Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ұлттың болашағы ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі - ұстаз қолында
Қостанай облысының
Рудный қаласының
№15 орта мектебінің
Математика пәнінің мұғалімі
Сұлтанова Гүлсая Қонысбайқызы
Ұстаз – жер бетіндегі мейірімділік пен ағартушылықтың
негізін қалаушы.
«Мұғалім маған бәрінен де қымбат,
өйткені, ол – мектептің жүрегі»
Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин
Ұстаз - әрбір адам өміріндегі ең маңызды тұлға. Ұлы Абай айтқандай:
«Адамның адамшылығы ең алдымен жақсы ұстаздан!», жас жеткіншектерді білім
нәрімен сусындата отырып, жеке тұлға ретінде тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі
зор екендігі сөзсіз. Ұлттың болашағы ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі –
ұстаз қолында.
Ұрпақ тәрбиесі дегеніміз келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу. Тәуелсіз
мемлекетіміздің басты құндылығы – білімді адам. Тек жақсы, білімді
мұғалімнің арқасында ғана әрбір оқушы жоғарыдан көрініп, білім ала алады.
Ұрпақ тәрбиелеу ісінде ұлағатты ұстаздық жолында қызмет етіп келе жатқан
мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше. Мұғалім балаларға
білім беріп қана қоймай, өмірге дұрыс жолдама беріп, бағыт-бағдар
көрсетеді.
Мұғалім болу үшін - талап болу керек. Қай адамның балалармен жұмыс
істеуге қабілеті бар - сол адам ғана мұғалім деген атаққа ие бола алады.
«Лашын құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі, ата - анаға бала
қадірлі» дегендей болашақ ұрпақты тәрбиелеу мұғалімдер қауымынан терең
білім мен үлкен шеберлікті талап етеді. Мұғалім еңбегі адамзат қызметінің
өте маңызды да күрделі түрі екені даусыз, ол жүрек жылуы мен күш-жігерді,
тіпті уақытпен санаспай еңбек етуді қажет етеді. Күнделікті қызметінде жас
ұрпақ бойына сапалы білім, саналы тәрбие сіңіріп, рухани байлықты, ұлттық
құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауға, адамгершілік қасиеттерді
бойларына сіңіруге бар күш-жігерін жұмсайды. Ең алдымен ұстаз өзінің
ісімен, өзінің сөзімен тәуелсіз еліміздің болашағын ойлайтын, Отанның
беріктігін қорғайтын білімді ұрпақ тәрбиелейді.
Әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал
ұстаз сол әлемді шартарапқа жетелеуші. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс
енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті,
шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық
та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат
қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса,
екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем
деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған
маман. Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. Ұстаз
болу – бала кезімнен арманым еді.
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай,
оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң
бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана
қолынан келеді. Ал ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол
өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын
салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін,
ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.
Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі
кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның
оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-
дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел
болашағының мүсіншісі деуге болады.
«Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін
оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам.
Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер
ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты
кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті
жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп,
ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті
мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста дана Абайдың:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт
өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен
адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!
Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр
мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін
шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны
небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді.
Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.
Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен
әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас
жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі,
әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да,
жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби
икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі
басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді.
Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-
экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ
ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп
қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады.
Біздер, ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты
құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп
отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын.
Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен
көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген
тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz