Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Алма ағашының есебі


Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді азайту.
Сабақтың мақсаты:
б) Ондық бөлшектерді азайту бойынша алған білімдерін жалпылап тиянақтау,
ондық бөлшек туралы қосымша ғылыми мағлұматтар беру, оқушылардың білімдерін
байқау;
д) логикалық пайымдауды жетілдіру, білім сапасын арттыру, білуге тиісті
міндетті деңгейдегі есептерді шығару, іскерліктерін дамыу және алған
білімдерін практикада орынды қолдана білуге, тез ойлауға, шапшаң есептеуге
баулу, ой-өрісін дамыту;
т) пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, көпшіл және зерек болуға
тәрбиелеу.
Түрі: ертегі желісінде.
Типі: дәстүрлі сабақ.
Әдісі: практикалық.
Көрнекілік: Слайд материялдары, суреттер.

Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Балалар, біз бүгін ондық бөлшектерді қандай деңгейде оқып – үйренгенімізді
тексереміз.
ІІ.Үй тапсырмасы:
Үй тапсырмасындағы есепті тексеру. \оқушылар дәптерлерінен дұрыс жауабын
тақта арқылы тексереді, ұпай санын бағалау парағына жазады.\
ІІІ. Математикалық шолу: \ауызша сұрақтарға жауап беру, есептер
шығару\
1. Ондық бөлшектерді қалай азайтамыз?
2. азайғыштың бөлшек бөлігі азайтқыштың бөлшек бөлігінен кіші болса қалай
азайтамыз?
3. Натурал саннан ондық бөлшекті қалай азайтамыз?

Жауаптары:

Недеген сөз шықты? « ЕРТЕГІ ». Яғни балалар бүгінгі сабағымызды ертегі
желісінде өткіземіз.
Дамыту
Ерте, ерте, ертеде бір ақылына көркі сай Баян атты қыз өмір сүріпті.
Оның өгей анасы және сіңілсі болыпты. Бір күні Баянды өгей анасы алтын
саңырауқұлақ алып келуге орманға жібереді. Сөйтіп Баян орманнан алтын
саңырауқұлақ іздеп жүріп адасып кетеді. Алдынан айдаһар кездеседі. Отын
шашып тұрған айдаһар Баянды ұстап алады. Баян айдаһардан жіберуін өтінеді.
Сонда айдаһар
егер менің қоржынымдағы есептерді шешсең сені босатамын дейді.
Ал енді балалар айдаһардың есебін шығарып Баянға көмек берейік.кітаптан
№1053
Азайтуды орында:
61,3-44,915-15,86
61,009-(16,3-1,291)
243-167,81-(96-28,95)
15,3-7,07-(15,09-7,615)
Сөйтіп Баянды құтқардық. Айдаһардан құтылған қыз алтын саңырауқұлақты
іздеуін жалғастырады. Келе жатып тиінді кезіктіреді. Баян Тиіннен алтын
саңырауқұлақтың қайда өсетінін сұрайды. Сонда тиін «мына ағаштың басында
менің ұям бар. Сол ұяның ішінде жаңғақтар бар. Сол жаңғақтардың ең
үлкенінде бір тапсырма бар. Егер сол тапсырманы орындасаң мен алтын
саңырауқұлақтың қайда екенін білетін жанды айтамын» дейді.
Тиін тапсырмасы:
Шамалар мәндерін ондық бөлшек түрінде жазып алып, азайтуды орындаңдар.
16м 3дм 9см – 4м 8дм 5см - 3м 6дм 7см
110 кг 560 г – 15 кг 20 г – 86 кг 3г
Ел аралаған көкекке жібереді. Сөйтіп Баян көкекті іздеп жолға шығады. Қарны
ашқан Баян алма ағашынан алма сұрайды. Алма ағашы «Егер маған мына есепті
шығаруға көмектессең мен саған алма беремін» дейді. Алма ағашының есебі.

Үшбұрыштың периметірі 18,25 см-ге тең. Оның бірінші қабырғасы 7,5
см, ал екінші қабырғасы 6,75 см-ге тең. Үшінші қабырғасын табыңдар.

Сөйтіп Баян ағашқа көмектесіп алма алады. Сөйтіп Баян әі қарай жолға
шығады. Сөйтіп Көкекті іздеп табады. Көкектен алтын саңырауқұлақтың қайда
өсетінін сұрайды. Сонда көкек «егер менің шартымды орындасаң мен саған
алтын саңырауқұлақтың қай жерде өсетінін айтамын» деді.
Көкектің шарты:
Теңдеуді шеш:
а+(46,3-24,91)=80,03-42,9
в+(75-29,07)=96,25-38,283
Алтын саңырауқұлақты тапқан Баян енді үйіне жетуді ойлайды. Келе жатырса
алдынан жын кездеседі. Жынға Баян ұшатын кілемімен үйіне жеткізуін өтінеді.
Сонда Жын «Егер менің мына тапсырмамды орындасаң мен сені үйіңе жеткіземін»
дейді.
Жын тапсырмасы:
Тест
6,3-3,2=
А)3,01 В)3,1 С)9,5 Д)3
9,5-5,3=
А)4,8 В)4,1 С)4,2 Д)14,8
23,78-16,51
А)7,25 В)7,21 С)7,5 Д)7,27
17,5-2,5=
А)15 В)17,5 С)25 Д)13
1,9-0,8=
А)1,01 В)1,1 С)9,1 Д)2,7
101,9-11,4=
А)90 В)90,3 С)9,5 Д)90,5

Сөйтіп балалар, жын Баянды үйіне апарып, Баян сіңілсімен, анасымен қауышып
бақытты да ұзақ өмір сүріпті.
Үйге тапсырма: №1040, №1041
Бағалау. Барлығымыз бағалау парағындағы ұпай санын санап, өзімізді
бағалайық.
12-15 ұпай «5»
8-11 ұпай «4»
11 ден төмен ұпай «3» болып саналады.

Класс: 5
Пән: математика
Аты-жөні: __________________________________

|Үй тапсырмасы |Матем. |Тақырып бойынша білімді тексеру |
| |шолу | |
| | |1 |2 |3 |4 |5 |
| | | | | | | |

М.Тәжин атындағы орта мектеп

\ашық сабақ\

Өткізген: Нұрманова Ж.

Мөңке би ауылы
2012 ж
-----------------------

і

Е

р

г

т

Е

0,3

3

15

Мөңке би ауылы,
М.Тәжин атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Нұрманова Жаңагүл Ерболатқызы

Ұқсас жұмыстар
Саябаққа саяхат
Food and drink жайлы ақпарат
Табиғи сұрыпталу-эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші
<<Әліппемен қоштасу>> мерекесі
Атқарушы құйғыш
Математикадан логикалық есептерді шешу жолдары
Түбір мен қосымша. 2 сынып
"озық ойлы оқушы" сайысы
Басты байлық-денсаулық. 5 сынып
Психикалық дамуы кешеуілдеген оқушылардың білімге деген қызығушылын арттыру
Пәндер