Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Менен сәлем дегейсің сұрағанға

<<Менен сәлем дегейсің сұрағанға>>
(Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдебисазды кеш)
1-жүргізушы: Кеш жарық, құрметті қонақтар мен оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мүрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бао халық шынымен бақытты халық.
Бабамның көзімісің?!
Данамның сөзімісің?!
Жаралған сезім үшін
Мазасыз жүрегімнің өзімісің?!
Домбырам,
Қоңыр қазым, аққуымсың!
Арманым, мұңым, сырым, шаттығымсың!
Ән <<Дариға домбырамды берші маған>>.
2-жүргізуші. Бір оғын да далаға жібермейтін сұрмергендер сияқты ақын сөзінің жүрекке жетпейтіні жоқ. Маздаған көңіл оты лапылдап, қызуы бетті қарып, тұла бойды қыздырады. Шебер тіл, шегенделген ой, құс қанатты қиял көзіне табындырып қояды. Мыңдаған таланттылар және талапшылар Мұқағалидың мұңды да сырлы, сан қырлы жырларын жаттап, әуен-ән іздеп шарқ ұрған, шабыт шақырғанына куәгер қауым көріп-біліп, естіп жүр. Оның оттай ыстық өлеңдері өз-өзінен әнге, толғауға, термеге сұранып тұр. Самалдай желпіп, маңдайдан сипайтын,жанға ләззат құятын, көкірек-көзіңді шайдай ашатын ән-әуез әрқашан да өмірсерік, жанға қуат, рухани азық.
1-жүргізуші. Қарсы алмаса,
Құрысын, қарсы алмағын.
Ән салып бер,
Әніңмен жан сал маған!
Жаңғырығып жасыл тау жөнелсін бір.
Жатсын ұйып, жапанда дел-сал далам.
(<<Ән сал жаным>>)
Адамдар жүрегінен жансая іздеген, Мұқағали жырларына барлау жасап, балдай тәтті саз шәрбәтін сіңірген ұлы сазгер - Нұрғиса Тілендиев (Қазақстан Республикасының әртісі, Халық Қаһарманы). Ендеше әнге кезек берейік.
Ән <<Сарыжайлау>>.
2-жүргізуші. Жан-жағына жандырып, күйдіріп, жалынға орап жыр төгетін саңлақ азаматтың көкірек шерін бар пейілмен ұққан Алтынбек Қоразбаев та (Қазақстан Республикасының халық әртісі, Қырғызстанға еңбегі сіңген әртіс) қос ішегін қоңырлатып, үкілі домбырасын жиі қолына алатын болды. Алатау сілемдері арқылы көңіл жібі жалғасып жатқан қос таланттың ішкі дүниесі үндесіп, Хантәңірі шыңында тоқайласатындай сәт қандай, шіркін!
Шыңның мен танымаймын аласасын,
Төбе де алсамен таласасың.
Тянь-Шаньның шашақтаулы найзасындай
Қайсың Хантәңірімен жанасасың? (<<Хаңтәңірі>>)
1-жүргізуші. Алай-түлей сезім буырқаныстары шарпысын, күрделі, соқталы бір әуеннің ұшпа бұлттары аспанда қалықтады <<Сәлемдеме>> әнінің аңызақ желі тұрып, ағаш басын қатты-қатты шайқай берді. Мұқағали ағаның қорғасын бұлттай қөңілі астарынан көп сырды айтқызбай ұққан сыралғы Алтынбек аға қоңырлатып әкететін әдеттегі дауысымен терең күңіреніске салып тебіренді, теңселді.
Ән <<Сәлемдееме>>.
2-жүргізуші. Сағыныш, хал-ахуал сұрау, ағайындық ақжарма наз, достық ниет қан тамырда бүлкілдейді. Тағы да:
Дегейсің болашағы қамығып жүр,
Болмаса барлығы да табылып жүр.
Құлын-тайдай тең өскен құрбыларын,
Дегейсің сағынып жүр, сағынып жүр.
Қала мен даланың арасын көзге көрінбес қимастық жібімен жалғап тұратын сезім сергелдеңі аңғарылар аңқылдақтың, кешірімпаздың шумақтары ішті жылытады, жаныңды баурайды, бірге езілтеді, бірге күйзелтеді.
1-жүргізуші. Ақын жүрек елжіреп, езіліп, елегізиді, бәр-бәрін бауырына басып, құшқысы келеді. Сағыныш, өкініш, қимастың құймасындай сыңғырлаған сыр ғой бұл дегеніңіз.
Армандайды дегейсің, қиялдайды,
Қайда барса бір басы сия алмайды.
Сендер оны ұмытып кетсендер де,
Дегейсің сендерді ол қия алмайды.
Ән <<Сен бе едің?>> (Т.Мұхамеджановтікі).
2-жүргізуші. Қай жырына көз жүгіртсең де бей-жай оқи алмайсың, көңіл қобалжып, жүрек сыздайды. Үміт ұшқыны тек қос ішекппен дірілдеп,ауаны кезеді. Ақын көкірегінің күрсінісі көзге жас үйірілтті, домбыра шанғына мұңайыс дірілі қамалып, амалсыз сыртқа шықты.
Туған жер сағындырды, келді есіме,
Өзім кепіл енді оны көрмесіме,
Тағыдай тауда өскен тарлан едім,
Таңылдым емхананың бөлмесіне - деп Алтынбек ағаның өзегі өртенге, әрмен қарай айта алммай, булығып, даусының тарғылданғаны әлі есімізде.
Ән <<Емханада>>.
1-жүргізуші. Маңдайы кере қарыс кең тұлғалы тарланбоздың


Ұқсас жұмыстар
Мұқағали ағаның қорғасын бұлттай қөңілі астарынан көп сырды айтқызбай ұққан сыралғы
Желбіре,Жеңіс жалауы
Жаңа жыл құтты болсын!
Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем
Сұрақ таңда
Бала-бақшаға 100 күн
Алтыбақан
Суретке түсіру
Үлпілдек жүнді балапан
Балалардың тақпақтары
Пәндер