Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сөз топтарына, сөйлем мүщелеріне талдау

Сабақтың тақырыбы:Сөйлем мүшелері. Табиғаттағы су айналымы.
Сабақтың мақсаты:
1. Сөйлем мүшелері туралы өткен сыныптағы білімдерін жаттығуларды орындау
арқылы қайталау. Судың табиғаттағы айналымы туралы ұғымды
қалыптастыру.
2. оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу мәнерін, тілін дамыту, зейін,
ойлау қабілеттерін, пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру, есте сақтау,
дамыту.
3. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятуға тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, өз
бетімен, жұппен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ.
Құрал-жабдықтар: сөздік жұмыс, спикерлерге арналған сигналды таяқшалар,
бетке түсірілген ассоциялар, әңгімелерден үзінді,мақал-мәтелдер,
үнтаспа,белгілер,оқулық, дәптер.
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Психологиялық жағдай жасау.
2.Сабақтың мақсаты және міндеттерімен таныстыру.
II.Негізгі бөлім:
1.Көркем жазу. «Су – ғажайып зат».
2.Сөздік диктант
3.Сөз топтарына,сөйлем мүщелеріне талдау.
4.Сұрақ-жауаптар. (өткен тақырыпқа шолу).
5. «Су» сөзіне ассоциация құру. (жұппен жұмыс)
6. «Ойды аяқта» (су туралы мәліметтер).
7. «Куп» ойыны.(мақал-мәтелдер,шығама жазу).
8. «Су» тақырыбына сөйлем құрау.
9. Сергіту сәті.
10. Оқулық бойынша жұмыс.
11. «Тізбекті жалғастыр» (Дәптермен жұмыс)
12. Бекіту.
III. Қорытынды бөлім.
1.Бағалау
2.Бекіту.
3.Үйге тапсырма
Сабақтың барысы.
(үнтаспадан мудың сылдырын тыңдау)
-Кәне, балалар барлығымыз көзімізді жұмып, денемізді бос ұстап табиғаттағы
судың сылдырап аққан әдемі әуенін естиік.
-Біздің қоғамымыз үшін сендерде осындай мөлдір, таза, әдемі, пайдалы
болыңдар.
-Бүгінгі сабағымыз бізге тек ғана қуаныш, сәттілік әкелсін.
-Бүгінгі біздің мақсатымыз қазақ тілі пәнімен қатар дүниетану пәнін игеру.
-Біз сөйлем мүшелерін қайталаймыз және судың табиғаттағы айналуы туралы
білімдерімізді кеңейтеміз.
-Топпен жұмыс істейміз. 4 топ бойынша
1. топ «ойшыл»
2. топ «алғыр»
3. топ «білгір»
4. топ «талантты»
-әр топтың өз жетекшісі бар. Ол жетекшілер мұғалімнің көмекшісі.
-әр тапсырма орындалған сайын, мынандай 3 түрлі жетондар беріліп отырады.
Бұл жетондар сендердің алдарында жатқан бағалау парағына тапсырылады.
-Балалар мен сендерге тілейтінім «іске сәт»
Негізгі бөлім:
- Ал, енді алдымыздағы дәптерімізді ашып, «Көркем жазу» сәтін бастайық
- Тақтада жазылған сөйлемді оқимыз
(1 оқушы оқиды)
- «Су-ғажайып зат»
- Дәптерді көлбеу, денемізді тік ұстаймыз.
- Әр қайсысыларыңның дәптерлеріңе бір жолға осы сөйлемді көркем жазып
шығыңдар.
-Барлығы болған соң, әр топтың жетекшісі алдындағы таяқшаны көтереді.
-Жақсы балалар.
Сөздік жұмыс.
- Балалар мұнда әріптер өз-ара ренжісіп, орынға таласып келіспеушілік
пайда болды.
Біз қазір сол әріптерді дұрыс орынға қою керекпіз.
- Жа...быр, мұ...ит, құд...қ, тұ...ы, та...з,мөл...р,мұзд...қ, тере....,
саза..., өз...н.
- Келесі бетінде тексеру жүргізу.
- Жақсы балалар, бұл сөздердің барлығы немен байланысты?
- Жауап: (сумен)
- Дұрыс, балалар ендеше осы сөздердің ішінен бір-бір сөзден алып
мағыналы сөйлем құрап жазайық. Тақтаға 4 бала шығады.
- (жаңбыр, мөлдір, терең, өзен).
- Өте жақсы
- Енді, сендерге мынандай сұрақ.
- Сөйлем мүшелері дегеніміз не? 1-ші топ
- Қазақ тілінде сөйлем мүшелері қалай бөлінеді? 2-ші топ
- Тұрлаулы мүшелер неден құралады?
Бастауыш дегеніміз не? 3-ші топ
Баяндауыш дегеніміз не?
- Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не? 4-ші топ
- Дұрыс, балалар. Сонымен сөйлем мүшелерін қайталап өттік.
- Бірақ біз тек қана сөйлем мүшелерін емес, сонымен қатар табиғаттағы
«су» туралы өз білімізді қайталап өтейік.
- Жалпы «су» деген сөзді айтқанда сендердің көз-алдарыңа нелер
елестейді?
- Соны атап тақтаға ілейік.

өсімдік өмір
жауын-шашын мұхит
бұлақ су тамшы
мұз теңіз
адам тазалық
бу

- Дұрыс, балалар, су туралы қаншама мәліметтер біледі екенсіңдер.
- Бекіту жүргізу (су туралы)
- Ендеше, балалар сендерге мынандай тапсырма:
- Мен сендерге су... деп жазылған бетті көтеремін, сендер көп нүктенің
орнына ойды жалғастырыңдар, яғни бұл ойынның аты «Ойды жалғастыр».

Су.................
- Жақсы балалар. Сусыз өмір, тіршілік жоқ деген қорытынды ой түйеміз.
- Бірақ ойнымыз аяқталған жоқ.

Келесі тапсырма:
Судың үш күйі................................

1-тап. Мұз 2-тап. Су 3-тап. Бу 4-тап Қатты

Сұйық

Газ
2-тапсырма.
-Судың қасиеттері
Иіссіз Түссіз Дәмсіз
1-тап 2-тап 3-тап

3-тапсырма.
-Судың пайдасы-электр қуатын береді. 1-тап

Қоректендіреді Жерді жылытады
3-тап 2-тап

-Қорытынды жасау
-Дұрыс, балалар, енді сендерге тағы бір қызықты тапсырма.
-Бұл тапсырмада «куб» айналады, қай белгі сендерге қарап тоқталады, сол
тапсырманы орындаймыз.

1-тап. 4-тап. Мақал-мәтелдер. (дәптерге жазу)
2-тап. 3-тап. «Суды қорғау» туралы шағын шығарма жаз.

-Болған соң, топ жетекшісі таяқшаны көтереді.
-болған топ өз жазғандарын оқиды.
-Бекіту жүргізу. Мақтау.
-Жақсы, балалар, болсақ барлығымыз тақтадағы суретке мұқият қарайық.
-51-53 бет бойынша жұмыс.
-Қорытындылау
-Сергіту сәті
-Балалар тақтаға қарайықшы
Су үнемі айналыста болады.
- Бір бала оқиды
- Осы сөйлемнің мәнін ашу
- Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді (адам,
жануар, өсімдік, құстар, балықтар).

- Дұрыс балалар

- Енді сендер осы сөйлемді талдайсыңдар.

1 топ – сөйлем мүшелеріне
2 топ – сөз таптарына
3 топ-«Өсімдік сөзіне» (фонетикалық) дыбыстық талдау.
4 топ – сөз құрамына

-Сусыз жер бетінде өсімдік өспейді.
-(дәптермен жұмыс)
-Тексеру, бекіту
-Енді балалар дүниетану оқулығы бойынша жұмыс
-Барлығымыз 51-бетті ашайық
-Бекіту
-Мен сендерге мынандай ойын дайындадым.
Бұл ойынның аты «Тізбекті жалғастыр»
- Сендер осы сөздерді дұрыс реттеп, дәптерге жазу керексіңдер.
1) күннің қызуы; 2) судың булануы; 3)ауа қабатына көтерілуі; 4)бұлт
түзелуі; 5)жауын-шашын; 6) құрлық.
- Дұрыс, өте жақсы, балалар.
Қорытындылау.
- Ал, енді әр топтың алдындағы бағалау парағына көңіл бөлейік.
- Бүгін қай топ өте тмаша жұмыс істеді?
- Үйге тапсырма беру.
Д. 51-53 бетті оқу. Бақылау жүргізу.
Қ.т. 167-жат. 53-бет.
- Рефлексия. Әр топқа үш жұлдыз беру.

-қызыл
-жасыл
-сары

Ұқсас жұмыстар
Сын есімнің емлесі
6-сынып. модель түрлері
Сөйлем мүшелерінің байланысы
8-сынып оқушыларына қазақ тілінен арналған емтихан сұрақтары мен қосымша тапсырмалар
Практикалық тапсырмалар
Сөйлемнің дара және күрделі түрлері. 4 сынып
Жалаң және жайылма сөйлемдер. 8 сынып
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыр
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Сөйлем мүшелеріне талда
Пәндер