Тәрбие сағаты: Қазақтың ырымы мен тыйымдарының тәрбиелік мәні

Тәрбие сағаты. Қазақтың ырым - тыйымдары.

Мақсаты.

1. Халқымыздың тыйым сөздерімен таныстыру.

2. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін, жан - жақты білімдерін дамыту.

3. Адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттық тәрбиемен ұштастыру.

Көрнекілігі: суреттер, газет - журналдар.

Барысы.

І Ұйымдастыру.

ІІ Қызығушылығын ояту .

Ырым - тыйым деген сөздерді естідіңдер ме, ол туралы не білесіңдер?

ІІІ Мағынаны тану.

1. Қазақ халқы баланы жастайынан адамгершілікке тәрбиелеп, ол үшін көптеген тыйым сөздер айтып, жаман әдеттерден сақтап отырған.

Дастарқаннан аттама.

Нанды жерге тастама.

Ақты төкпе.

Малды ұрма.

Малды басынан теппе.

Бос бесікті тербетпе.

Үйдің ішінде ысқырма.

Тізеңді құшақтама.

Босағаны керме.

Отпен ойнама.

Үлкеннің алдынан кесіп өтпе.

Су ішіп отырған құдығыңа түкірме.

Таңдайыңды қақпа.

2. Оқушылар мазмұнды суреттер бойынша өздері тыйым сөздер ойлап табады. Оны ортаға салып, талдайды.

ІV Ой толғаныс.

Оқушылар өз ата-аналарынан естіп жүрген тыйым сөздерін айтады.

Тыйым сөздердің қандай пайдасы бар?

V Қорыту.

Тыйым сөздердің тәрбиелік мәні өте зор, сондықтан ондай сөздерді естіген-де әрдайым ойланып, орындап жүру керек.


Ұқсас жұмыстар
4-сыныпқа арналған Қазақ ырымдары мен тыйымдарының тәрбиелік мәні
Қазақтың ерулік салты: тарихы мен тәрбиелік-әлеуметтік мәні
Тәрбие сағаты: Күз кереметі - күздің молшылықтары мен тәрбиелік мәні
Наурыз мейрамының дәстүрлері мен тәрбиелік мәні: мектептік тәрбие сағаты
Бата дәстүрінің тәрбиелік мәні: бастауыш сыныптардағы тәрбие сағаты мысалында
Тәрбие сағаты: Абай Құнанбаевтың шығармашылығы және оның тәрбиелік мәні
7 А сыныбының тәрбие сағаты: Адал еңбек пен еңбекқорлықтың тәрбиелік мәні
Қазақтың ұлттық тағамдары: түрлері, дәстүрлері және тәрбиелік мәні
Қазақтың қонақжайлық дәстүрлері: тарихы, рәсімдері және тәрбиелік мәні
Достықтың мәні мен тәрбиелік рөлі: ашық тәрбие сағаты (9-10 сынып)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz