Мақсат қою

Информатика пәнін деңгейлеп саралап оқыту.
Жаңа инновациялық технология білім беру саласын дамытуға, оқыту құралы ретінде пайдалануға төмендегідей мүмкіншіліктерді, яғни оқу үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға бағғыту, оқушының өзіндік іс әрекетін қалыптастыруға бағыттау- білім беруде жекеше оқытуды дамыту және пәндердің бір-бірімен байланысын көздейді.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушщы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді.
- Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
- Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуга мүмкіндік береді.
- Деңгейлеп - саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылды: ең төменгі деңгей ( орташа жағдай), бағдарламалық, күрделенген деңгей.
- оқушының жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі ьолу үшін:жеке тұлға ерекшеліктеріне; психолдогиялық даму ерекшеліктеріне ( есте сақтау қабілетінің ерекшелігі, өзінің эмоциясын басқара білуіне!; пән бойынша білімді игеру деңгейіне ( оқушының білімімен іс - әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек) ;
сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Сонда көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлінеді :
- Сабақтың мазмұны
- Сабақты өткізудің тәсілдері мен әдістерін таңдау.
- Сабақтың нәтижелігі.
Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам: Оқушыларды ЭЕМ-нің негізі мүмкіндіктерін толық меңгерту, өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту.
Өзім сабақ беретін 9-шы және 11-ші сынып оқушыларын топқа бөліп оқытьу тәжірибесін қолданып келемін. Әр топқа жетекші сайлаймын. Әр топта 4-5 оқушыдан. Бұлай оқытудың тиімділігі нашар оқушылар көпшіліктің көлеңкесінде қалып қалмайды. Берілген тапсырманы орындағанда қысылмай өзара ақылдасып, бірі түсінбеген тапсырманы 2-сі түсіндіруге тырысады. Тағы да осы тапсырманы өзі орындауға мүмкіндік алады.
Сабақта академик В. М Манаховтың технологиялық картасын қолдануға тырысамын. Технологиялық карта- болашақ оқу процесінің болжау паспорты, бұнда оқу процесінің басты параметрлері белгіленуі керек. Осы берілген оқыту технологиясы дұрыс жобаланған болу үшін онда міндетті түрде бес элемент қамтылуы керек:
- Мақсат қою.
- болжау.
- Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен компьютерде орындайтын практикалық жұмыстары.
- Логикалық құрлым.
- Түзету.
Оқу үрдісінің педагогикалық тұрғысынан жобалау жекелеме тараулардың технологиялық карталарынан құрылады. Технологиялық картаның құрамды бөліктерін және олардың атқаратын қызыметтерін қарастырайық.
- Технологияның негізі жоғарыда айтып өткеніміздей мақсат қоюдан басталады, яғни тақырыпқа байланысты шағын ма қсаттарды анықтау.
- Берілген тақырыпты мақсаттарға бөліп алғаннан кейін жұмыс осы қойылған мақсаттарға байланысты оқушылар білімін болжау жұмысын құру. Біз бірінші рет оқушыға жеке тұлға ретінде қарай отырып оның өз деңгейін өз анықтауға мүмкүндік беруге тырысамыз, яғни білім мөлшеріне қарай болжаудағы қажетті тапсырмалар мөлшерін таңдап аламыз.
- Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен компьютерде орындайтын тапсырмалар мөлшерін белгілеу бөлігі. Бұл бөліктің практикалық мақсаты- оқушылардың ЭЕМ-ді мегеру арқылы болжау тапсырмаларына дайындығы .
- Мақсаттың саны мен мазмұны, онда анықталған оқушыларды дамыту міндеттері тақырыпты оқытудың логикалық құрлымын құрайды. Мұнда әрбір мақсатқа жетудің уақытша ұзақтығы беріліп, сабақтың негізгі және көмекші құралдары анықталады.
- Технологиялық картаның ең соңғы « Түзету» бөлігін қарастырайық. Бұл бөлік сынақтан өтпеген, ЭЕМ-ді мегере алмаған, яғни білім дәрежесі мемлекеттік стандарт деңгейінен төмен оқушыларға арналған.
Бұл бөліктегі негізгі үш жағдай қамтылады.
Бірінші - қойылған мақсатқа қатысты оқу материалын меңгеру барысындағы мүмкін болатын қиындықтар.
Екінші- өтьілетін тақырып бойынша оқушыларда жіберілетін негізгі қателіктер.
Үшінші- өз бетінші ЭЕМ -де орындау мүмкіндігі аз.
Төртінші - оқушы білім стандарт деңгейіне дейін көтеру үшін қолданылатын педагогикалық және методикалық түрдегі іс - шаралар.
Технологиялық картада неше мақсат болса сонша түзету жұмыстары болады, яғни осы аталған төрт жағдай әр мақсат үшін жеке-женке жазылады.
Технолгоиялық картаның жалпы құрлымы төмендегідей сызбада көрсетілген
Мақсат қою
М 1
Болжау
Б1
Стандарт ( қанағат) төрт бес
1 . . . 1 . . . 1 . . .
2 . . . 2 . . . 2 . . .
3 . . . 3 . . . 3 . . .
Сызба технологиялық картаны толтыру реті Рим цифрымен көрсетілген. Енді осы айтылғандарды 9-сыныпта Тармақталу командасы туралы тақырыпқа құрылған технологиялық картаға назар аударайық
Тақырыбы: Тармақталу командасы 9-сынып
М1 Пр1 Б1 М2 Пр2
Түзету
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
М1. тармақталу командасының көмегімен алгоритм ұйғарымдарын орындау және тәрбиелік, практикалық жұмыстарда оңай орындалатынын, маңызын атап көрсету. Тармақталу командасының көмегімен математикалық есептерге алгоритм және программа құру арқылы математикалық есепттерді шешуді үйрену
М2 . Тармақталу командасы бойынша шамалардың түрлерін алгоритмдік тілде және Qbasic программаларда белгілеу арқылы қарапайым программалар мен алгоритмдер құруды үйрену.
1. Тармақталу командасының алгоритмдік және Qbasic тіңлдерінде жазылу схемасын көрсет
2. Шартқа тәуелді түрде тармақталу командасына енетін командалардың екі сериясының тек біреуі ғана орындалатынын түсіндір
3. Егер шарт сақталатын болса онда қызыметші сөзінен кейін жазылған командалар орындалтынын көрсету, пайдалану.
4. Тармақталу командасында алгоритм құрғанда шамалардың қандай түрлерін пайдаланып, алгоритм құру
1. Берілген шамаларды пайдаланып кв теңдеулерге алгоритм және программа құру
2. Квадрат теңдеулерді шешу алгоритмінде кірістік. , шығыстық, аралық шамаларды табу
3. алгоритм мен программалау жазбасының сәйкестігін қарастыру арқылы программалау тіліне аудару керек, содан кейін көрсетім мәні бойынша бірдей екі алгоритмді салыстыру керек.
Шамалардың түрлерін қайталау.
Шамалардың қандай түрлері алгоритмдік тілде қолданатынын қайталау.
Алгоритм құру үшін орындалатын схемалар мен командаларды көрсету керек.
Оқушылар алгоритм құрғанда оның кірістік және шығыстық деректерін әлі де болса ажырата алмайды.
Тақырыбы: «Информатика сабағында жаңа технологиялардың мүмкіншіліктерін пайдалану»
Қазіргі болып жатқан саяси - экономикалық, мәдени - әлеуметтік өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында білім беру ісін жаңа сатыға көтеруді талап етіп отыр. Осыған орай жаңа кезеңдегі озық педагогикалық және әдістемелік идеяларды ой елегінен өткізіп, бүгінгі заман талабына сай, біршама өзгерген және жаңа жағдайларды қолдану ерекше маңызға ие болып отыр.
Ең алдымен біз оқушылардың психологиялық ұстанымдарын ескере келе, сыни ойлауды дамыта отырып ақпараттық құзыреттілігін дамытуға бағытталған, білімнің мазмұндық функцияларын, ақырғы нәтижеге бағыттай оқыту сапасын арттыру.
Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі.
Сыни тұрғыдан ойлау - бұл біздің ғасырда дамуымызға мүмкіндік беретін ерекше қабілет.
Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, жіберілетін пункті болып табылады. Білім адамның сыни ойлауы онсыз мүмкін болмайтын дәлелдемелерді туғызады. Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар, мәліметтер мен концепциялар секілді көптеген «шикізаттарды» ақпараттарды өңдеу керек болады.
Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.
Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz