Квадрат және рационал теңдеулерді шешуге арналған практикалық ой-сайыс сабағы

Семей қаласы Т. Ы. Аманов атындағы №16 мектептің

математика пәні мұғалімі Чултуков Нартай Советханұлы

Сабақтың тақырыбы : Теңдеулер әлеміне саяхат. ( Слайд №1)

Сабақтың түрі: Ой жарыс, білім сайыс сабағы.

Сабақтың типі : Практикалық сабақ .

Әдіс-тәсілі: Ұжымдық, топтық оқыту.

Сабақтың мақсаты : оқушылардың теңдеулерді шешу тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу.

Сабақтың міндеті:

а) БІЛІМДІЛІК: теңдеулерді шешудің формулалары мен ережелерін өмірде, математикалық есептеулерде, практикалық іс-әрекеттерде қолдана білу ;

ә) ДАМЫТУШЫЛЫҚ: оқушылардың ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдылығы мен ой ұшқырлығын қалаптастыру;

б) ТӘРБИЕЛІК: Есеп шешімін іздеу арқылы қиыншылықты жеңуге, ұйымшылдыққа, дербестікке, дәлдәкке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі : интереактивті тақта, тапсырмалар жазылған парақтар (слайдтар) .

Сабақтың барысы :

  1. Ұйымдастыру .

Оқушыларды түгендеу. Топтарға бөлу. Сабақтың мақсатымен және сайыстың шарттарын қысқаша таныстыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару (слайд №2) .

Үй жұмысын тексеру.

  1. Қайталау - білім анасы. Әр топқа қайталауға арналған сұрақтар қою.

І кезең «Нысана» (слайд №6) :

  • Квадрат теңдеудің анықтамасы;
  • Келтірілген квадрат теңдеулер;
  • Толық квадрат теңдеу;
  • Толымсыз квадрат теңдеу.

Жауаптары: слайд №7.

ІІ кезең «Қорамсақ» (слайд №8) :

  • Толық квадрат теңдеулерді шешу формулалары (әр формула 1 ұпай) ;
  • Дискриминант сөзінің мағынасы (1 ұпай) ;
  • Толымсыз квадрат теңдеулерді шешу жолдары (әр түрі 1 ұпай) ;
  • Виет теоремасына кері теорема (2 ұпай) ;
  • Рационал теңдедің анықтамасы (1 ұпай) ;
  • Рационал теңдеуді шешу алгоритмі (2 ұпай) .

ІІІ кезең «Жебе» (слайд №10) : Әр топ қалауы бойынша 7 ғаламаттың біреуін таңдайды, сол ғаламаттың артында жасырылған тапсырманы топпен орындайды.

  • Тадж Махал: 1) -12; -2. 2) -1; 2. 3) -2; 1/3.
  • Қытай қорғаны: 1) -13. 2) -6; 4. 3) -1; 1, 5.
  • Египет пирамидасы: 1) -2; 10/3. 2) -1/3. 3) 3; 4.
  • Колизей: 1) -1/2; 4/3. 2) 3/2. 3) 5.
  • Дубай: 1) 0. 2) -3. 3) 4/3.
  • Мұнара: 1) -2; 10. 2) 0, 5; 5/4. 3) -5, 5; 1.

ІV кезең «Мерген» (слайд №17) : Бұл кезеңде тиісті жолақтарды таңдау арқылы әр топ берілген түбірлер бойынша теңдеулер құрып, шапшаңдықпен шыңның басына шығу керек.

1-нші саты. Жауаптары.

Күлгін түсті жолақ:

Жасыл түстіжолақ:

Қызыл түсті жолақ:

Сары түсті жолақ:

2-нші саты. Жауаптары.

Күлгін түсті жолақ:

Жасыл түстіжолақ:

Қызыл түсті жолақ:

3-нші саты. Екінші коэффициенті -15, ал түбірлерінің бірі екіншісінен екі есе артық болатын квадрат теңдеу құрыңыз.

Жауабы. (слайд №21) :

V кезең «Көкпар» (слайд №22) : оқушылардың логикасы мен ой ұшқырлығын, интеллектуалдығын бақылау сұрақтары:

  1. ХV ғ. Самарқанд ғалымы, “Арифметика кілті” еңбегінің авторы? (Әл-Каши) .
  2. Әріпті өрнекті енгізген ХVІ ғ фрацуздық көрнекті математик? (Франсуа Виет) .
  3. “Хисаб ал-джебр вал-мукабала” еңбегінің авторы, ІХ ғ. Орта Азияның белгілі математигі? (Әл-Хорезми) .
  4. Мектебіміздегі №15-і кабинет кімнің атымен аталған? (Жомарт Базенұлы) .
  1. Қорытындылау. ( слайд №23)

Кез келген квадрат теңдеуді шешуге болады. Ол үшін:

  1. жалпы жағдайда ДИСКРМИНАНТТЫ табу формуласын біліуіміз қажет, оның үш жағдайын. D>0. D=0. D<0;
  2. Келтірілген квадрат теңдеу болғанда, оны Виет теремасы арқылы шешу;
  3. a+b+c=0 және a+c=b дербес жағдайларды мұқият ескеру:

д) Рационал теңдеулерді шешкенде ең бірінші ММЖ-ны анықтау, БӨГДЕ түбірден сақ болу.

  1. Үйге тапсырма беру. № 182, 184. ( слайд №23)
  2. Бағалау. ( слайд №24)

Шығамын десең биік шыңның басына,

Адал досың - Біліміңді ал қасыңа.

Зула, топ жар! Бәйгеге түс, бекем бол,

Тула, толқы, тебірен бірақ тасыма!

Назарларыңызға рахмет! Сабақ бітті.


Ұқсас жұмыстар
Квадрат теңдеулерді шешуге арналған ойын негізіндегі сабақ жоспары
Виет теоремасы бойынша квадрат теңдеулерді шешуге арналған сабақ жоспары
Квадрат теңдеулерді қорытындылау сабағы: аукциондық бәсеке форматындағы практикалық тапсырмалар
8-сынып математикасы: Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару - интерактивті сабақ жоспары
Квадрат теңдеулердің түбірлерін формулалар арқылы шешуге арналған білімді бекіту сабағы
8-сыныптағы алгебра сабағы: рационал теңдеулерді шешу
8-сынып алгебрасы: Квадрат теңдеулерді шешудің әдістері (практикалық сабақ)
11-сыныпқа арналған қорытынды сабақ: Ерекше және квадрат теңдеулерді шешудің негізгі әдістері - Алғырлар сайыс сабағы
8-сынып алгебрасы: Квадрат теңдеулер тарауын қайталау және практикалық сайыс (№60 сабақ)
11-сынып алгебра: логарифмдік теңдеулерді шешуге арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz