Ойынның барысы

Зияткерлік ойын: «Білім додасы»

Мақсаты: оқушыларды өз елінің табиғатын аялауға шақыра отырып, адалдылыққа

және білімділікке баулу; Білімдерін пайдалана білуге үйрету.

Көрнекілігі: слайдтар тізбегі

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңінде ойыншылармен таныстыру.

--Аты-жөні.

--Алдына қойған мақсаты.

--Ұнататын пәндері.

--Бос уақытын қалай өткізеді?

ІІ. Ойын барысымен таныстыру:

1-Кезең “Бәйге” 2- Кезең “Тіл өнері” 3- Кезең “Жеті жұмбақ”

4-Кезең “Егерде мен” 5- Кезең “Ділмар” 6- Кезең “Жорға”

ІІІ. Ойынның барысы:

«Бәйге»

  • Жер шарын бірінші айналып шыққан саяхатшы. (Магеллан)
  • Қайта қалпына келетін табиғат ресурсы. (биологиялық)
  • Буынаяқтылар қалай көбейеді? (жынысты, жұмыртқа арқылы)
  • “Әлемнің әйгілі әйелдері” энңиклопедиясына енген қазақ әйелі. (Р. Бағланова)
  • ҚР-ның алғашқы Ата-заңы қашан қабылданады? (1993ж 28 қаңтар)
  • “Сөз жүректен шығады” сөзінің авторы. (Абай)
  • Орта Азиядағы ең ірі шөл. (Қарақұм)
  • Рефлекс құбылысын зерттеген ғалым. (Павлов)
  • Катализатор дегеніміз не? (тездеткіш)
  • Ең терең шұңғыма. (Мариан)
  • Фотосинтез үрдісі қайда жүреді? (жапырақта)
  • Мәңгі жасыл өсімдік. (шырша)

«Тіл өнері»

№1- Көлдің сәні - нелер? ( аққулар, лебеди)

№2- Не - қимыл-қозғалысты талап етеді? (өмір, жизнь)

№3- Бәрі де кім үшін жаратылған? (адам, человек)

№4- Не - өмір, тіршілік негізі? (қан, кровь)

№5- мал өсірсең не өсір, пайдасы оның көл-көсір. (қой, овец)

№6- тау-тау үйілген ақ алтын, табады оның атын кім? (мақта, хлопок)

( алған ұпайларды қорытындылау, аз ұпайы бар1 шығады)

«Жеті жұмбақ»

Үстіңгі сандар бойынша:

20-география «Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама» (Анхель)

30-әдебиет-«Отан-мынау өз үйің, қара, жаным, Ойнаған дала, бағың» (Ф. Оңғарсын)

40-биология «жүрек дәрігері» (кардиолог)

Астыңғы сандар бойынша:

20-география «Сен қай материкте тұрасың» (Евразия)

30-әдебиет- «қазақтың ақын экологі кім» (Абай)

40-биология «қарын сөлінің құрамында кездесетін қышқыл» (НСІ)

(нашар жауап берген 2 оқушы ойыннан шығады)

«Егер де мен . . . »

Халыққа атағы кең жайылған Балаби қартайған шағында халқын жиып:

Жерден ауыр не? Судан терең не? Оттан ыстық не? Көктен биік не? -деп

4 сұрақ берген екен. Ешкім бұл сұрақтарға жауап таппаған екен. Балаби өзі жауап берген. Оның орнында сіздер болсаңдар недер едіңіздер?

Жерден ауыр- ақыл, білім. Судан терең- оқу, ғылым.

Оттан ыстық- жалған, адам өмірі. Көктен биік - тәкаппардың көңілі.

(толық жауап бермеген 1ойыншы ойыннан шығады)

«Ділмар»

Табиғат саған ана ма, әлде әншейін пана ма?

(ұпайы аз ойыншы жақтаушы, даттаушы жағын және сөйлеу кезегін таңдайды.

Дауласу уақыты-5 минут. Олар ойлағанша музыкалық нөмір беріледі)

«Жорға»

1 минут ішінде 6 сұрақ қойылады, жауабын таба алмаса келесісін таңдайды.

№1-ойыншыға

-математикаға х, ү, z -ті енгізген ғалым. (Рене Декарт)

-ең ұзын поэма (Манас)

-сабағы ең ұзын ағаш (Ротанг пальмасы)

- Қазақстанда ең жауын-шашыны мол аймақ (Алтай өңірі-әлемдегі ең үлкен кітап (583456 беті бар қытай кітабы)

-жер макеті (глобус)

-Азиадада қанша алтынды қоржынға салды ( 32алтын)

№2-ойыншыға

-Алғаш рет математикаға «О-ді» енгізген кімдер? (үндістер)

-дүние жүзіндегі ең биік ағаш (Эвкалипт)

-Францияның валютасы (евро)

-М. Әуезов эпопеясы (Абай жолы)

-биылғы жылғы САМИТ қай қалада өтті (Астана)

-ең ірі құс (страус)

ІV. Қорытынды.

Сонымен, бүгінгі ойынымыздағы жеңімпазымызды анықтау үшін

олардың алған ұпайларына қарасақ.

Білімді, ұшқыр ойлы жеңімпазымызды қарсы алайық!

Өміржанова Сайран Еспайқызы

Қостанай облысы, Рудный қаласы

№15 мектептің биология пәнінің мұғалімі


Ұқсас жұмыстар
Әртүрлі заттар суреттері, пішіндер
Дидактикалық ойындар
Ойна да ойла вариативтік компанет
Games қапшығын ашыңдар
"толағай" отбасылық -спорт сайысы
Психикалық дамуы кешеуілдеген оқушылардың білімге деген қызығушылын арттыру
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Сұрақ - жауап ойыны
Paint графикалық редакторын қорытындылау жайлы ақпарат
Таңғажайып алаңы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz