Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі

Ақтөбе қалалық білім бөлімі
№52 негізгі мектеп

Математика пәні бойынша
«Екі айнымалысы бар
сызықтық теңдеу графигі»
тақырыбына арналған
сабақ жоспары

6 «А» класс

Өткізген математика-физика пәндерінің мұғалімі
Б. М. Нурмухамедова

Ақтөбе - 2011

Сабақ жоспары
Пәні: математика
Класс: 6 «А»
Мезгілі: 14.04.2011 ж.
Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі
Сабақтың мақсаты: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің
графигін
салуды үйрету.
Сабақтың міндеті:
• Білімділік. Берілген тақырыпты толық меңгеруге
мүмкіндік жасау;
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің графигін
салудың негізгі тәсілдерімен таныстыру, графигін  салу
дағдысын қалыптастыру;
• Тәрбиелік. Жаңа материалды меңгеруде қиындықтарды жеңуге
үйрету, жауапкершілік пен ұйымшылдық, тәртіптілікке
тәрбиелеу.
• Дамытушылық. Оқушылардың есте сақтау мен ойлау қабілетін
қалыптастыру, танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Күтілетін нәтижелер екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің жалпы
түрдегі өрнегін жаза білу.
Екі айнымалысы бар
сызықтық теңдеулердің шешімдері
болатын сандар
жұбын жаза білу. Екі айнымалысы
бар сызықтық
теңдеулердің қасиеттерін білу.
Графигін сала білу.
Сабақтың типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру сабағы.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: АКТ, ноутбук, проектор көмегімен

кестелер, формулалар жазылған

кесінділер, логикалық тапсырмалар,

графиктер.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекіліктерді қолдану, практикалық
жаттығу жұмыстарын орындату, әңгімелеу, баяндау.
Сабақта қолданылатын технология: СТО стратегиялары
Сабақ формасы: топтық оқыту
Ой шақырар:
«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек».

С.М.Ломоносов
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі сабақтың мақсат-міндетімен, жоспарымен
таныстыру.
2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
1. 3.Суретші мектеп бөлмелерін нөмірлеуге тиіс еді. Бөлме саны 94
болса, қанша рет «9» санын жазу керек? (14 рет)

2. Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке
Мықты болсаң,қанша екен тез есепте
Алдында екеу,екеу келеді артында
Екі-екіден келеді қос бүйірде. (4)
Бұл сандар бізге бүгінгі күннің жадын аңдатады екен.
3. СТО-дың ассоциация стратегиясы бойынша

3. Қажетті білімдер мен әрекет тәсілдерін өзектендіру.
Төменде берілген функциялардың ішінен
А) графиктері параллель түзулер болатын сызықтық функцияларды;
Ә) графиктері қиылысатын сызықтық функцияларды;
Б) А(4;2) нүктесінен өтетін сызықтық функцияны;
В) графигі координаталар басынан өтетін функцияны табыңдар

A)У= 2Х+1 Ә)У= 8Х-2 Б)У= 3Х-10 В)У= 2Х-3 Г)У=
5Х+3 Д)У= 7Х
4. Топтық жұмыс:
І топқа Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі қандай болады?
Мысалдар келтір.
ІІ топқа У=О болса, график қандай болады?
ІІІ топқа Х=О болса, график қандай болады?
5. ЖИГСО стратегиясы бойынша топ қайта жасақталады.
А) Эксперттік топтар
І топқа Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу.
ІІ топқа Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигін салу тәртібі
ІІІ топқа Сызықтық функция мен сызықтық теңдеуді салыстыру.
Ә)Жанұялық топта тапсырмаларды орындайды. оқулықтан
І топқа №1460 1) №1459 2)
ІІ топқа №1460 2) №1459 1)
ІІІ топқа №1460 4) №1459 3) Оу осімен қиылысу
нүктесінің координатасын табыңдар.
6. ББҮ стратегиясы
|Білемін |Білгім келеді |Үйрендім |
| | | |

7. Өз таңдауларыныз бойынша жұмыс, тақырыпқа қатысты «Жарнама»
немесе «Бес жолды өлең»
Зат есім (1 сөз)
Сын есім (2 сөз)
Етістік (3 сөз)
Сөйлем ( сөйлем)
Синоним (1 сөз)
8. Бағалау (Оқушылар өз тобындағы белсенді қатысқандарды
еңбектеріне сәйкес бағалайды)
9. Үйге тапсырма. № 1460 3,5,6) № 1470
-----------------------
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Ұқсас жұмыстар
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Мәтінді есептерді шешу
Қай түзу перпендикуляр түзу
Теңдеуге есептер шешу
Қорытынды сабақ. 6 сынып. математика
Күнтізбелік жоспарлау. 6 бағдарлы сынып
Түзу сызықты теңдеулер графигі
Сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері
Сызықтық функция
Пәндер