Туған жерімнің тарихы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіАтырау облысыҚызылқоға ауданыҚаракөл орта мектебіҚазақстан тарихын оқытуда өлке тарихын пайдалануБаяндамашы: жоғары санатты тарих пәнінің мұғаліміФарида Суатова Болатовна:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Қаракөл орта мектебі

Қазақстан тарихын оқытуда өлке тарихын пайдалану

Баяндамашы: жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі

Фарида Суатова Болатовна

Жоспар

Кіріспе

Қызылқоға - ежелден ерлік пен елдік мекені.

Негізгі бөлім

а) Қызылқоға ауданының құрылу тарихы.

ә) Қызылқоғаның қазығы болған - Қарабау.

б) Жергілікті жер-су аттарының тарихынан.

в) Қызылқоғаның көне қалалары.

г) Аудандағы шешімін таппаған экологиялық мәселелер туралы.

д) Қазақстан тарихын оқытуда оқушы шығармашылығын дамыту.

Қорытынды.

Туған елді туы қылып жүректің,

Ғұмыр бойы келе берер жыр еткім.

Туған елге, туған жерге арналған

Барлығы да мендегі аппақ тілектің.

Н. Әжіғалиев

. Қазақ елі өзінің сан ғасырлар бойы аңсаған арманына қолы жетіп, өз Тәуелсіздігін жеңіп алып, егемендігімізді алғаннан кейін есімізді жиып, өз еліміздің тарихына сын көзбен қарай бастадық. Кім-кімге болса-дағы кіндік қаны тамып, шыр етіп дүниеге келген жері әрқашанда ыстық сезілетіні бесенеден белгілі ғой.

Жасыратыны жоқ, осы кезге дейін елеусіз шалғайда малын бағып, тып-тыныш өмір сүріп жатырған Қызылқоға аймағын, оның құрылу тарихын, өлкесіндегі сан түрлі оқиғаларын, сегіз қырлы бір сырлы ұлдарының есімдерін білмейтін адам көп дер едім. Өйткені осы уақытқа дейін билігін жүргізіп келген «орыстандыру саясаты» халқымыздың аяулы ұлдарының есімдерін, олардың еңбектерін жоққа шығарып, еліміздің дамуына, соның ішінде мәдениетімізге кедергі болып келгені ащы да болса шындық.

Қазақстан тарихын оқытуда өлке тарихының деректерін жинақтап, күнделікті сабақта, тәрбиелік шараларда пайдаланудағы мақсат-тәуелсіз еліміздің болашағы кейінгі жас жеткіншектердің туған елге, жерге деген перзенттік сезімдерін қалыптастыру, ел тарихындағы ұмытылмас тарихи оқиғаларды терең біліп өткені мен бүгінгісін байланыстыра отырып, өзінің саналы көзқарасын, үлесін қоса білуіне дағдыландыру, осы өлкеден түлеп ұшып қазірде республикамыздың түкпір-түкпірінде қызмет атқарып жүрген ағаларымыздың өмір жолдарын, әдебиет пен мәдениетке қосқан үлестерін және ел шежіресін насихаттау.

Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігінің қазақ жұртына оралуы ел тарихына біршама өзгерістер әкелді. Осы мүмкіндіктер арқасында туған өлкеміздегі бізге беймәлім деректермен таныса бастадық Жас ұрпаққа осы беймәлім деректерді айтып-үйрету, оқиғалармен хабардар ету-тарихшы мұғалімнің міндеті деп білемін. Көптеген қазіргі атақты ғалым-жазушылар, ақындар, мұғалім-педагогтар, малшылар т. б шаруашылықтың әртүрлі қызметінде абыройлы адал еңбек еткен азаматтарды тәрбиелеп ұшырған, жетілдірген қасиетті өлке- Қызылқоға аймағы екенін білу-әрбір мектеп партасында отырып білім алушы Қызылқоғалық жас буынды қуантатыны анық.

. Білім нәрін сеуіп, тәрбиелеп, өсіріп-өндірген киелі Қызылқоға ауданы мен Қаракөл ауылының тарихы мені балалық шағымнан бастап қызықтыратын. Сол себепті шығармашылық жұмысымның тақырыбын «Қазақстан тарихын оқытуда өлке тарихын пайдалану» деп алуымның себебі -көптеген ірілі-ұсақты тарихи оқиғаларды басынан өткізген ауданның тарихын, өлкедегі болып өткен тарихи оқиғалармен, тарихи-мәдени ескерткіштерімен, өлкедегі жер-су аттарының аталу тарихымен шәкірттерді таныстыруда қолымнан келгенше табылған тарихи мәліметтерге, деректерге сүйене отырып, осы ауданда өсіп - өніп, білім алған, көптеген көпті көрген көнекөз қариялардың естелік-әңгімелерін жинақтап, жергілікті ауыл, аудан азаматтарының мақалаларын шығармашылық жұмысыма арқау еттім.

Шығармашылық жұмысымның барысы: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден тұрады. Кіріспе бөлімі «Қызылқоға -ежелден ерлік пен елдік мекені» деп аталады. Бұл бөлімде әрбір жеке тұлғаға өзінің туған өлке тарихын білудің қаншалықты маңыздылығын насихаттау.

Негізгі бөлімде «елу жылда-ел жаңа» дегендей, Қызылқоға ауданының 1944 жылғы 11 мамырда аудан болып құрылған уақытынан бастап Қызылқоғаның орталығы болған Қарабау өңірі тарихының өзіндік ерекшелігін, өлкедегі жер-су аттарының тарихын, Қызылқоғаның көне қалалары, Қызылқоға ауданының 750 мың гектар жерін алып жатырған әлі де болса шешімін таппаған Тайсойған деп аталатын полигонның зардабы туралы газет бетінде жарық көрген деректерді пайдалана отырып, Қазақстан тарихын оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысындағы өз сабақтарымның жоспарларына тоқталдым. Қорытынды бөлімінде өлкетану тарихын оқытудағы күтілетін нәтиже туралы мәселелер қаралды.

Қазақстан тарихын оқытуда бағдарламаға сәйкес тақырыпты оқыта отырып, сабақ барысында тақырыпқа сәйкес келетін өлке тарихына шолу жасау, үйрету, хабардар ету, өлкедегі бұған дейін болып өткен оқиғалар туралы тың деректерді пайдалану жеке тұлғаның дүниетанымын, өзіндік көзқарасын, пәнге деген қызығушылығын, оқулықтағы құжат деректеріне өзіндік талдау жасауына ықпал етеді.

Жалпы Қазақстан тарихын оқытуды өлке тарихымен сабақтастыру әрбір жеке тұлғаның өлке тарихындағы қызықты оқиғаларды білуіне, құрметтеуіне, жеке шығармашылық шабытын ұштауына мүмкіндік беретіні барша ұстазға белгілі. Сондықтанда әр жеке тұлғаны тарих сабағында өлкедегі тарихи оқиғалардың шындығымен таныстырып отыру-әрбір тарихшы ұстаздың міндеті деп білемін.

Қызылқоға- ежелден ерлік пен елдік мекені. Асан қайғы, Қазтуған, Жиембет жырау, Сырым батыр, Алдар, Есет, Машақ, Бөкен билер, Мұхит бабаларымыз ат ізін салған, өмір сүрген, қазақтың қамын жеген біртуар батырлар Исатай-Махамбет жүрген өңір.

Шындыққа жүгінетін болсақ, ауданның бастап құрылу, оның ұйымдасуын білетін адамдар қазіргі уақытта кемде-кем. Сол себепті ауданның тарихы нақты бір жүйеге келтіріліп жазылмаған. Аудандық баспасөз бетінде жарияланған мына бір естелік мақалаларға назар аударып көрейікші.

Дербес зейнеткер Жақұт Қалиеваның «Өткенді білмей, келешек жоқ» айдарымен берілген мақаласында (28 мамыр 1994 жыл) былай деп жазады: «1920 жылдардағы Орал губерниясының Гурьев уезі 1928 жылы 3 қыркүйекте Гурьев округі болып қайта құрылды. Оның құрамына енген алты ауданның бірі - біздің Қызылқоға ауданы еді» 1 . Ауданның қай айда құрылғаны туралы да қайсысы дұрыс екенін анықтаңқырап жазатын екі түрлі пікір бар. Бірі - кезінде Қазақстан КП Гурьев облыстық партия архивінің меңгерушісі болған М. Мұқышеваның «Қызылқоға ауданы жиырмасыншы жылдарда» деген мақаласында былай деп жазады: «Қазақстан Орталық

Кеңес атқару комитетінің 6 мамыр 1928 жылғы қаулысына сай бұрынғы бірнеше болыстардың орнына енді жаңадан аудандар құрылды. Соның бірі

Қызылқоға ауданы еді. Аудан құрылғанда оған бұрынғы Гурьев уезінен Сарыкөл, Қызылқоға болыстары, Орал губерниясының Жымпиты уезінен Қаракөл болысы берілді» 1

Екіншісі соңғы он жылдықтарда аудандық Кеңес Атқару комитетінің төрағасы болған дербес зейнеткер Аташ Досалиевтің «Қызылқоға қалай құрылды?» деген мақаласында «Қызылқоға ауданын құру туралы шешім 1928 жылы 17 наурызда қабылданды» 2 Байлардан тәркіленген малдардың 60-70% -і кедейлер мен батырақтарға үлестіріліп, қалғаны колхоздар мен малшылар одағына берілді.

1929 жылы 12 маусымда Атырау (Гурьев) қаласында төменгі кооперациялардан және балықшылар кооперациясынан уәкілдер съезі болып, округтік малшылар одағы құрылды. Малшылар одағының съезі округ территориясын халқының тұрмыс бейнесіне қарай көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы аудандарға бөлді. Қызылқоға жартылай көшпелі ауданға жатқызылып, онда маманданған мал шаруашылығы серіктестігін құру белгіленді. 1930 жылы аудандағы барлық жанұяның 54%-і мал шаруашылық серіктестігімен топтастырылды.

Кешікпей ұсақ серіктестер ауылшаруашылық артеліне орын берді. Бірыңғай малшаруашылықты аудан болып есептелінген Қызылқоға ауданында округ бойынша ең алғаш колхоз ұйымдасты. 1930 жылы Қаракөл селосында ұйымдасқан «Тегісшілдік таңы» колхозы болатын. Колхоз орталығы Тоқмырза ағашы тұрған орыннан салынатын болды.

«Тегісшілдік таңы» колхозының төрағасы болып Ерімбетов Смағұл сайланды.

Партия ұйымының хатшысы Таутекин Жолдығали, Қаракөл ауылдық Кеңесінің төрағасы Сарбөпин Қойшы болды. Колхозға 53 үй мүше болды. Олардың колхозға берген малын есептегенде шамамен 100-ден астам ірі қара, жылқы және түйе болған. Орталық белгіленген жерге кеңсе, тұрғын үй құрылыстары басталып кетті. Кейін бұл тұрғындар қалашығы (Жилгородок), соңынан аудандық қалашық (Райгородок) деп аталады.

Бірінші бесжылдық жылдарында ауданда 16 аудандық кеңес, 33 шағын колхоз құрылды. Қарабауда «Елтай атындағы колхоз», Қараменде «Жаңашаруа», Көздіқарада «Өрнек», Тайсойғанда «Теңдік» т. б. Бірақ Ф. И. Голощекиннің Қазақстандағы сойқанды саясатының әсерінен 1931 жылдың аяғында Қызылқоға ауданы таратылып, оның жерін Батыс Қазақстан облысының Тайпақ ауданына қосты. Осы жылдары орын алған аштық пен босқыншылықтан жергілікті халықтың біраз бөлігі өздерінің ата қонысын тастап, Мақат мұнай кәсіпшілігіне жұмысшы болып кетсе, енді бірқатары Гурьевке - Жайық бойына кетті. Ал бірсыпырасы өз қоныстарында қалып, Тайпақ ауданының қарамағында еңбек етті. Осы арада ауданның таратылу мерзімімен оның қай ауданға қосылғаны туралы екі түрлі пікір бар.

  1. Ж. Қалиева «Өткенді білмей келешек жоқ» Қызылқоға газеті 28 мамыр 1994 жыл
  2. М. Мұқышева «Қызылқоға ауданы жиырмасыншы жылдарда» Қызылқоға газеті 1994 жыл 3 маусым.
  3. Аташ Досалиев «Қызылқоға қалай құрылды?» Қызылқоға газеті 1994 жыл 10 маусым.

Бірі Аташ Досалиевтің жоғарыда көрсетілген мақаласында «1930 жылы 22 қыркүйекте Қызылқоға ауданы Доссор ауданына қосылды» -делінген. 1

Ауданның алғаш құрылуы мен таратылуының басы-қасында бірге араласып жүрген Есеев Жұмасейіттің «Ежелгі Қызылқоға» деген мақаласында: «1930 жылы Қызылқоға ауданының орталығы - Доссорға көшірілді, 1931 жылдың күзінде Қызылқоға ауданының орталығы қайтадан Қызылқоға селосына көшірілді, бірақ, екі-үш айдан кейін-ақ ауданның қайта ажыратылатыны белгілі болды. Жоғарыда келген жеделхатта: «Қызылқоға ауданы ажыратылсын да территориясы Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданына берілсін-деген жарлық берілді. Көп ұзамай-ақ, ауданды қабылдап алуға Тайпақ аудандық партия комитетінің өкілі Шурин бастаған комиссия келді», -деп жазылды. 2

Ауданнық құрылуының 50 жылдығына арналған салтанатты жиналыста аудан әкімі Есенгелді Нұршаев баяндама жасады. Баяндамашы Е. Нұршаев былай деді: «1944 жылдың 11 мамырында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Қызылқоға ауданын құру туралы шешімі шықты. Аудан аймағына Тайпақ ауданынан-11, Ойыл ауданынан-8, Мақат ауданынан-11 колхоз, 1 кеңшар берілді. 1944 жылдың 1 қыркүйегінде аудан шаруашылықтарында 13 016 бас ірі мүйізді, 66 011 бас ешкі, қой, 20 93 бас жылқы болды. Ауданның алғашқы партия комитетінің бірінші хатшысы Мұхтаров Мұхит, атқару комитетінің төрағасы болып Меңдіғазы Айтмұқанов белгіленді.

Бұдан басқа сол кезде ауданның тұңғыш ұйымдастырушылары қатарында Өтеш Өмірбаев, Ғабдулла Нығыметуллин, Әбу Досжанов, Жұмаш Есболов, Ығылман Жұбаев сияқты азаматтар болды.

Ауданнық жаңа құрылғанына қарамастан, Ұлы Отан соғысы кезінде Ұлы жеңісті жақындатуға ерекше үлес қосты. Осы ауданнан Ұлы Отан соғысына 4500 азамат қатынасып, оның тең жартысы оралмай қалды. Біз бүгін майдан даласында ерекше ерлікпен батырлықтың тамаша үлгілерін көрсеткен Даңқ Орденінің толық иегері Шүкір Еркіновты, офицерлер Дүйсенғали Ерғалиев, Шәмел Өтегенов, Қауынбай Сұлтанов, Ығылман Бейсенбаев, Захар Төреқұловты ерекше мақтан тұтамыз. » 3

Соғыстан кейінгі жылдары еңбекте ерекше көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін ауданымызда Досымбай Кеңесов, Көлбай Сисенбаев, Әби Ерғалиев, Қанаш Қожахметова Еңбек Ері атағына ие болды. 1959 жылы аудан орталығының Миялыға көшуіне Уәли Жайықовтың өзі тікелей себепші болды.

Қарабау ауылының ақсақалы Қосшиев Тауманның айтуы бойынша, Қызылқоға 1862 жылдан кейін Кермеқас болысы атанған. Сол кезде осы өңірде Барлыбай, Қоңдыбай, Нақбай, Кермеқас деген Шеркештің Қойыс Сақау бөлімінің 4 ағайынды жігіті өмір сүрген. Олардың ең кішісі Кермеқас осы өңірдің болысы болыпты. Бұл болысқа Ойтаң, Тайсойған, Сарыкөл елді- мекендері кірген. 1

  1. А. Досалиев «Қызылқоға қалай құрылды?» Қызылқоға газеті 1994 жыл 10 маусым.
  2. Ж. Есеев «Ежелгі Қызылқоға» Қызылқоға газеті 28 қыркүйек 1994 жыл.
  3. Е. Нұршаев «Қызылқоғаға 50 жыл» Қызылқоға газеті 4 маусым 1994 жыл.

ХІХ ғасырдың аяғында патша үкіметі Ыбырай Алтынсариннің бастамасын қуаттап, осы өңірлерде 7 төрт жылдық орыс мектептерін ашқан. Олар Кермеқаста, Қаракөлде, Қарабауда, Махамбет ауданының «Қызыл үй » деген жерінде, Оралдың Тайпақ ауданының «Қызыл жарында» және Қаратөбенің «Қарамыс», Ақтөбенің Ойыл ауданының «Жыланды» деген жерлерінде тұрғызылды. Қарабау, Кермеқас мектептерін қамыс өртеп, кірпіш күйдіріп қарашекпендер (украиндер) салған. Кірпіштің түсіне қарап «Қызыл үй» деп атап кеткен. Бұл мектептер осы өңірдегі қазақ балаларын орысша оқытқан алғашқы мектептер болатын.

Марқұм Атшыбаев Қабдолланың айтуы бойынша «Қарабау» деген жердің аталу тарихы да қызық. Осы өңірде қамыс шығатын көлдер көп болған. Осы қамысты баулап Қызылқоға базарына апарып сатады екен. Кейде көп дайындалған қамыс бауланған күйінде қалып қойып, қарайып кететін болған. Сөйтіп «Қарабау» деген атау осыдан шыққан деген сөз бар. 2

Бұл маңда Князь, Ойыл, Қызылқоға деген атақты үш жәрмеңке болған. Соның ішінде мал жөніндегі ең мықтысы Қызылқоға жәрмеңкесі саналған.

1933 жылы Қарабауда ТОЗ-дар құрылады. Олар: Ынтымақ, Қарабау, Ащысай, Тұщыкөл, Қызылқоға деп аталыпты, кейіннен колхозға айналған.

«Кермеқас» орыс мектебінің революцияға дейінгі алғашқы мұғалімдерінің бірі-Байгелдинов Қаржау деген кісі болған. Қызылқоға басында арасы 1-1, 5 шақырымда орналасқан екі мешіт болыпты. Бірі-татар, екіншісі-Хасан мешіті. Бұл мешіттердің мұнаралары болмағанмен дұрыс жұмыс жасаған.

Қарабауда 1951 жылға дейін 7 жылдық мектеп болған, 1931-1933 жылдары Қарабаудағы 4 жылдық мектептер болған.

1930 жылдары бірінші бесжылдық жарияланып, оған дейін серіктестік болып келген шаруашылық жүйесі 1928 жылы «Живсоюз» және «колхозсоюз» болып біріктіріледі.

«Живсоюз» конфискация жасалған байлардың малын жинақтады. «Колхозсоюз» халықтың ортақ малын жинақтап біріктірді. 1932 жылы наурыз айында Совнарком Исаев Ораздың нұсқауымен, Қызылқоға Оралдың Тайпақ ауданындағы Есенсай деген жерге көшірілді, оның басты себебі, Қызылқоғаның алашордашылардың туын тіккен орталығы болуында болса керек. Бұл көшуге Саркөлді жайлаған шеркештер, Мән қонысын мекендеген қаратоқайлар да ұшырады. Конфискацияға Қызылқоғадан 4 ірі бай ілікті. Олар Игілік баласы Әлжар, Жұмабайұлы Дүзелбай, Бектемісұлы Демеу және Байтілеу, Қарес деген ағайынды байлар.

Қызылқоға ауданының орталығы 1944 жылдан 1959 жылға дейін Қарабауда болды. 1961 жылы Энгельс атандағы кеңшар құрылды. Алғашқы директор Федор Федорович Канцев осы жылдың 24 сәуірі күні №1 бұйрығымен кеңшардың бас мамандарын, қатардағы қызметкерлері мен

  1. Ш. Қонысбаев «Тауман қарттың әңгімесінен» Қызылқоға газеті 23 қазан 2004 жыл.
  2. Қ. Атшыбаев. «Қарабаудың шығу тарихы»Қызылқоға газеті.

жұмысшыларын тағайындағын. Энгельс атындағы кеңшардың экономикалық өрлеу кезеңі 1970 жылдан басталады. Сол жылдарда аудан, облыс, республика көлеміндегі алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың сапынан көрінеді. Кеңшар алғаш 1961 жылы 4 фирма негізінде құрылды, оның 3-уі таза қой шаруашылығымен айналысты да, біреуіне ірі-қара шоғырландырылды. Энгельс атындағы кеңшарда «Жалын», «Жауқазын», «Жайдарман», «Қазақстанның 60 жылдығы» атындағы комсомол-жастар бригадалары жұмыс жасады.

Энгельс атындағы кеңшар 10-11 бесжылдықтар кезінде Республикалық, Бүкілодақтық Социалистік жарыстың жеңімпаздары деп танылып, ауыспалы Қызыл Туларды жеңіп алды. 11 бесжылдықтың қорытындысымен СОКП ОК, ВЦСПС, БЛКЖО-ның ескерткіш белгісімен марапатталды.

Қарабау селосында 1959-1967 жылдар аралығында СПТУ-143 училищесі жұмыс жасаған, оның директоры Қожақов Келіс болған. Училище малшы-механизаторлар мен құрылысшылар дайындаған.

«Әркімнің туған жері-Мысыр шаһары»-демекші шыр етіп жерге түскен киелі құндағымыз-Қызылқоға өңірі осында дүниеге келген әрбір адамға қымбат. Өйткені осы киелі мекенде ғұмыр кешкен ата-бабаларымыздың өткен жолы, тындырған ісі, бастан кешкен бақыты мен соры, көрген азабы мен рахаты жатыр.

Қазақ халқының атам заманнан орнығып, өмір сүріп жатқан жерінің аумағы қандай көлемді де кең екені баршаға белгілі. Осы атамекеніміздегі өзен, көл, жер бедеріне меншіктелген атаулардың да көптеп саналатыны мәлім.

Жеке тұлғаларға жергілікті жер-су аттарының тарихын насихаттау кезінде не алдымен жас ерекшелігін ескеру арқылы қосымша деректер қолдану қажет. Бұл жеке тұлғалардың өлке тарихын білсем деген қызығушылығын туғызады. Енді осы жерде 5-сыныпқа өткізген «Топонимика деген не?» тақырыбындағы сабағыма тоқталсам.

«Топонимика» деген не?

Сабақтың мақсаты.

Білімділігі:

а) Оқушыларға әр адамның туған жерге, елге, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігі «ұлттық сезім» деп аталатынын, осы ұлттық сезім арқылы жер-су аттарының аталу тарихының мағынасын түсіндіру.

ә) Ұлан-ғайыр созылған Қазақ елінің тарихи-географиялық картасындағы өзен, көл, тау, қырат секілді жер бедеріне берілген атаулардың тарихына үңіле отырып, оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

б) Адамның, елдің, жердің аттары мен атаулары жай әншейін қойылмайтындығын әрбір аттың, атаудың өзіндік мағынасы болатындығын, қазақхалқында «фамилия» болмағанын, басқа аттас адамдардан ажырату үшін шыққан тегін, руын, тайпасын, туған жерінің, қаласының аттарын қосып атағанын айтып түсіндіру.

в) Әр оқушыға өзінің өлкесіндегі жер-су аттарының аталу тарихын түсіндіре отырып, қазіргі таңда өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлеміне, адам өміріне кері әсерін тигізіп отырған, полигонның зияндылығын туған жер табиғатын аялауға, өзіндік үлестерін қосуға оқыта отырып тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқылатын өлкетану деректерінің заңдылығын нақты мысалдармен ашу арқылы оқушының білімге құштарлығын оятып, оның шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол салу.

Тәрбиелілігі: Тарих сабақтарында оқушылардың өлкетануға қатысты шынайы фактілерді пайдалану арқылы туған өлкесіне деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын әдістер: «Жұлдызды сәт ойыны», «Суретпен жұмыс», «Топтастыру стратегиясы», «Ойтолғау», «Тарихи басқатырғыш», «Сәйкестендіру», «Толықтыру» тестілері «Тарихи ұғымдар», жұппен жұмыс «Бетпе-бет» оқушы шығармашылығы.

Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының саяси-әкімшілік картасы тірек-схемалар, «Қазақстан-2030» бағдарламасы, «Қызылқоға» газеті, Қаракөл ауылының карта-сызба нұсқасы, Қызыл үйдің макеті.

Пәнаралық байланыс: халықтық педагогика, өлке тарихы, әдебиет, музыка, биология.

Сабақтың барысы: үй тапсырмасын сұрау. Оқушылардың дайындығын білу, әрі қызықтыру үшін «Жұлдызды сәт» ойыны өткізілді.

«Жұлдызды сәт» ойыны арқылы тест жұмыстары орындалды

Қызығушылықты ояту.

  1. «Жер-судың аты - тарихтың хаты» деген ұғымды қалай түсінесің?
  2. Сені өлкеңнің тарихы қызықтыра ма?
  3. Туған жер, Отан тақырыбында қандай мақал-мәтелдер білесің?
  4. Кез-келген жер-су атауына қарап ата-бабамыздың қанына сіңген қандай қасиетін аңғаруға болады?

Осыдан кейін оқушылар өздері туып-өскен Қаракөл өңіріндегі жер-су атауларын еске түсіріп, дәптерге жазады. Оқушы дәптерін тексерген кездегі сәтке көңіл бөлсек:

Топтастыру стратегиясы:

Тіленші Байшуақ Қаракөл

Телжан Бегей

Мектепкөл Қойсары

Тоқмырза Ахмет ағашы Қайып Кемпіркеткен

Сынып оқушыларының жауаптарымен танысып болғаннан кейін жаңа сабақтың жоспарымен таныстырып тақтаға жаздым.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. «Атаулар қалай пайда болды?»
  2. «Топонимика» деген не?
  3. «Туған жерімнің тарихы»
  4. Тайсойған полигоны туралы не білесіз?

Кісі есіміне Мекендейтін халықтар мен

қалаларға байланысты

Табиғат Жер бедеріне

байлықтарына (өзен, көл,

қырат)

Тарихи белгілі бір Жануарлар, құстар,

оқиғаға байланысты жәндіктердің

мекендеуіне

байланысты

Ұйымдастыру: Ономастика салалары.

  1. Этнонимика -ру, тайпа, халық атауын зерттеу.
  2. Антропонимика -кісі есімі.
  3. Космонимика -аспан әлеміндегі ғаламшарды зерттеу

4. Фитонимика - өсімдік атауын зерттеу.

5. Зоонимия - хайуанаттар атауын зерттеу.

«Жүректен жүрекке»

Өзін-өзін тану бағдарламасына сай оқушыларға үнтаспадан «Елім-ай» өлеңін тыңдатып сұрақтар қоямын.

-Оқушылар сіздер тыңдаған әуен қалай аталады? («Елім-ай») .

-Осы зарлы әуенді тыңдай отырып халқымыздың қандай жағдайды басынан кешіргенін көреміз?


Ұқсас жұмыстар
Қазақ елі көкке жетті көк туың, Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі
Жаса, ҚАЗАҚСТАН Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраның тексті туралы заң
Қаракеткен бекеті
Сәтбаев қаласы - менің қалам
Ашық тәрбие сағаты
Менің отаным - Қазақстан. Жас ұрпақты Отанын сүюге тәрбиелеу
Атамекен-алтын бесік Атамекеннің адамның өсіп-дамуындағы,өміріндегі алатын орны туралы
Мен, Қазақстанның патриотымын! тәрбие сағаты. 2-сынып
Қазақстан астанасы - АСТАНА қаласы
Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz