№4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының Тапқыр достар - 8-сынып оқушылары арасындағы информатика пәні бойынша білім сайысы

№4 облыстық дарынды балаларға

арналған мектеп-интернатының

информатика пәнінің мұғалімі

Омартаева А.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мектеп-интернатымызда өтіп жатқан «Математика-физика-информатика» пәндерінің онкүндігіне қош келдіңіздер!

Компьютер - сенің көмекшің,

Қаламың, әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың.

Үйрену керек бәрін де -

Ақпараттық заманың, - дегендей, ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам ғасыры, технологиялық мәдениет ғасыры.

Міне, бүгін сіздердің алдарыңызда «Тапқыр достар» атты білгірлер мен тапқырлардың білім сайысында 8 сынып оқушыларынан құралған топтар өз білімдерін сынамақ.

Бүгінгі сайысымыздың мақсатын айта кететін болсам, оқушыларымыздың информатика пәнінен алған білімдерін басқа да пәндермен байланыстыра отырып, өз білімдерін жинақтау, тіл байлығын, ой-өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.

Олай болса, сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:

  1. Таныстыру
  2. «Сөз тапқанға . . . »
  3. «Ойлан, тап!»
  4. «Бәрін білгім келеді»
  5. «Кім жылдам, әрі тапқыр?»
  6. «Компьютерді үздік меңгерген топ»
  7. Көрермендермен сайыс. «Полиглот»
  8. Қорытынды

Барысы:

Мінекей залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны біз де қоштаймыз

Кешіккендерді тоспаймыз

Ғылымдардың жаңасы

Информатика жайында

Сайысты біз бастаймыз, - дей отырып 1-ші кезең «Таныстыруды» бастайық!

Сөз кезегін «Word» және «Excel» топтарына береміз. (Әр топ өз тобының ұранын, топ басшысын, мүшелерін таныстырады)

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып тасып, асықпа, қалыспа сен

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр

Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста керек екен, - дей отырып келесі кезеңді бастайық.

2-ші кезең: «Сөз тапқанға . . . »

Мұнда екі топтың ойыншылары бір-бірден әріп таңдап алады, сұрақ қойылғанда сол әріптен басталатын жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпай болып есептеледі.

WORD тобына (1 топқа) сұрақтар:

1. Интернет не үшін керек?

2. Компьютер қашан пайда болды?

3. Компьютердің бағасы қанша?

4. Компьютер не үшін қажет?

5. Кітапханадан қандай кітап алдың?

6. Ноутбук сатып алғың келе ме?

EXCEL тобына (2 топқа) сұрақтар:

1. Компьютер алдында қалай отыру керек?

2. Принтердің бояуы бітсе не істейсің?

3. Интерактивті тақтада жұмыс істей аласың ба?

4. Вирусты қалай жояды?

5. Интернеттен не іздейсің?

6. Агентте кімге хат жазасың?

3-ші кезең: «Ойлан, тап!»

Бұл кезеңде интерактивті тақтада слайд-шоумен көрсетілген суреттерді топ басшысы өз тобының мүшелеріне жасырып айтады. Топ мүшелері экранға қарамай тұруы тиіс. Әр сурет 4 секунд ғана тұрады, сосын келесі суретке ауысады. Сол уақытта топ басшысы түсіндіріп үлгеруі тиіс.

1 топқа мынадай суреттер жеке-жеке слайдта көрсетіледі: жүйелі блок, қапшық, кактус, құлақшын, жүзім, хат, модем, электр тогы, қарындаш, әділ-қазылар суреті, колонка, калькулятор, процессор.

2 топқа мынадай суреттер жеке-жеке слайдта көрсетіледі : сағат, компакт-диск, мұғалім, маус, үй тапсырмасын орындап отырған қыз, сканер, доп, принтер, алма, фотоаппарат, монитор, кітап.

4-ші кезең: «Бәрін білгім келеді?»

Бұл кезеңде 2 тақырып берілген. Сол тақырыптарға байланысты 10-нан 60-қа дейін ұпайлар көрсетілген. Сол ұпайларды таңдау барысында сұрақтарға жауап беру қажет. Жауап бере алмай қалған жағдайда қарсы топ жауап беруіне мүмкіндігі бар.

«Математика»

10-ұпай. Қаз бір аяғымен тұрса салмағы 12 кг болады, ал екі аяғымен теңдей тұрса ше? (12 кг)

20-ұпай. Параллелепипедтің неше қыры, неше жағы бар? (12 бұрышы, 6 қыры)

30-ұпай. y=ax+b фигурасының графигі (түзу)

40-ұпай. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем (аксиома)

50-ұпай. Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны бүйір қабырғаларынан үш есе қысқа. Үшбұрыштың периметрі 21 см. Қабырғаларын тап. (3см, 9см, 9см)

60-ұпай. Шарлар үшбұрыш тәріздес орналасқан: 1-ші қатарда 1 шар, 2-ші қатарда 3 шар, 3-ші қатарда 5 шар болса, 10-шы қатарда неше шар бар? (19 шар)

«Информатика»

10-ұпай. Microsoft Office бағдарламасына . . . кірмейді (Paint)

20-ұпай. Қатты диск дегеніміз не?(мәліметтер мен программаларды ұзақ уақыт есте сақтайтын құрылғы)

30-ұпай. Операциялық жүйе (ОЖ) дегеніміз? (пайдаланушы мен компьютер

байланыстыратын арнайы программалар тобы)

40-ұпай. Alt пернесінің қызметі (басқа пернемен бірге басылып компьютер жұмысын басқарады)

50-ұпай. 1, 2, 4, 8 сандарының тізбегі берілген. Келесі санды тап (16)

60-ұпай. Пиксель - бұл . . . (түсті нүктелерден тұратын нүкте, нүктелер монитор

экранына бейнені шығарады

5-ші кезең: «Кім жылдам, әрі тапқыр»


Ұқсас жұмыстар
Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 7-10 сынып оқушылары арасындағы Тапқыр достар интеллектуалдық сайысының сценарийі
6-сынып оқушылары арасындағы информатика пәні бойынша интеллектуалдық ойын сайысы
Аршалы №3 орта мектебінің 8-11 сынып оқушылары арасындағы география пәні білім сайысы
Дене тәрбиесі пәні бойынша Тапқыр достар сайысының жоспары
Тапқыр достар сайысы: сабақтың әдістемелік жоспары
№178 орта мектептің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы география пәні бойынша мектепішілік сайысы Тапқыр достар бағдарламасы
Фариза Оңғарсынова шығармашылығына арналған 3-4 сынып оқушылары арасындағы мәнерлеп оқу сайысы
Информатика пәніне арналған Тапқыр достар интеллектуалды ойынының әдістемелік сабақ жоспары
Шахтинск қаласы №16 лицей-мектебінің 3-сынып оқушыларына арналған Тапқыр достар білім сайысы сабақ жоспары (2014-2015 оқу жылы)
Қызылорда облысы Қазалы ауданы №249 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушылары арасындағы Білгір химик сайысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz