Глобус және географиялық координаталар: экватор, параллельдер, меридиандар және градус торы

Сабақтың тақырыбы: Глобус. Географиялық координата.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - «Экватор», «параллель», «меридиан», «градус торы» ұғымдарын

қалыптастыру.

Дамытушылық «Географиялық координаталар», «географиялық ендік»,

«географиялық бойлық» ұғымдарын қалыптастыра бастау.

Ғаламшардың жартышарлары мен полюстері туралы аяқталған

түсінік қалыптастыру. Градус торы бойынша көкжиек тұстарын

анықтау икемділігін қалыптастыру

Тәрбиелік оқушыларды жауапкершілікке, достық қарым-қатынасқа,

білімпаздыққа тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: глобус, жер шарының жарты шарлар картасы, слайд суреттері, үлестірме қағаздар

Дидактикалық материалдар: Электрондық оқулық

Пәнаралық байланыс: математика

Сабақтың түрі: Аралас

Күтетін нәтиже: «параллель», «экватор», «меридиан», «градус торы» ұғымдарының анықтамасын; экваторды, параллельдерді, 0° және 180° меридиандарды, географиялық полюстерді атап, көрсетуді; көкжиек тұстарын анықтауды, градус торының мақсатын білуі/түсінуі тиіс

Негізгі терминдері мен ұғымдары: параллель, меридиан, бастапқы (Гринвич) меридианы, градус торы, географиялық координаталар: географиялық ендік, географиялық бойлық, жердің жарты шарлары

Сабақ беру әдісі: Ауызша баяндау

Ұйымдастыру кезеңі (Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу)

Үй тапсырмасы: 4 түрлі ойындар

  1. Көкжиек тұстарын ата
  2. Жұмбақ. Теңізде де, түзде де ондай басшы табылмас. Бағытынан жаңылмас.
  3. Туристер А нүктесінен лагерьге дейін 180° азимут бойынша 5км жүріп, 45° азимут бойынша 1, 5км және 135° азимут бойынша 3км жүріп өту керек. Олардың жүрген жолын сызба түрінде салыңдар? Масштабы: 1см : 1000 м
  4. Планның суреттен айырмашылығы неде?

Жаңа сабақ:

  1. Географиялық координаталар(лат. ко- бірге, ординатус- реттелген), жер шарының бетіндегі кез келген нүктенің орнын белгілейтін координаталар
  2. Географиялық ендік - нүктенің экватордан градус есебімен алынған қашықтығы
  3. Географиялық бойлық - Жер бетіндегі нүктенің бастапқы меридианнан градус есебімен алынған қашықтығы

Бекіту кезеңі:

  1. Глобус деген не?
  2. Глобустың градус торы қалай түзіледі?
  3. Қай меридиан бастапқы меридиан деп аталады?
  4. «Экватор» деген сөз нені білдіреді?

Үйге тапсырма:

  • §11 оқып келу
  • 10 қаланың геогрфиялық координатасын табу

Ұқсас жұмыстар
6-сынып география пәні: Глобус - Жер шарының моделі, параллельдер, меридиандар және градус торы
Глобус және географиялық координаттар: ендік, бойлық және глобустан қашықтықты есептеу - 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары
6-сынып географиясы бойынша орта мерзімді жоспар: меридиандар мен параллельдер, карталарды мазмұны мен масштабы бойынша жіктеу, ұсақ масштабты карталар және карта мен планды салыстыру
Бастауыш сыныпқа арналған Жер шар тәрізді дене - Глобус: Жердің дәл үлгісі сабағының үлгісі және оқушы дәптері (Үшөлшемді әдістемелік жүйе, Ж.А. Қараев)
Торы құлын: анықтама, шаруашылықтағы маңызы және жас ерекшеліктері
Географиялық карталар мен олардың жіктелуі (6-сынып, физикалық география)
Сәуле мен бұрыш: транспортир арқылы бұрыштарды өлшеу және градус ұғымын енгізу
Африка материгінің географиялық орны және мұхиттар мен теңіздердің табиғатқа әсері
6-сынып математика - Координаталық жазықтық және тікбұрышты координаталар жүйесі (ашық сабақ жоспары)
Жазықтықтағы векторлар: координаталар, амалдар және скаляр көбейтінді
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz