Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Көкшетау - Қазақстанның Швейцариясы атанған өлке

Тақырыбы: Жер шоқтығы - Көкшетау.
Мақсаты:
1. Көкше өңірі- тұнып тұрған сыр, сөйлеп тұрған сурет екенін ұғындыру.
2. Оқушылардың туған жер тарихын білуге қызығушылығы мен танымдық
қабілетін дамыту.
3. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қорғауға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Жер шоқтығы - Көкшетау» деп жазылған плакат, «Жұмбақтас»,
«Оқжетпес», «Аю -тас», «Бурабай», «Абылай хан» ескерткіші, «Биші ағаштар»,
«Жеке батыр», «Бұлақ суы», «Қонақ үйі», «Нұрсат», суреттері мен буклеттер,
сувинерлер, фотостенд, суреттер.
Тәрбие сағатының жүрісі:
I. Кіріспе
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар қош келдіңіздер!
Кең байтақ Қазақстанның әр облысының табиғатына байланысты өз
ерекшелігі жер байлығы мен тарихы, экономикалық, экологиялық жағдайы бар
екенін білеміз. Біз бүгін Көкше өңірінің тұнып тұрған сыр, сөйлеп тұрған
сурет екенін біліп танысамыз және Көкшетауда демалып қайтқан 7 сынып
оқушысы Кемалова Айнұрмен Жұлдызбен кездесіп әсерлі әңгімесін тыңдаймыз. .
II. Негізгі бөлім
Көкшетау облысының құрылуы, халқы, экономикалық жағдайы туралы мәлімет.
Мұғалім: Қазіргі уақытта кейбір колхоздар мен совхоздар жеке шаруашылық
бірлестігін құрып өнімдерін өндіріп халық игілігіне пайдаланған.
1-оқушы: Елге әйгілі ауасы-дәрі, қымызы – ем. Бурабай курорты-Көкшенің
мақтанышы. Егінге де, малға да бай, сұлу келбетіне ырыс-құты сай Көкшетау
облысында 700 мың халық тұрады.
2-оқушы: Халық Көкшетау атап кеткен Сарыарқаның солтүстік бөлігіндегі
көгілдір таулы өлке батысынан шығысына қарай төрт жүз- бес жүз шақырымға
созылып жатыр.
3-оқушы: Көкше өңірі тұнып тұрған сыр, сөйлеп тұрған сурет. Бірінен
-бірі асқан көгілдір таулар өз аясына мөлдіреген сексен көлді ұялатып,
текше-текше тастарды қиялатып ұлы табиғат өз өнерін айдай әлемге сиқырлы
бояуымен паш еткендей.
4-оқушы: Кедей ауылда асқан күшті әрі арманшыл бір батыр тұрыпты. Жас
кезінде уайым-қайғы дегенді елемей, думандатып, өмір сүрсе де, ер жеткенде
халық мұны қабырғасына батьш, қабағын кірбің шалады.
5-оқушы: Жаумен бірінші болып жас батыр кездесіп, жалғыз өзі қарсы
шабады. Ол қанша күшті болса да, қисапсыз жауды құртып бітіре алмайды.
6-оқушы: Көкшетаулықтар Көкше кіндігі Бұқпа тауы дейді. Оған Көкшетау
қаласына келгенде табиғат - ананың өзі қолмен қойғандай, қаланы қоршап
тұрған қорғантауды көргенде сенесіз.
7-оқушы: Патша үкіметінің отарлау саясаты кезінде Ресейден ығысып Көкше
жеріне келушілер саны арта түседі.
8-оқушы: Көкшетау - Қазақстанның Швейцариясы атанған өлке.
Хор: Ш. Қалдаяқов . «Менің Қазақстаным» әні.
Мұғалім: Көкшетау қаласында жазғы демалыстарында дем алып қайтқан
Жұлдыз бен 7 «а» сынып оқу озаты Айнұрға сөз кезегін берейік.
Жұлдыз бен Айнұр Көкше жеріндегі алған әсерлерін тамаша әнгімелеп
жеткізді.
Музыкалық сергіту: «Испан биі» орындайтын Еділова Аққнұр.
III. Әдеби — музыкалық мантаж.
1-оқушы:
Көзіңе оншама, Аяулы бәріңе
Көрінбес ірітау. Атадай ақылгөй.
Аласа болса да Ұлылық мәні де
Атанған Ұлытау. Осында жатыр ғой.
2-оқушы:
Алтайым деп мақтансам,
Мақтануға тұрады.
Айналасын ақтарсам,
Кеннен көзім тұнады.
3-оқушы:
Алтын, күміс, мырышы,
Араласып тараған.
Байлығы -ел ырысы
Кәдесіне -жараған.
4-оқушы:
Көрсем-ау деп Көкшені,
Талай адам көкседі.
Көрген кезде Көкшені,
Қуаныштың жоқ шегі.
Сөз жұмбақ шешу.

| | | | |К | | | | | | | | | | | | |Ө | | | | | | | | | | | | |К | | | | |
| | | | | | | |Ш | | | | | | | | | | | | |Е | | | | | | | | | | | | |Т | |
| | | | | | | | | | |А | | | | | | | | | | | | |У | | | | | | | |
1. Қазірдің жыл қай мезгілі?
2. С. Мұқанов «Бұқтаға» діңген қағып, дуан түсіпті – деп қай
шығармасында баяндайды?
3. Аңыздағы мәңгілік ұйқыға беріліп, туған даласының төсінде тасқа
айналған жас батыр.
4. Көкшетауда туып өскен Әубәкір молданың түрікше хат таныған, «Ер
Көнше жыры» деген жазуы бар дастанды оқыған кім?
5. Қай тауда гранит тасты жарып балқарағай, тырбың қарағай өседі?
6. Аңыздағы беті қайтпас батыр, туған жерін қызғыштай қорғаған кім?
7. Ауасы аңызға айналған қос өркешті тау.

VI. Көрініс «Кедейлік неден?»
VII. Мұғалім: Біздер Көкшетаудың жалпақ жазира төсінде еркелей қол
бұлғап, жібек орамалы өзіне ынтықтырып тұрған аты аңызға айналған ескерткіш
тауларды білдік. Жер байлығы, экономикалық жағдайы, Көкшетаудың қазақтың
Швейцариясы атанған өлке екенін таныдық. Табиғатты аялайық. Сөзімнің соңын
С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасынан үзіндімен аяқтаймын.

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы
Демалыссыз сұлу бетін жауған жауын.
Жан – жақтан ертелі – кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен – сауын.

Сексен көл Көкшетаудың саясында
Әр қайсы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі
Көкірек жұтсаң таясың ба?

Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың зат есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау
Таза ауа. 7 -сынып
Мұғалжар қай таудың жалғасы
Қазақстанның демалыс орындары. қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушыларды патриоттық санада тәрбиелеу
Таулы өлке
Сарыарқа туралы
Әдемі қалалар
Бурабай - сексен көлдің саясында
Тақырып - Сарыарқа
Пәндер