Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Табиғат өлі табиғат тірі табиғат

Қарағанды облысы
Сәтбаев қаласы
«№5 орта мектебі» КММ-нің
Бастауыш сынып мұғалімі
Садуақасова Әсел Сапарбекқызының
2 – сыныпқа арнаған қосымша материалдар жинағын ұсынамын
Сіздердің көңілдерінізден шығады дегеен ойдамын!

«№5 орта мектебі» КММ

Білім керек бәріне

Құрастырған:
Садуақасова Ә.С.

Сәтбаев қаласы
Алғы сөз.

Баланың тілі неғұрлым бай болса, оның ойы да соғұрлым кең болады.
Сондықтан оның тілін байытып, ойын кеңейте түсу үшін, әдеби шығармалардың
үзінділерін тоқытып, таныстырудың маңызы зор. Мазмұны терең, тілі көркем,
оқуға жеңіл, тез жатталатын шығармадан үзінділер оқып үйрену, үйренгендерің
өз сөздерінде қолдана білу , оқушылардың сөздік қорын молайтады. Оларды
жүйелі ойлауға, ойын дұрыс түсіндіруге жаттықтырады.
Оқушы өз ойын түсінікті, ұғымды, бейнелі, ұқыпты сөздермен айта
білуге, мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап үйретіледі. Осы мақсатты
көздеп екінші сынып оқушыларына ана тілінен қосымша құрал ретінде
дидактикалық материалдар жинағын құрастырдым. Бұл жинаққа бастауыш сыныптың
тілін дамыту текстері – қысқа әңгіме, ертегі, өтірік өлең, жұмбақ, мақал-
мәтел, ойын, өлең және жаңылтпаштар енген.
Оқушылардың тіл байлығын молайту үшін, пайдаланатын дидактикалық
материалдардың маңызы зор деп ойлаймын. Дидактикалық материалдардың мақсаты
– көркем мәтіннің мазмұнына көркемдік табиғатына байланысты тапсырмалар мен
ойлауға жетелейтін сұрақтар бере отырып, оқушыны ойлана білуге
машықтандырып, оның логикасын дамыту, пәнді оқып үйрену барысында алған
білімдерін кенейте түсу арқылы ана тілімізге деген ынта-ықыласын арттыру.
Бұл дидактикалық материалдар 2 сынып оқушыларының жас ерекшелігіне
сай жасалынған. Әр мектеп мұғалімдері ана тілі пәні бойынша қосымша
дидактикалық материалдар ретінде тиімді пайдалануға болады. Бұл жинақ
оқушыларды байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік
туғызады деген сенімдемін.

Білім керек бәріне.

1. Мәнерлеп оқып, мазмұнын өз ойыңды қоса отырып әңгімеле.
Балалар, бұл-жол басы даналыққа,
Келіңдер түсіп,байқап, қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па
Даналық- өшпес жарық, кетпес байлық
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та.

2. Берілген сызбаға сүйеніп, Ахмет Байтұрсынов туралы әңгімеле.

Ахмет Байтұрсынұлы

Қостанай тұңғыш Ғалым

облысында «Әліппе» ақын
туған оқулығын
жазған

3. Мақалдың мағынасын түсіндіріп, жетпеген жолын толықтыр.

Оқу- білім бұлағы,
Білім –өмір шырағы.

Ақыл –тозбайтын тон,
____________________

4. Оқымысты бала.

Бір бала қалада оқып , жазғытұры ауылына келді. Әкесі:
«Балам, енді шөп шабатын мезгіл жақындады, қолыңа тырнауыш
ал, мен шапқан шөпті жинап , жәрдеміңді тигіз»,-деді .
Баланың жұмыс қылғысы келмей: «Мен әр түрлі ғалымдар оқып
қайттым, қара қазақтың сөздерін ұмыттым тырнауыш деген не
нәрсе ?» -деді. Осы сөзді айтқаны –ақ сол еді тысқа шықса
жатқан тырнауыштың басын байқамай аяғымен басып қалып еді,
сабы тақ етіп маңдайына тиеді . Сонда ғана тырнауыштың не
нәрсе екенің есіне түсіп , маңдайын сипалап тұрып:
«Тырнауышты аяқ астына тастаған қандай ақымақ екен», - деп
ашуланды.
М .
Дулатов

– Бұл әңгіме кім туралы ?Қандай кісіні оқымысты дейді ?
– Ал сенің ойың қандай ?
–Бұл әңгімеге мына суреттен басқа қандай суреттер салуға болады екен?

5. «Күн шұғыласы» ойыны. Оқу, білім деген сөздер көз алдыңа нені
елестетеді? Сызбаны толтыр.

оқулықты

Атадан қалған асыл мұра .

1. Ертегіні түсініп оқы.

Түлкі мен ешкі

Бір түлкі жүгіріп келе жатып абайсызда бір терең апанға түсіп
кетіпті. Шығайын десе шыға алмай тұрғанда , ешкі су іздеп жүріп, әлгі
апанға келіп , түлкіні көріп:
- Әй, түлкі батыр, не ғылып тұрсың?- депті:
-Түлкі: Ой, неғыласың, батыр, жаныма райыс тауып тұрмын: қырда әрі
сусап, әрі ыстықтап өліп едім, апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-
тынық суы бар екен, - деді .
Мұны естіп ешкі мен де салқын су ішейін деп, секіріп апанға
түскенде, түлкіекең секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне шығып,
мүйізінен секіріп қырға шығып, жөніне кетіпті .

«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болады» деген осыдан қалыпты.

1. Ертегідегі анықтамалардың мағынасы қандай ?

Абайсыз - ....... , сусын -...... , тұнық -..... , райыс табу -...... , қыр-
..., сусап-.... ( жазық жер , шөлдеп , нәр , рахат табу , байқаусыз , таза
).

2. Ертегілерде түлкіні әрқашан «қу» деп анықтайды. Оны осы ертегінің
негізінде дәлелдеп көр .

3. Мына жұмбақтардың шешімдері не ?

Қуы екен аңдардың,
Бір сәтте алдандым.

Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан,
Үп-үлкен боп жасқанар,
Кіп- кішкентай арадан.
4. Неге аюды бала сияқты деп атайды?

5. Аюға мінездеме беріп көр. Ол немен қоректенеді? Оның балға деген
көңілі қандай? Бал арасы туралы төмендегі санамақты шешіп көр:

Санамақ
Алшаға кеп күнара ,
Қонушы еді бір ара .
Бүгін тоғыз туысын ,
Ертіп келді бұл ара .
Сонда бүгін алшаға
Келіп қонды қанша ара?
2. «Қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймайық!»

Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.

Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса-дағы сақалы,
Секеңдеуді қоймайды

Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең қанат, сүті дәрі,
Еті тамақ.

Өзі күшті,
Мүйізі мықты,
Қызылды көрсе,
Құтыра шықты

3. Төрт түліктің пірлері
Халқымызда әр малдың иесі, атап айтқанда, пірі болады деген ұғым
бар. Олар:
Түйенің пірі –Ойсыл қара.
Жылқының пірі –Қамбар ата.
Сиырдың пірі –Зеңгі баба.
Қойдың пірі –Шопан ата .
Ешкінің пірі –Сексек ата .
Ата-бабаларымыз осы пірлерге сиынып, малының көп болып өсіп-өнуін
тілеген.
Төрт түліктің пірлерін жаттап алыңдар.
1. Төрт түлікке нелер жатады?
2. Олардың төлдері қалай аталады?
3. Төрт түлік турала мақал-мәтелдеріңді есіңе түсір.
4. «Менің қошақаным» тақырыбына әңгіме жаз.
Ойлан, тап !
Суреттерде көрсетілген үй жануардлардың төлдерін дұрыс тауып, орын-
орнына қой.

1. Аңыздарды дұрыс, түсініп оқы.
Аттан құлағанда.
Бір күні Қожанасырдың аттан жығылып жатқанын көріп, көшедегі
балалар сықылықтап күледі. Сонда Қожанасыр үсті-басын қағып жатып :
- Несіне күлесіңдер? Мен өзім де түсейіндеп жатыр едім ,- депті .

- Қожанасыр неден жығылды ?
- Балалар не істеді ?
- Қожанасыр не деді ?
2. Берілген мақалдардың баламасын (мағыналас сөзін) тап:
Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты .
а ) Көрмес -түйені де көрмес
ә) Кімнің тарысы піссе-соның тауығы.
(жағымпаз, аңғармаушылық, сенгіштік)
3. Қиял – ғажайып ертегілердің біреуін есіңе түсір.
4. Шыншыл ертегі құрастырып көр.
5. Өтірік өлеңдерді оқыған кезде көз алдыңа қандай суреттер елестеді. Бұл
шығармаларды қиял өлеңдер деуге бола ма?

Өтірік өлеңдер
Айға кеттім зымырап
Ақ тауыққа мініп ап,
Айға жеттім зымырап.
Құйынынан тауықтың
Кетті бұлттар ыдырап.

Сүтін сауып торғайдың,
Жетім тайды өсірдім.
Аққу жегіп арбаға,
Бүкіл елді көшірдім.

Мылтық алып құмырсқа,
Тау мен тасты кезіпті.
Оны көрген жұмыртқа
Қатты қорқып безіпті.
6. Өлеңді дауыстап оқы.
Не қымбат?
(Қазыбек бидің сөзі )
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт – берекең – атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат
Мейірімді апаң қымбат,
Кіндік кескен жерің қымбат
Ұят пенен ар қымбат.
• Нелкітен бұл өлеңді шешендік сөзге жатқызамыз ?
• Осы аталған шешендік сөздерге ұқсас мақал-мәтелдер жинастыр .
• Өлеңді өзіңше жалғастырып көр .

7. Шешендік сөздерді жаттап ал .
Өзіңе өзің кәміл бол ,
Халқыңа әділ бол
Төле би
Өркеңін өссін десең ,
Кекшіл болма –
Кесапаты тиер еліңе
Қазыбек би
Ашу деген- ағын су
Алдын ашсаң арқырар ,
Ақыл деген-дария
Алдын тоссаң , тоқырар .
Әйтеке би

8. Бәйге сұрақтары:
«Жаңбыр жаумаса – жер жетім» - деп басталатын шешендік сөзді айтқан кім ?
«Алтын ұяң – Отан қымбат» деп басталатын шешендік сөзді айтқан кім?
«Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін» деп бата берген кім ?
Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем.

Неткен сұлй, неткен көркем, осы менің туған өлкем!
1. Сөзді орнына қойып оқы.
Туған елдей ел болмас,
Туған ......... жер болмас.

Отансыз адам –
Ормансыз ..........

2. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндір .
Отан
Отан – жерім, Отан суым
Отан қуат, нәр береді,
Отан – ұран , Отан – туым,
Отан мәңгі гүлденеді.

Рәміз
Рәміздерім – елдігімнің белгісі,
Білу керек бала –дағы ең кіші.
Рәміздерім –Әнұран , Ту, Елтаңба
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Астана
Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде
Ту ұстаған Астанам
Әсем қалам, бас қалам.

Ардақта тіліңді
Ардақты тіліңді,
Ал одан білімді
Өз тілің үйретер
Өнерді , ғылымды
Тіліңсіз білім жоқ.
Білімсіз күнің жоқ.

3. Сөзжұмбақты шеш.

|1 | |О | |
|2 |Т | |
|3 |А | | |
|4 |Н | | |

1. Төрт түліктің бірі
2. Мемлекеттік рәміздердің бірі
3. Ең жақын адам
4. Қасиетті тағам

4. «Отан деген не?» дейтін сұраққа жауап беріп көр .

Әнұран Ана

Мектеп

5. Тілге байланысты мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқып, мағынасын айқында.
Тіл –қылыштан өткір.
Тіл – тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.

Қыста талай қызық бар.
1. Суретке қарап , шағын әңгіме құрап жаз.

2. Өлеңді жаттап ал.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды
Соқыр – мылқау танымас тірі жанды
Үсті басы ақ қырау түсі суық
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аязбен қар
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды
Абай.

Ұшпа – шашыраңқы бұлт деген мағынада

3.Сызба арқылы қорытынды жаса.

ақын

дана философ

күйші композитор

4. Абайдың бір өлеңін жатқа жаз.
5. Абайдың нақыл сөздерін тауып дәптеріңе жаз.
6. Төмендегі қар атауларын пайдалана отырып, табиғат құбылысын ауызша
сипатта және қар тақырыбына мәтін құрастыр .
Ақша қар – жерге жауған таза қар .
Қар – қыста жауатын ақ түсті тоңазыған атмосфералық тосап.
Күртік қар – беті қатқан, үстімен жүргенде ғана ойылатын қар.
Жапалақ – ірі түйіршікті, жапалақтап жауған қар.
Үйме қар – жел сырғытып, бір жер тау–төбе болып, үйілген қар.
Омбы қар – ат бауырлайтын қар .

Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым.

1. Мақал –мәтелдерді мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндір .
Ата көрген -оқ жона,
Шеше көрген тон пішер.

Әке –асқар тау,
Ана –бауырындаға бұлақ
Бала – жағасындағы құрақ.

Ата – бәйтерек,
Бала – жапырақ.

2. Ана туралы жаттаған тақпақтарың бар ма?
3. Төмендегі сөздерді пайдаланып, өз анаңа сезімдеріңді білдіріп жүр:
қамқор, ана, сүйікті анам, ең жақсы, мейірімді, өнерлі де, өнегелі де,
анашым, ақ мамам.
4. Жаңылтпашты оқып, тез айт.
Ас аспай
Бас аспазшы,
Ас асты
Жас аспазшы.

Адам болам десеңіз.
1. Абай атамыз атаған бес асыл іс пен бес дұшпанды сызбаға түсір.

|Адам болам десеңіз |

|Бес асыл іс | |Бес дұшпан |

| | | |

| | | |

| | | |

| | | |

2. Өз ойыңды қандай жақсы, қандай жаман мінез-құлық белгілері бар деп
ойлайсың?

|Менің басымда мынадай мінез қылықтар бар. |
|жағымды |жағымсыз |
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |

3. Жақсы және жаман қасиеттерге байланысты қандай мақал –мәтелдер айтар
едің ?
4. Мәтінді оқып көшіріп жаз .
Оқуға бар ынта-жігеріңді сал –сенің бойыңа сол жарасады?
Жатыпішер, арамтамақ болма! Ой жалқаулығын жек көр.
Ойсыз, кітап оқусыз, ақыл-ой еңбегінсіз өткен күн – босқа өткен күн .
Білімнің қайнар көзі сенің рухани байлығыңның қайнар көзі –кітап. Өз
кітапханаңды жасақтап ал. Кітапты бір оқып қоймай, оны қайталап та оқып
көр.
Өзіңе тапсырылғаннан да көбірек істеуге тырыс. Өз алдыңа міндет пен
тапсырма, талап қоя біл.

В. Сухомлинский

✓ Өзіңнің ең соңғы оқыған кітаптарың туралы айтып бер.

5. Кітап туралы өз ойыңды айт.
6. Мақалдың мағынасын түсіндір, жетпеген жолын толықтыр.
Жаманның берген асынан
Жақсының айтқан сөзі артық.

Жақсы мен жолдас болсаң –
Жетерсің мұратқа,
Жаманмен жолдас болсаң,
----------------------------------

Бабалар өмірі ұрпаққа өнеге

1. «Ел намысы – ер намысы» тақырыбында әңгіме құрастыр.
2. Оқыған әңгімелерің бойынша бейнесін салып көр.
3. Батырлық – ерлік туралы мақал – мәтелдеріңді есіңе түсір.
4. «Балық» ойыны. Нақыл сөздегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қой.
Ол сөздерді бақыл денесіне жаз. Сонда балықты құтқарғаның және жеңіс
сенікі болады.
• . . . есімі – ел есінде.
• Еліңді сүйсең - . . . істейсің.
• Батыл болмай, . . . болмайсың.
• . . . адам өлімді жеңеді.
• Тәуекелге бел буған адамды . . . білмейді.
• . . . қол бастамайды.

5. Өлеңді түсініп оқыңдар.

Қазақ батырлары
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай, . . .
Шапырашты Наурызбай . . .
Өңкей батыр жиылып,
Абылай салды жарлықты.

Бұқар жырау.
6. Қазақ батырларының аттарын жазып алыңдар.

Туған өлке табиғатын қастерлейік.

1. Табиғатқа байланысты сызбаны жалғастыр.

Табиғат

өлі табиғат тірі табиғат

2. Жұмбақ шешейік

Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады.

Бояуларым қашып кетті
Қөк қағазды басып кетті.
Қатарларың тізіп алды,
Арттарында ізі қалды.

3. Мәтінді оқып, мәтін ішіндегі мақалды ойлап тап.

Біз табиғат перзентіміз.

Тамылжыған табиғат аясы бізге туған ана құшағындай ыстық. Маужыраған маң
дала, тас бұлағы сылдыраған тау қойнауы. Көк шымылдықтай тұтасқан қара
орман. Самалмен сырласа судыраған жас құрақ – бәрі де бізді іңкәрландыра
тартады, еліктіреді.
М .Әлімбаев .

4. Сурет бойынша әңгіме құра.

5. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңдар.

Табиғат – анамыз.
Табиғат ол – анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.
Жазда аралап тауын да ,
Барамыз біз бауына .
Өзеніне шомыоып ,
Жүгіреміз жауында .

Қыста мәз боп қаламыз,
Сырғанауға барамыз.
Шымырлаған аязда,
Зымырайды шанамыз.
Н. Жанаев.

6. Өлеңнің мазмұнына сәйкес сурет сал.

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар.

1.Сұлу, сүйкімді, көрікті, әдем, тамаша сөздерін пайдаланып әңгіме құрастыр
.
2. Өздеріңе ұнайтын заттарды суреттеп жазыңдар.
3.Өзіміз тұрған жерде қандай құстар бар? Олардың өздерін байқаған ерекше
қасиеттері қандай?
4. адамның қандай туыстық атауларын білесіңдер? Оларға арналған өлең,
әндерді атап айт.
5. Достық, жолдастық туралы өз ойларыңды әңгімелеп көр. Достарың туралы
мінездеме жазыңдар.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. «Мен оқимын, ойлаймын, ойнаймын» Р.Б. Нұртазина,
А. Д. Сейсенова. Астана -2006 ж.
2. Қазақтың мақал -мәтелдері «Көшпенділер баспасы»-2008ж
3. «Бастауыш мектеп» журналы 2005 ж.
4. Қазақ жұмбақтары Алматы «Ана тілі» 1993 ж .
5. Ұлттық дүниетаным 2сыныпқа арналған А. Қаралұлы Алматы «Өнер»2002ж.

Мазмұны

Алғы
сөз.........................................................................
...........................2
Білім керек
бәріне......................................................................
..........3-4
Атадан қалған асыл
мұра...................................................................4-9
Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем...................9-11
Қыста талай қызық
бар.................................................................11-12
Қадірлі әкелерім, мейірлі
аналарым....................................................13
Адам болам десеңіз
.........................................................................13-
15
Бабалар өмірі –ұрпаққа өнеге
.............................................................15
Туған өлке табиғатын
қастерлейік..............................................16-17
Өзіндік
жұмыс.......................................................................
...............18
Пайдаланылған
әдебиеттер................................................................19

-----------------------
Оқу, білім

Отан

Абай

Ұқсас жұмыстар
Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру
Тау түзілу үдерісі
Өсімдіктер- тірі ағзалар
Табиғат-анамыз
Мұз патшалығына саяхат
Өсімдіктердің қысқы өзгерісі
"Ағза және қоршаған орта"
Тіршілік ету ортасы
Адам денесінің ішкі мүшелері
Өлі және тірі табиғат
Пәндер