарастырады.
Тәрбие бағыттылығының дербес идеясы мұғалімнің балаға ерекше көңіл
аударуын қажет етеді. Ол педагогикалық жұмыстың ең жоғары мақсаты.
Сондықтан баланы зор ұқыптылықпен зерттеген жөн. Барлық тәрбие жұмысының
барысында еске алатын басты тұлға – бала екендігін ұмытпауымыз қажет.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Тұрғанбаева Б. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту. Алматы
2. Көкшеева З., Бердібаева Д. Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін
қалыптастыру // Қазақстан мектебі, 2010, № 10
3. Сарманов Е., Сапаров С. Сабақта жаңа технологияны қолдану. Шымкент,
2006

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz