Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Құрылысшылар ойыны

№16 «Аққайың» мектепке дейінгі ұйымының әдіскері Орынғалиева Қамажай

Құрылысшылар ойыны

Музыка әуенімен залға кіру. Келген қонақтармен амандасу.
Тәрбиеші: Балалар сендер жұмбақ шешу, тақпақ айту білеміз бе?
Балалар: Білеміз.
Тәрбиеші:Ендеше зейін қойып тыңдап, тез шешуін табайық.
Темір сирақты,
Алып жирафты,
Жұмсап көр енді,
Үй сап береді. (көтергіш кран)

Шеге көрсе қоймаған,
Басынан ұрып ойнаған. (балға)
Тәрбиеші: Кәне, енді кімдер құрылысшылар туралы тақпақ біледі екен.
Ислам: Біздерде көп талапкер
Менде бірі солардың.
Ақтөбелік құрылысшы
Бәлкім өзім болармын,
Жанель:Қолда алтын қалағым,
Зәулім үйлер саламын.
Ертең менде ел сүйген
Құрылысшы боламын.
Аслан:Ұланымын даланың,
Ұрпағымын бабаның.
Есейгенде мен ертең
Құрылысшы боламын.
Карина:Қолда темір қалағым,
Саздан сарай саламын.
Ақтөбеден аумайтын
Әсем қала саламын.
Диана:Зәулім мектеп алаңы,
Көркем үйлі қаланы,
Балалардың бақшасын
Құрылысшылар салады.
Ай-Таңсық: Биік тартып барады.
Бір қабаттан, бір қабат
Қолында ойнап қалағы
Құрылысшы ағай жүр қалап
Тәрбиеші:Балалар біз енді құрылыс алаңына барамыз.( балалармен бірге
құрылыс алаңына барып бітпеген құрылыс туралы
әңгімелейді)
Біздің балалар тек жұмбақ пен тақпақ емес әдемі биде билеп бере
алады.Ендеше жұмысқа жақсы көңіл күймен кірісу үшін кәне, құрылысшылар биін
билеп берейік.
Би: «Құрылысшылар»
Күшік: Саламатсыздар ма? Сіздер кімдерсіңдер?
Балалар: Біз құрлысшылармыз.
Күшік: Ой, қандай жақсы болды сендермен кездескенім, қыстай тоңып
шығып едім маған үй салып беріңдерші.
Балалар жарайды: ( олар үй салуға кірісіп кетеді)
Міне, сіздің үйіңіз дайын болуға жақын қалды. Кәне балалар тездеп
қимылдаңдар.
Балалар: Ал, міне үйіңіз дайын болды.
Күшік: Таңданып. Ой қандай тамаша болды енді қыстан тойбайтын болдым
рахмет сендерге. (үйшігінің қасына барып отырады)
Тәрбиеші:Кәне, балалар күшікпен қоштасайық.Сау болыңыз.
Енді біз басқа құрлыс алаңына барып көрейік. (алдарынан
қоян кездеседі)
Қоян: Саламатсыздар ма балалар?
Балалар: Саламатсызба ақ қоян? Қоян дос сен қайдан келесің?
Қоян: Мен орманнан келемін.
Балалар: Орманда не істеп жүрсің?
Қоян. Жалғыз өзім үй сала алмай жатырмын.
Балалар:Ендеше біз саған көмектесейік.
Қоян:Жарайды.Онда менімен бірге жүріңдер.(Олар орманға барады, үй
салабастайды)
Балалар. Мінекей, қоян дос сенің де үйің дайын болды.
Қоян: Сыйға-сый деген ендеше менің де сендерге сыйым бар.Мына сәбізімді
сыйлыққа алыңдар.
Балалар:Рахмет!
Қоян:( артына қарап, қолын бұлғапкүшікті шақырады)
Саққұлақ, қайдасың сен?
Күшік: Не болды ақ қоян? Мені неге шақырдың?
Қоян: Менімен бірге жүр, мен сені достарыммен таныстырайын.
Күшік:Жарайды барсам барайын.
Екеуі: Балалар сау болыңдар!
Балалар:Сау болыңдар!
Тәрбиеші: Міне, балалар қоян мен Саққұлақ бізге өте риза болды.Енді біз
саппен топқа қайтайық.
Қонақтармен қоштасу.

Ұқсас жұмыстар
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Көпбұрыштың периметрі
Заттың аты
Күлкі әлеміне саяхат. 3 сынып
Сюжетті - рольді ойын картотекасы. балабақша
Математика әлеміне саяхат
Тың көтеру
Досыңның ата - анасы соған ренжиді
Қайталау (24-25- беттер)
ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР. Пайдалы қазбалардың түрлері
Пәндер