Вальдорф технологиясы

Даярлық тап мұғалімі

Омарова Жанар Николаевна

ШҚО, Мақаншы ауылы, Ә. Найманбай атындағы мектеп

Оқушыларға сапалы білім берудегі озық педагогикалық технологиялардың тиімділігі

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

Абай.

21-ғасыр - ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Елбасымыздың “Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” еңбегінде 2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылады деп көрсетті.

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектепте дәстүрлі оқыту технологиясының оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педтехнологияларын жетілдіріп, оны пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлату үшін басты бағыт-бағдар берілуде.

Бүгінгі таңда мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде түрлі инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір пән сабақтарында қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына мұғалім тарпынан көңіл бөлінуі тиіс.

Қазіргі инновациялық-озық технология туралы айтатын болсақ, технология грек сөзінен, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді. Ғалым-педагог, психологтар пайымдауына жүгінсек, В. Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологий» деген еңбегінде оны «Оқу-тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жобалануы, оны тәжірибеде жүзеге асыру, яғни белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы» , - деп қарастырады.

Инновациялық (озық) білім беру деп - тұлғаның бағдарлы қөзқарсты, білімдегі дәлдікті, шығармашылық бастауды, сонымен бірге жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады.

Оқытудың жаңа технологияларын бағыттарына қарай жіктеп, төмендегідей топтастыруға болады.

:
Бағыттары: Бағыттары
Түрлері: Түрлері
Авторлары: Авторлары
: 1
Бағыттары: Педагогикалық үрдісте жеке тұлғаның бағыты негізіндегі технология
Түрлері: Педагогикалық қарым-қатынас
Авторлары: Ы. Алтынсарин
: Ізгілікті-тұлғалық технологиясы
Бағыттары: Ш. Аманошвили
: Әдебиетті адам қалыптастыру пәні ретінде оқыту
Бағыттары: Е. Ильина
: 2
Бағыттары: Оқушылардың іс-әрекетін белсендіру және қарқындату негізіндегі технология
Түрлері: Тірек белгілері негізінде оқыту
Авторлары: В. Шаталов
: Ойын арқылы оқыту технологиясы
Бағыттары: В. Коваленко
: Проблемалық оқыту технологиясы
Бағыттары: М. Махмутов, А. Матюшкин, В. Оконь
: Коммуникативтік қарым-қатынас
Бағыттары: Е. Пассов
: 3
Бағыттары: Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқару
Түрлері: Деңгейлеп-саралап оқыту
Авторлары:

Ж. Қараев,

Г. Селевко

: Топтық және ұжымдық оқыту
Бағыттары: В. Дьяченко, И. Ривин
: Компьютерлік оқыту
Бағыттары: Қ. Ағанина, М. Жүсіпбалиева
: Бағдарлап оқыту
Бағыттары: В. Беспалько
: 4
Бағыттары: Оқу материалын әдістемелік жетілдіру, дидактикалық қайта құру
Түрлері: Мәдениеттер диалогы
Авторлары:

В. Библер

С. Курганов

: Экология және диалектика
Бағыттары: Л. Тарасов
: Дидактикалық білімдерді ірілендіру
Бағыттары: П. Эрдинов
: 5
Бағыттары: Жеке пәндік технология
Түрлері: Сауаттылыққа ерте тәрбиелеу
Авторлары: А. Кушнир
: Сатылай талдап оқыту
Бағыттары: Н. Оразақынова
: Өздігінен дамыту технологиясы
Бағыттары: М. Монтессори
: 6
Бағыттары: Баламалы педагогикалық
Түрлері: Еркін еңбек технологиясы
Авторлары: С. Френен
: Вальдорф технологиясы
Бағыттары: Вальдорф
: 7
Бағыттары: Табиғи байқағыштық
Түрлері: Табиғи байқағыштық арқылы сауаттылыққа тәрбиелеу
Авторлары: А. Кушнир
: Өзіндік дамыту
Бағыттары: Т. Семеко
: 8
Бағыттары: Дамыта оқыту
Түрлері: Дамыта оқыту жүйесі
Авторлары: Л. Выготский, В. Заньков, Д. Эльконин, В. Репин
: Жеке тұлға бағытындағы дамыта оқыту
Бағыттары: И. Якиманская
: 9
Бағыттары: Авторлық мектептің педагогикалық технологиясы
Түрлері: Педагогикалық бейімдеу мектебі
Авторлары: Е. Ямбург
: Өзін анықтау мектебінің технологиясы
Бағыттары: А. Тубельский
: Мектеп бағы
Бағыттары: М. Балабан
: Ертеңгі күн мектебі
Бағыттары: Ховард

Оқыту технологиясы оқу мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдырдың жиынтығы болса, екінші жағынан, оқушының оқыту үрдісінде қажетті ақпараттық, техникалық құралдарды пайдаланып, оқушыға оң әсер ету әдістерін зерттейді. Демек, оқыту технологиясы - педагогикалық әрекеттерді ғылыми-әдістемелік, іс-тәжірибелік негізде нәтижелі болатындай етіп, жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

  • Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
  • Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
  • Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
  • Балаға өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
  • Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;
  • Оқу үрдісін оқушының сезінуі т. б.

Ғылыми-қолданбалы бағытта нақты педагогикалық идеялар мен тұжырымдарға негізделген жаңа педагогикалық технологиялар жобаланады; мұғалімдерге педагогикалық технологияларды оқытудың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Қазіргі әдістемеде технологиялардың бірнеше түрлері бар. Солардың ішінде орта оқу орындарының оқу үрдісінде қолдануға ұсынылатын бірқатар технологиялар бар. Солардың бірі оқушылардың шығармашылық қабілетін, ұшқыр қиялын дамытуға бағытталған деңгейлеп саралап оқыту технологиясы (СТО) . Бұл мәселені алғаш Қазақстанда Ж. Караев зерттеген екен.

Қазіргі таңда СТО технологиясын пайдаланып өткізілген сабақтар мен дәстүрлі сабақтарды салыстыру нәтижесі:

СТО сабақтарында: СТО сабақтарында
Дәстүрлі сабақтарда: Дәстүрлі сабақтарда
СТО сабақтарында: Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмысты жақсы жүргізеді.
Дәстүрлі сабақтарда: Оқушылар бірден кірісіп кете алмайды, шулап кетеді.
СТО сабақтарында: Белсенділік жоғары болады.
Дәстүрлі сабақтарда: Белсенділік орташа деңгейде.
СТО сабақтарында: Оқушының жеке жауапкершілігі басым.
Дәстүрлі сабақтарда: Оқушының жеке жауапкершілігі төмен.
СТО сабақтарында: Қызығушылығын істе байқатады.
Дәстүрлі сабақтарда: Қызығушылығы бірқалыпты.
СТО сабақтарында: Бір-біріне көмек, сыйлау қалыптасқан. Өз ойларын еркін жеткізеді.
Дәстүрлі сабақтарда: Қызғаныш басым. Анықтық жоқ.
СТО сабақтарында:

Сабақта көп жұмыс жасайды.

Шығармашылық қабілеттері артқан.

Сабақта еркін сөйлеуге тырысады.

Дәстүрлі сабақтарда: Кейде берілген тапсырмаларды жасауға үлгере алмайды. Бірқалыпты. Ықылас білдіре қоймайды.

Инновациялық технологиялардың бірі - ақпараттық технология .

Оқытудың ақпараттық технологиясы - ақпаратпен жұмыс жасау үшін қолданылатын арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар.

Ақпараттандыру технологиясы арқылы заман талабынан сай сабақ берідің тиімділігі өте көп. Күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғыларды мен теледидарды, компьютерді, интерактивтік тақта мен мультимедиалық проекторларды пайдалану үлкен нәтижелер беретініне әр мұғалім өзі көз жеткізіп отыр.

Жаңа ақпараттық технолгияның ерекшелігі мұғалімдер мен оқушылардың бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етеді. Мектептердің оқу-тәрбие үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіледі. Электрондық оқулық мектеп оқушыларын ақпараттық технологияны кіші жастан меңгеруге көмектесіп, оқушылардың өз бетімен білімдерін толықтыруларына мүмкіндік береді.

Ақпараттық технологияның ерекшелігі: оқушылардың өздері ақпараттар жинап, жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп жауабын тауып, өзінің қөзқарасын логикалық түрде дәлелдейді.

Қазіргі таңда бастауыш мектеп сатысында әрбір пән бойынша деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады. Оқушыларға берілетін тапсырмаларды білімді қабылдауға бағытталған іс-әрекеттік модель ретінде қарастырған жөн. Оқытудан күтілетін нәтижені негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.

Бастауыштан бастап жеке тұлғаға бағытталған озық педагогикалық технологиялық сабақтар беруі дегеніміз - оқытушының шығармашылық орта қалыптастыруы ғана емес, оқушылардың субъект ретіндегі өмірлік тәжірибесін үнемі назарда ұстауы, сол тәжірибеге сүйенуі. Ең маңыздысы - әр оқушының ерекше болмысы, тұлғалық қасиеттерін мойындау. Әр баланың жеке даму процесіне, оның тұлғалық қалыптасуына кешенді педагогикалық бақылау жүргізетін бір мезгілде оқытушы да, психологта болуы тиіс.

Мен өзім даярлық топқа сабақ бергендіктен, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай сабағымда ойын технологиясын пайдаланамын.

Ойын технологиясы - оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әртүрлі ойындарды көздейтін дидактикалық жүйелер.

Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігін, көп білуді, сондай-ақ басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістерінің бірі.

Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп те айтуға болады.

В. А. Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.


Ұқсас жұмыстар
«су моншақтан бұйым жасау технологиясы»
Қазіргі сабақтарда қолданылатын инновациялық технологиялар
Су моншақпен бұйым жасау технологиясы
Әлеуметтік мектеп технологиясы - әлеуметтік технологиялар
Жаң оқыту технологиялар
Ақпараттық оқыту технологиясын экология сабақтарында қолдану әдістері
Технология пəнінен оқу бағдарламасы
Металды қолмен және механикалық түрде өңдеу
Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz