Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

№1 Ақпараттық -коммуникациялық технологияның теориялық негіздері

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Н. Ә. Назарбаев

Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б., тіркестермен тығыз байланысты.

Білім беруді ақпараттандандыру процесі пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге, білім мекемелерін басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Ақпараттық -коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін арттыру процесі қазіргі заман міндеті.

Ақпараттық -коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Жедел дамып отырған ғылыми -техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық -коммуникациялық технологиялар маңызды рөл атқарады. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, теле-конференция телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуы керек.

Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Ақпараттық - коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:

  • үйренушінің шығармашылық әлеуетін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық -зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; оқу қызметі мәдениетін дамыту;
  • оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі мен сапасын арттыру;
  • қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты өткізу.

Мұғалімнің АКТ пайдалану жөніндегі қызметі табиғатының, оның мақсаттарының уәжінің өзінің сапалық өзгеруі оқыту мақсатында АКТ пайдалану дағдысына әсер ету жолымен мүмкін болуы мүмкін.

АКТ пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық -әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру

болып табылатындай. Сондай-ақ педагогтың компьютерік сауаттылығы АКТ пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады.

Қазіргі жағдайда педагогтардың ақпараттық -коммуникациялық құзырлылығы кәсіби мамандықтың құрамды бөліктері болып табылады.

Білім беру барысында ақпараттық -коммуникациялық технологияларды пайдалану

Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлкеттік бағдарламасында « . . . ҚР дүниежүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау керек. » Осы тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады. Бұл бағдарламалардың міндеттерінің бірі -мектептерді компьютерлендіру.

ХХІ ғасыр ақпараттық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте -ақ республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алына бастады. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізуді, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Электронды оқыту интерактивті жүйе болып табылады. Электрондық оқулық «оқушы-компьютер-мұғалім» жүйесін қалыптастырады, яғни оқушы жаңа тақырыпты ақпарат көзі -компьютерден оқып қажетті мәліметтерді алып, мұғалімге түсіндіріп бере алатындай болуы керек.

Білім беруді ақпараттандыру -жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

Мысалы 9 сыныпта «Компьютерлік желілер» тақырыбында өткізген ашық сабағымдағы жаңа технологиялардың кейбір элементтерін көрсетіп кеткенді жөн көрдім:

1. Венн диаграммасы

Электронды пошта Кәдімгі пошта

2. Бес жол өлең: Интернет

1. Интернет

2. қызықты, ақпаратты

3. Мәлімет береді, хабар таратады, байланыстырады.

4. Интернет- компьютерден құралған.

5. Ақпараттық өріс.

Корпоративті Телекоммуникациялық

есептеуіш

ауқымды

желі

аймақтық

интернет желісі желі

жергілікті желі

Шина тәріздес Сақина тәріздес

Жұлдыз тәріздес Ақшақар тәріздес

Осы жаңа технология стратегияларды интерактивті тақтадан енгізіп қойсақ, оқушылар шығып жауаптарын орындайды. Бұл сабақты алдын ала электронды оқулықтан тыңдап, көріп оқушылардың есте сақтауы бойынша орындатқан тиімді.

Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты.

Мысалы физика пәнінен сабақ берген кезде ақпараттық технологияларды пайдалану үлкен жеңілдіктер туғызады, себебі кейбір лабораториялық жұмыстарды электронды оқулықпен орындауға болады. Және де интерактивті тақтаны пайдалана отырып, тест тапсырмаларын орындауға мол мүмкіндік бар.

Интернет желісінде жұмыс істеу де оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ.

Қазіргі заманғы дамудың талаптарына лайық ақпараттық -компьютерлік технологияларсыз жоғарыда айтылғандарды шешу мүмкін емес.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында пән мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мектебіміздің негізгі міндеттерінің бірі. Пән мұғалімдеріне ақпараттық технологияны өз еркіне пайдалану, ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында әр каникул кезінде компьютерден білімдерін толықтырып отырамыз. Пән мұғалімдерінің де қызығушылығы артуда, өз ашық сабақтарына интерактивті тақтаны пайдалану, компьютерді пайдалану арқылы сабақтарын тиімді өткізеді. Әсіресе, ағылшын тілі мұғалімдері мультимедиа-лингофон кабинетінде сабақ өткізгенді жөн санайды. Оқушылардың қызығушылығының артуына ықпал жасайды.

Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді тұжырымдай келе компьютерді қолдану негізінде мектеп пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Осы тақырыпты қорытындылай келе ұсынысымды айта кеткенді жөн көрдім:

- қазір техниканың дамыған заманы, интерактивті тақтаны пайдалану көп мектепте жүзеге асырылған, соның негізінде мұғалімдерге әдістемелік көмек, пән бойынша өтетін білім жетілдіру курстарын қашықтықтан оқыту қолға алынса деймін.

Ақпараттық -коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Информатика негіздері» журналы

№4-2008 жыл - Ж. Садыбекова

«Оқу -тәрби үрдісінде ақпараттық -коммуникациялық

технологияны қолдану қажеттілігі» (4-5 бет)

№3-2006 жыл - М. Ғалымжанова

«Ақпараттық коммуникациялық технологияларды

пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру» (2 бет)

  1. «Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы инновациялық технологиялардың ролі мен маңызы» Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары (30 сәуір 2008 жыл) -

Б. А. Әлмұхамбетова, М. А. Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық -коммуникациялық технологиялардың қолданылуы» - 17 бет

М. А. Ғалымжанова «Педагогтардың ақпараттық -коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бағыттары» - 48 -бет

3. Информатика негіздері №2-2008 жыл

Сұрауымбетова Р. « Білім беру деңгейін көтеруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі » -2 бет

№2 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ САЙ ҚҰЗІРЕТТІ МАМАНДАР ДАЯРЛАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Еліміздегі қазіргі білім саласын заман талабына сай дамыту керек екендігі күмән туғызбайды. 1997 жылы әлемдік білім кеңістігіне кіру туралы Лиссабон конвенциясына ТМД елдерінің ішінде Қазақстанда қол қойды. Бұл құжатты қабылдау жоғары білім берудің сапасын одан әрі жақсарту мақсатында орта жалпы білім берудің мерзімін ұзартуды талап етеді. Білім мен ғылым - әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы, прогресске апаратын жол десек, 12 жылдық білім беру жүйесі - бүгінгі күн талабынан туындап отырған өзекті мәселе.

Мұндай талпыныстар біздің елімізде де жүріп жатыр. Республикамыздың Білім және ғылым министрлігі 12 жылдық білім беруге жаппай көшуді 2008 жылдан, 2010 жылға қалдырды.

ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасының бірнеше бөлімі - білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары, білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, педагогикалық кадрлардың құзіреттіліктеріне арналған. Осы бөлімдерде педагог кадрлерге 21 ғасырдың мұғалімі қандай болу керек, келешекте өзіне қандай талап қою керектігі анық көрстілген. Білім берудің қандай түрі болмасын мұғалім - басты, әрі шешуші тұлға.

Тұжырымдамада нәтижеге бағдарланған білім беру моделінде оқытудағы мұғалімнің оқыту процесін ұйымдастырудағы негізгі мақсаттары көрсетіледі: оқу процесінің нақты мақсаттарын ұйымдастыру, білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес конструкциялау, ақпараттық ортаны анықтау, ұсыну, бағыт беру. Оқушыға қолдау көрсету және психологиялық жағымды орта құру, білім алу кеңістігін кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру, нәтижелерді бағалау, қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған оқытуды уақытында түзету.

Осы мақсаттарды орындап шығу үшін әрине өз ісіне берілген, кәсіби маман қажет. 12 жылдық мектептің педагогы өзін жоғары деңгейде қалыптастырудың бірнеше құзіреттілігін игеруге міндетті.

Арнайы құзіреттілік - өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет.

Мұғалім үнемі ізденісте бола отырып, жаңаша оқытудың модульдік, рейтингтік жүйе, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологияларының әдіс-тәсілдерін өз ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданғаны жөн. Сонымен қатар психологиялық-педагогикалық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін өз ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Оқушының кез-келген сұрағына жауап беруге даяр болуға тиіс.

Әлеуметтік құзіреттілік - бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті

(ұжыммен, топпен), қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым - қатынас тәсілдерін қолдана білу.

Яғни, мұғалім оқушылармен қарым - қатынаста тактикасын баланың жасы, рухани өсуіне байланысты өзгертіп отыруы керек. Оқушыларды топтық, ұжымдық жұмыстар жасай алуға, соның ішінде жеке тұлғаның дамуына мән беруі керек.

Білім беру құзіреттілігі - білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субьектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. Әрине, мұғалімдікке кездейсоқ адамдар келмеуі керек. Мұғалімдік маман атына лайық болуы керек. Мұғалім оқушыға қай жағынан болсын өзін-өзі ұстауы, сөйлеуі, жүріс-тұрысы, киім-киісі жағынан болсын үлгі. Бұл жағдайда оқушының жеке адам ретінде қалыптасуына жанама әсер етеді. Оқушыларды сыйлау, олардың құқығын, ар-намысын сыйлау. Оқушының ар-намысын сыйламаған, құқығын аяққа таптайтын мұғалімді оқушы да сыйламайды, ұстаз оқушыларына тәлім-тәрбие бере алмайды. Мұғалімнің өз жұмысына ықылассыздығы, жүрдім-бардым қарауы оқушыға тікелей әсер етеді. Талап қоя білмейтін, оқу процесін ұйыдастыра алмаған мұғалім ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмақ емес.

Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік - экономикалық жағдайда білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті. Бұл мынандай фактілерге байланысты:

  • оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану, топтық жұмыс дағдыларын дамыту, әрекеттерге үйрету, нақты ситуацияларды талдау.

Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Кез - келген ұстаз «Балалар құқығы туралы заңды» және Конвенцияны әрқашан басшылыққа ала отыруы шарт. Бала құқығын сыйлау баланың құқықтық санасын көтеруге, құқықтық тәрбие беруде маңызы зор. Құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен Қазақстан жағдайында баланың құқықтық түсінігін ерте қалыптастыру қоғамның болашақ тәртіпті, тәрбиелі азаматтардан тұратындығына кепіл болады.

Қазіргі және бұрыннан қалыптасып кеткен көзқарас бойынша мұғалім тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан-жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт. Қоғамдағы саяси-экономикалық, құқықтық жағдайларды, әлеуметтік мәселелерді талдай білетін, оны оқушылар игергенде бір саты алда бола білуі керек. Яғни, өз пәнінің айналасында ғана қалып қойса, балаға білім мен тәрбие беруде биік мақсаттарға жете алмайды.

Өз ісінің кәсіби маманы болу қай мамандықтың иесіне болсын қойылатын басты талап. Дәстүрлі мұғалім «жеткізуші», ал оқушы «қабылдап алушы» немесе мұғалім дайын піскен мәліметті беруші, ал оқушы оны дайын күйінде қабылдап алушы схемасы дәл қазіргі нарықтық бәсеке заманында мүлде тиімсіз. Нарықтық бәсекелестік мектепке, мұғалімге қатысы жоқ деп ойлайтындар қателеседі. Мұғалім жалпы стандарттық талаптармен бірге, нағыз сыншы алдындағы оқушылардың талабы мен сынына төтеп бере алуы керек. Кәсіптік білімі төмен мұғалімді балалардың өткір сынының өзі-ақ, оның кәсіби шеберлігін үнемі қажетті деңгейде ұстауына әсер етеді.

Қазақстан - демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп отыр. Ал, ол тек ашық та әділ сайлаулар, БАҚ - тың еркіндігі т. б. ғана емес мектепке де қатысты. Мектеп өмірін демократияландыру өзін-өзі басқару, бала құқығының сақталуы, орындалуы, оқушылардың өз пікірлерін ашық, еркін айта алуы, мұғалімнің кәсіби шеберлігіне талап қою т. б. байланысты.

Мектепті демократияландыруға ұстаздардың да дайын болуы, соған ат салысуы оқушылардың белсенділігін арттырып, болашақтың жігерлі азаматтарын дайындаудың алғашқы негізі қаланады. Кәсіби құзырлылық - мұғалімнің біліктілігін арттыру, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну, жоғары деңгейге үнемі ұмтылу мен үнемі ізденіс, жаңашылдығы мен жаңалықты қабылдай білуі мен қолдана білу, адами құндылықтарға сай бола отырып, сол құндылықтарды балаға сіңіре білу.

12 жылдық білім беру психологсыз іске аспайды. Ол туралы, яғни психологтың орны туралы тұжырымдамада айқын көрсетілген. Мектеп психологы баланың жан-дүниесімен жұмыс істеу керектігі түсінікті. Сонымен қатар, оқушыға білім беру процесі барысында әр мұғалім білім беру, оқу процесін ұйымдастырумен қатар олардың психологиялық ахуалын да назарда ұстауы қажет. Яғни, әр мұғалім психолог болуы керек. Сыныпта балаларды алалау (әлеуметтік, ұлттық т. б. ), жаман оқитындар немесе жақсы оқитындар деп ашық түрде бөлу жеке тұлғалық және ұжыммен жұмыс істеуге нағыз кедергі болады да, психологиялық ахуал бұзылған жерде білім беру мен білімді игерудің түпкі нәтижесіне қол жетпейді.

Қазіргі заманғы психологияны кәсіби деңгейде болмаса да, белгілі бір дәрежеде игермеген мұғалім жарты қаруы жоқ жауынгер іспеттес. Бала психологиясына сезімтал болу ұстаз үшін бала жүрегіне жол табар жарты жеңіс деуге болады.

Сонымен, 12 жылдық білім беру жағдайындағы мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оқушыға таным - бағыттық білім берудегі ең басты міндеті. Мұғалімнің білім деген теңіздегі кеменің бас «капитаны» болғандықтан, сол кемедегі «матрос» - оқушылардың қабілеті мен жеке қасиеттерінің көзін ашуға көмектесетін нағыз маманы болуы тиісті.

№3 Мұғалімнің сабақты өзіндік талдауы: сабақтың тиімділігінің бағалау критерилері

  1. Оқу үрдісінің заңдылығы
  2. Сабақты талдау түрлері мен типтері
  3. Сабақты талдаудың жалпы критерилері
  4. Сабақты өзіндік талдаудың деңгейлері
  5. Өзіндік талдау
  6. Әдебиеттер

Сабақ - логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу-тәрбие үрдісі. Оның құрамында күрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс-әрекеттің байланысы.

Сабақ өз алдына мұғалімнің шеберлігінің айқын көрінісі болғанымен, бір жағынан оқытудың психолого - педагогикалық заңдылықтарына, екінші жағынан білім беру стандартының қоятын талаптарына негізделген.

Оқу үрдісінің жалпы заңдылықтары:

  1. Мақсат қоюқоғамның қажеттілігі мен даму деңгейіне, білім үрдісіне қоятын талаптарына, тұлғаны тәрбиелеу мен оқытуға тікелей байланысты.
  2. Мазмұнын айқындауоқытудың мақсаты мен міндеттеріне, оқушының жас ерекшелік және жеке дара қабілеттеріне, оқытудың теориялық және практикалық даму деңгейіне байланысты.
  3. Әдістерді таңдауоқытудың міндеттері мен мазмұнына, оқушылардың нақты оқу мүмкіндіктері мен оларды қолдануына байланысты.
  4. Оқу үрдісін мақсаты, мазмұны мен әдістеріне байланысты.
  5. Оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі бойында ішкі танымдылық түрткілердің және сыртқы ынталардың (қоғамдық, экономикалық, педагогикалық) қамтылуымен тығыз байланысты.
  6. Оқу үрдісінің тиімділігібарлық заңдылықтардың өзара байланысы мен ұйымдастырылу жағдайына тәуелді.

Оқу үрдісінің жекеленген заңдылықтары:

  • дидактикалық өз құрамына үрдістің мазмұнды - процесуалдық сипаттамасын (мазмұны, тәсілдері, түрі, әдісі, формасы т. б. ) қамтиды;
  • гносеологиялық мұғалімнің басшылығымен оқушының қоршаған ортаның нақтылығын, табиғаттың, қоғамның және өз - өзін факторлары мен заңдылықтарын тану аспектілерін айқындау.
  • психикалыққа оқушының оқу үрдісінің барысындағы айрықша ішкі психикалық (танымдылық) іс - әрекетіне қатысты.
  • кибернетикалық оқу үрдісіндегі барлық байланыстың сан қырлығын, ақпараттық ағымының таралуын, ақпаратты меңгеруін басқаруды бейнелейді.
  • әлеуметтік жалпы үрдіске қатысушылардың (оқушы мен оқушы арасындағы өзара қатынас, бағыттылық, оқудың әлеуметтік маңыздылығы т. б. ) қарым - қатынасын қамтиды.
  • ұйымдастырушылық оқу үрдісін интеллектуалдың еңбек (оқу мен оқытушылық еңбекті ұйымдастыру, олардың материалдық - техникалық жабдықталуы, ынталандырылу, өнімділік т. б. ) негізінде айқындайды.

Оқыту заңдылықтарын білу оқу үрдісін әртүрлі нақты жағдайларда қолайлы құруға мүмкіндігін береді.

Сабақ талдау түрлері мен типтері

Сабақты талдау мен өзіндік бағалаудың өзі мұғалімнің шығармашылығының элементі:

Өзіндік талдаусыз мүмкін емес:

  • оқытудың толық жүйесін құру;
  • шеберлікті арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту;
  • озат педагогикалық іс - тәжірибені жинақтау;
  • техникалық жұмысқа уақытты жұмсауды қысқарту;
  • мұғалімнің өзіндік қорғау мен психологиялық ахуалды қамтамасыз ету.

Сабақ талдау типтері


Ұқсас жұмыстар
Логикалық тапсырмалар арқылы оқушыны жүйелі ойлауға үйрету
Оқушы деңгейінен Дарынды шығармашылық деңгейге жету
Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
Оқушылардың математикалық ойлау жүйесін дамыту жолдары
Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек
Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары жайлы ақпарат
Шығармашылық қабілетін дамыту
Оқушының шығармашылық әрекеті және соған сәйкес қалыптасатын қабілеті
Бастауыш сыныпта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Шығармашылық жұмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz