1-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Менің досым - ауызша сөйлеу дағдыларын, фонетиканы және достық тәрбиесін пысықтау

1 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Менің досым.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқүшылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында ойын ойнату, білімін бекіту, жүйеге келтіру; жуан және жіңішке сөздерді, буындарды, көптік жалғауларды пысықтау; шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Дамытушылық: берілген тақырып бойынша оқушылардың өз ойын айтып беру дағдыларын дамыту; ойын, тапсырма орындау барасында белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа тәрбиелеу; сабаққа деген ынтасын арттыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Сабақтың типі: пысықтау.

Сабақтың ұраны: Адал достық - алтыннан да қымбат.

Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, тірек - сызбамен жұмыс, шығармашылық жұмыс, мәнерліп оқу, әңгімелесу.

Көрнекілік: сандық, мәтін, тірек- сызба.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) амандасу;

б) кезекшінің рапорты

2. Тіл дамыту кезеңі:

« Орамал тастамақ» ойыны арқылы оқушылар бір біріне сұрақ қояды.

3 Фонетикалық жаттығу:

Дыбыстарды әндету, буындарды плакат бойынша қайталау.

4. Лексикалық жаттығу « Кім мұкиат тыңдап отыр?»

а) жіңішке дыбыстар бар сөздерді естігенде қолдарыңды көтеріңдер, егер жуан дыбыстар бар сөздерді естігенде - шапалақтаңдар.

Мектеп, мұғалім, сынып, сабақ, оқулық, зерек, үлгілі, ақылды, тәрбиелі, қымбат, адал, күн, дос, достық.

ә) Дос, күн - фонетикалық талдау.

5. Білімді пысықтау кезеңі.

1. а) кіріспе сөз: Бүгін біз «Дос. Достық» тақырыбын жалғастыррамыз. Дос қандай болу керек, досты қалай құрметтеу керек екенін біз бүгін әңгімелейміз. Дос туралы шығарма жазуға дайындаламыз.

ә) Достық туралы қандай мақалдар

білесіндер? Мағынасын түсіндіру.

б) Фонетикалық талдауды тексеру, сөйлем құрастыру.

2. Мәтінмен жұмыс.

Алдарында «Менің досым» мәтіні бар. Мәтінді іштей түсініп оқып, бір параққа сұрақ жазыңдар, сұрақты сандыққа салындар. (Сұрақтарды араластырам) оқушылар шығып сұрақты алып, жауап береді.

Менің досым.

Менің досым бар. Оның аты - Бауыржан. Біз Петропавл қаласында тұрамыз. Оның жасы одна. Бауыржан өте ақылды, зерек, тәрбиелі. Ол сабақты жақсы оқиды. Біз сабақты бірге оқимыз. Бауыржан- өте жақсы дос.

3. Тірек- сызбамен жұмыс.

жасы

қайда тұрады?

қалай оқиды? Менің досым

нешінші сыныпта оқиды?

аты нешінші мектепте

оқиды?

а) тірек-сызба арқылы әңгіме құрастыру;

ә) тірек-сызба арқылы диалог құрастыру

б) үйге тапсырма: осы тірек-сызба бойынша шығарма жазыңдар. Келесі күні пошта жәшігіне конвертті салыңдар.

6. Қорытынды:

а) оқушылар фишка арқылы білімдерін өздері бағалайды;

ә) кіріспе сөз: Достарың болғаны қалай жақсы! Сен ауырып, оқуға бара алмай қалғанда, достарынды сағынасың. Дос- ең жақын адам. Сондықтан досынды ренжітуге болмайды, досты қадірлеу керек. Біз бүгінгі сабағымызды «Достық» әнімен аяқтаймыз.

Б) «Досымыз екеуіміз» өлеңді жатқа айту.

7. Қоштасу: Сау болындар! Демалыңдар!


Ұқсас жұмыстар
3-сынып қазақ тілі сабағы: Менің досым - достық пен сыйластыққа тәрбиелеу
Менің досым осындай: достық және тілдік дағдыларды дамыту сабағы
Қазақ тілі сабағы: Қыс тақырыбы - грамматикалық ережелерді пысықтау және ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту
5-сыныпқа арналған қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабақтарының жоспарлары: Мен және менің досым; Түлкі мен ешкі
М. Дулатовтың Қыс шығармасы бойынша қазақ тілі сабағы: мәтінмен жұмыс және сөйлеу дағдыларын дамыту
Он көлеміндегі сандардың құрамын пысықтау: 1-10 тура және кері санау, ауызша есеп дағдыларын дамыту
5-сыныптағы Ана тілі сабағының жоспары: тақырыпты болжау, тыңдалым және ауызша-жазбаша сөйлеу дағдыларын дамыту
1-сынып қазақ тілі сабағы: Менің сүйікті тағамым - сабақ жоспары
Азық-түлік дүкенінде: сөйлеу мәдениеті мен диалог құру дағдыларын дамытуға арналған қазақ тілі сабағы
1-сыныпқа арналған Оқушымын мен енді тақырыбындағы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz