Тәрбие сағаты: Алтын күз - күз мезгілі мен табиғатты қадірлеуге тәрбиелеу

Тәрбие сағаты. Алтын күз.

Мақсаты.

1. Оқушылардың күз мезгілі туралы түсініктері мен білімдерін кеңейту.

2. Ой - өрістерін, жан - жақты білімдерін, танымдық қабілеттерін, талғамдарын дамыту.

3. Еңбекке, табиғатты сүюге, қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: күз туралы мазмұнды суреттер, оқушылардың салған суреттері, күзгі жапырақтар.

Барысы.

І Қызығушылығын ояту.

Мазмұнды суреттер бойынша күз мезгілін табу.

Сұрақ - жауап.

Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Күз айларын кім айтады?

ІІ Мағынаны тану.

Қыркүйек, қазан, қараша айлары - күз айлары. Күз дегеніміз - байлық, молшылық, қауырт еңбек кзеңі. Олай дейтін себебіміз - күзде егін, астық, көкөніс, жеміс - жидектер көп піседі. Неліктен күзді «Алтын күз» дейміз?

Біздің дала - бай дала,

Алтын астық айнала.

Астық - дала сәулеті,

Астық - Отан дәулеті.

-Алтын күз деп,

Біз айтамыз сол үшін де,

Сары алтындай сары қауын,

Көп піскен соң бау ішінде.

Қараңдаршы сары алтындай,

Жапырақты қайың талға.

Мұны көріп, күзді қалай,

Теңемессің сары алтынға.

Қараңдаршы қандай сұлу,

Бидай басқан мына дала!

Әрбір адыр, әрбір жота

Алтын жайып тастағандай.

ІІІ Ой толғаныс.

Бұл қай мезгіл?

Көк те, жер де көкпеңбек,

Салды бұлттар көкке өрнек.

Аспан жерге көк, жасыл,

Бояу нұрын төккен бе? (көктем)

Жасыл шалғын, жапырақ,

Жасыл барлық атырап.

Қыздырындық күнге біз,

Жағажайда жатып ап. (жаз)

Жаз да жылдам өтіпті,

Күн суытып кетіпті.

Киейін деп сондықтан,

Алып қойдым етікті. (күз)

Есік алды сырғанақ,

Боран жатыр қарды орап.

Жауған қарға ақ мысық

Терезеден тұр қарап. (қыс)

ІV Қорыту.

Оқушылардың салған суреттерін тамашалау. Әр оқушы өзінің салған суреті туралы әңгімелейді. Күзді неліктен «Алтын күз» дейміз деген сұраққа жауап айтады.

Қарашы далаға,

Іреңі сары ала.

Пісті алма балбырап,

Сарғайды бал құрақ

Аспанда қаптаған

Бұлт тыным таппаған

Жөңкіліп көшеді,

Суық жел еседі.


Ұқсас жұмыстар
Жапырақтар сарғайғанда - 3-4 сыныптарға арналған Алтын күз ертеңгілігінің тәрбие сағаты сценарийі
6-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Алтын күз - табиғатты аялауға тәрбиелеу және сөйлем мүшелерінің орын тәртібі
Алтын күз мерекесі: мектептік тәрбие сағатының сценарийі
Қарағанды облысы Октябрь ауданы №7 Жамбыл Жабаев атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың Аяулы күз, Алтын күз тақырыбындағы күзгі мерекелік тәрбие сағаты
Күз - береке: күз мезгілін таныту және жеміс-көкөністердің пайдасы туралы тәрбие сағаты
Мектепішілік Аяулы күз, Алтын күз 2018 байқауының сценарийі мен ұйымдастыру жоспары
Тәрбие сағаты: Күз кереметі - күздің молшылықтары мен тәрбиелік мәні
Мектептік Алтын күз мерекесінің сценарийі және Күз ханзадасы 2013 байқауының бағдарламасы
Алтын күз мерекесінің ертеңгілік сценарийі
Алтын күз тақырыбындағы балабақша сабақ жоспары: күз туралы түсінікті дамыту, тілдік дағдылар мен дидактикалық ойындар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz