Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Патша сөзі
Дайындаған: информатика пәнінің мұғалімі – Сарманбетова А.К.
Сынып: - 7а
Информатика патшалығында
Мақсаты: Оқушыларды компьютерді пайдалана отырып шығармашылығын, ойлау
қабілетін жетілдіру.
Оқушыларды пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Оқушылардың логикалық сауаттылығын және компьютерлік іскерлігін дамыту.
І.Кешті өткізуге
дайындық
А/ Кешке қатысатын оқушыларға компьютер құрылғылары бөлініп беріліп, сол
бойынша киім даярлап, өзі жайлы түсінік беруге тапсырылды.Және өзін
таныстыратын өлеңдер жаттауға таратылды.
Б/ Кеш өтетін орын безендірілді.
В/ Топқа бөліп сайысқа дайындау.
Г/ Сазды үзіліске арнап өнер көрсету.
ІІ.Кештің жүргізілу барысы:
1- жүргізуші
Қайырлы күн құрметті көрермен !
Сөз бастайын термелетіп өлеңмен.
Тәрбиелі, білімді бол әрқашан.
Өс, өркенде қанат жайып кемелден.
2- жүргізуші
Табиғаттың сырын ұққан кемеңгер.
Бұл өмірден өтті дана шеберлер.
Ғылым демей кім деп оны айтарсың.
Даналықтан мұра қалған өнерден.
1- жүргізуші
Ой санамда болса да балалығым,
Ғылым сырын білемін даналығын.
Информатика заңдылығын меңгертіп,
Зерделімін, білімді, саналымын.
2- жүргізуші
Информатика патшалығы өмір сүрген
Заңдары ашылыпты дана тілмен
Патшалыққа саяхат жасай жүріп,
Әр адам компьютердің сырын білген.
1- жүргізуші
Сөз кезегін беремін «патша» сізге
Бар екен сый- құрмет бізден сізге
Ұғынып біз көрелік, сіз арқылы.
«Компьютер» құдіретті осы неге?!
Патша сөзі :
Уа, жұртым тыңдаңдар, кештен қалып қалмаңдар.
Патшалықтың әр саласы, мына ортада тұрғандар!
Табиғаттан нәр алған, Адам болып жаралған,
Мына маған бағынып, білімді боп саналған
Патшалығым қараштап, жетер жері алыста
Мына маған бағынып, ұшты адамзат ғарышқа!
Хабар алып алыстан, жеткен талай табысқа
Мына маған бағынып, компьютер мен адам табысқан.
Қараштап ғылым дамиды, данаға сана дариды.
Компьютер мен қамтимын, толтырып әрі әр үйді!
Құдіретті күштімін, патшамын мен саналы.
Бөлімдерім сан – сала, әкелген бес баламды!
/Монитор, жүйелік блок, тышқан, пернетақта, модем/ Әрқайсысы өзін
таныстырып, атқаратын қызметін атайды.
- Монитор.- компьтердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы
пішімім кәдімгі теледидардан аумайды. Монитор түрлі-түсті немесе
монохромды /ақ,қара / болады.
Затты көрсетіп ортаңызға оралдым
Сүйікті ұлы патшаның мен боламын
Жәй көзге теледидардай көрініп
Қызметті атқаруға мен дайынмын.
- жүйелік блок. Жүйелік блокқа дербес компьютердің негізгі
құрылғылары жинақталған, Өңдеуді, электр тогының қосылуын, қосымша
құрылғыларды қосуды қамтамасыз етемін. Алдыңғы жағымдағы: компьютерді қосу,
өшіру батырмасы, дискіжетек, /компакт- диск/ оқитын CD-ROM орналасқан.
Жүйелік блок деп аталатын бір баласы.
Зертеген информатика ер данасы
Бар жұмыс мен арқылы басталады
Оқы үйрен заңдарды қойып зейін.
1- жүргізуші
Келді кезек «Тышеке» бір өзіңе
Құлақ қойып тыңдайық әр сөзіңе.
- Тышқан: Компьютердің жұмысын жылдамдататын көмекші құрал.
Тышқанның екі батырмасы болады. Оң және сол. Сол жақ батырмасы негізгі
батырма. Оң жақ батырмасы қосымша батырма. Ортасында шаригі болады.
Сырғытпалары бар тышқандар да бар.
Қозғалыс тездігін мен сақтаймын.
Өзімді мен әлсізге ұқсатпаймын.
Желаяқ желдей ессе зымырайды,
Шындасам жұмысты мен басқарамын.
2- жүргізуші
Өмірге жол бастайын болып өзек,
Пернетақта саған, міне келді кезек.
- Компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Бетінде әр түрлі батырмалар
орналасқан.
Батырмалар негізгі 4 топқа бөлінеді.
- Функциялық пернелерF1-F12
- Алфавиттік /орыс, ағылшын, қазақ/
- Цифрлық /0-9/
- әр түрлі қызымет атқаратын символдық пернелер
Патшаның баласы едім өзім епті,
Қозғауға барлық затты күшім жетті
Мен арқылы жазылып барлық сөздер,
Атандым әрі күшті, әрі текті.
1- жүргізуші
Патшаның модем атты баласына
Сөз кезегі келіпті данасына.
Модемы
Патшаның мен ұлы едім Модем атым
Әлеммен салыстырған салтанатым
Білсең егер Модем деген мен боламын,
Байланыстырған әлеммен шыққан даңқым.
Модем- бүкіл әлеммен тілдестіретін ең мықты, байланыс құрал.
2- жүргізуші
Қымбатты білімді жас өрен! Сіздер «информатика» атты патшалыққа саяхат
жасағандай әсерде болып Информатика патшасымен және оның сан-саласы
ретінде танысқан бес баласымен жүздестіңдер. Ендігі кезекте Информатика
патшасынан кім көбірек енші алды деген ниетпен топ болып сайыс
ұйымдастыралық.
1 топ –Жас қанат, 2 топ – Жас талап деп аталып, әр топқа 5-5 тен патша
балалары қатысады.
1. Кім көп біледі. Әр топқа компьтерге байланысты өз ойларынша «Компьютер
-2030» деген тақырыпқа салынған суретті қорғайды.
2. «Құпиялы сандықшадағы » сұрақтарға жауап беру. Топ мүшелері жауап
береді.
Егер де мен болсам.......
1- жүргізуші
Егер болсаң мамандықтың иесі.
Не істер едің бұл өмірде жүйелі.
Асыл тастан өнер жастан шығар деп
Бабам айтқан баба сөзі киелі.
Сұрақ. Тышқанның шаригі кірленіп жүрмей қалса не істер едің?
Ол үшін 8 зат берілген:
1. Табақтағы су.
2. сабын
3. орамал
4. парақ
5. спирт
6. мақта
7. отвертка
8. қайшы
Топ басшылары шығып заттарды көріп сұраққа жауап беруге тырысады. Қағаз,
қалам алып өз ойларын жазады.
1 минут уақыт.
Жауабы: алдымен тышқан шаригін алып, оны табақтағы сабын суға жауып,
орамалға сүртіп парақ бетіне әбден кепкенше қоямыз, ал тышқан ішін спиртке
малынған мақтамен сүртеміз.
2- жүргізуші
Келесі сайыс түрлі-айтыс
Мұнда сөз тіркесі ілінеді. Оны қызыл алған оқушы мақтайды, келесі көк алған
ойыншы даттайды. Тақта: «КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫН» сөзі ілінеді. Компьютерде бір
оқушы ойын ойнап отырады.
Білімдіден шығар алғыр, шешен
Шешендікпен болған ғой барлық көсем
Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы
Қалмасын бұл жарыста сенің есең.
Компьютердің зияны мен пайдасы.
1 топ. Компьютерлік ойын баланың ақыл ойын дамытады.
2 топ. Компьютерлік ойын баланы қызбалыққа , жүйелі ойламауға
итермелейді.
1 топ. Баланың ойлау қабілетін күшейтеді.
2 топ. Компьютерге ұзақ отыруға әдеттендіреді, ультракүлгін сәулелерді көп
тұтады.
1 топ. Компьютермен қорықпай жұмыс істеуге үйретеді.
2 топ. Көз көру қабілеті нашарлайды.
1 топ. Шапшаңдыққа, байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.
2 топ. Жаттанды жұмысқа, яғни белгілі бір пернелерді басуға үйретеді.
1топ. Білімді құштарлыған оятады.
2топ. Робот тәрізді жұмыстарға баулиды
1топ. Жасына сай әрекет жасауға бейімдейді.
2топ. Электор энергиясын үнемдеуге ұмтылдырады.
1- жүргізуші
Компьютердің зияны мен пайдасы туралы естіп білсек келесі кезекті сазды
үзіліске берелік. Әр топтың өнерлі балаларының өнеріне тәнті болайық.
Ойын ойнап, ән салмай
Өсер бала бола ма,
Ойын-сауық жасамай
Жастар көңіл толама
Әр топтан бір номер би.
2- жүргізуші: Көрермендерден берілетін сұрақтар. Әр топқа үш-үштен
сұрақ. Топ мүшелері жауап береді. Ойлануға 1 минут.
1- жүргізуші:
Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Қатардан арта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен-текке жоймайық.
Келесі кезекте мақал-мәтел сайысы.
Арасында саны бар мақалдар айту.
Топ мүшелерінен суырылып 2 оқушы шығады.
• Бір тал кессең-он тал ек.
• Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын
• Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар
• Жеті жұрттың тілін біл
Жеті түрлі білім біл
• Айдағаным бес ешкі
Ысқырығым жер жарар
• Елдің көзі елу
• Төртеу түгел болса төбедегі кетер
Алтау ала болса ауыздағы кетер
Екі топтың бір-біріне дайындаған сөзжұмбақтарын шешсек.
2-жүргізуші:
Айыра біл, жақсы менен жаманды
Айыра біл, қарндашпен қаламды
Айыра біл, соқпағында өмірдің
Айыра біл тапсырмаңды алдағы
1-жүргізуші:
Информатика қызықты талайға
Саяхат жасалды сарайға
Құпиялы сандықша ашылды
Білімнің шуағы шашылды
Музыкалық сәлем!
Музыкалық өленмен кешті аяқтау!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz