Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

Таулар. 4-сынып. дүниетану


Сабақтың тақырыбы: Таулар

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды Қазақстан тауларымен және

тау жыныстарының түрлерімен
таныстыру.

ә) Оқушылардың ой - өрісін, тіл
байлығын,

ақыл – ойын, дүниетанымын
кеңейту.

б) Адамгершілікке, табиғатты
қорғауға қамқорлық

сезіміне тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: интерактив тақта, электронды оқулық, үнтаспа,

суреттер, карта

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, дискуссия, баяндау

Сабақтың түрі: Дамытпалы сабақ

Сабақтың типі: Жаңа сабақты игерту

Пәнаралық байланыс: Математика, ана тілі.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасы Құрлық беті. Жазықтар

(Оқушылардан кезекпен сұрау)

Жұмбақ жасыру.

Зәулім биік шың екен,

Биік шыңы қар екен.

Мұнарасына қарасаң,

Үлкен жотасы бар екен. (ТАУ)

Олай болса оқушылар біз тауға саяхат жасайық. Біз өзіміздің Шиелі ауданы
мен Жаңақорғанның шекарасында Еңбекші деген ауылының тұсында Қаратау деген
тау бар екен. Сол Қаратауға саяхатқа барғыларың келе ме? Ол жақтан көптеген
өсетін қызғалдақтар алғыларың келе ме? Ол үшін біз бірнеше сұрақтарға
жауап береуіміз керек.

1- сұрақ. Жазық деген не?
2- сұрақ. Қыраттар деген не?

Жазық жер, таулы жер, төбенің суреттерін көрсету.

- Суретке қарап не айтар едіңдер?
- Тау екенін қайдан білдіңдер?
3. Жаңа сабақ.

Картамен жұмыс. Физикалық картамен жұмысты қосу керек.

Таулардың суреттерін көрсетіп, атау. (ауызша түсіндіру)

Медеу мұз айдыны.

Медеу спорт кешені – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт
кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз
деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан. Табиғи мұз айдыны ретінде 1951
жылы пайдаланыла бастады.

Медеу спорт кешені 1972 жылы тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторлар:
В. З. Кацевске, Қайнарбаевқа, инженер Матвеевке 1975 жылы мемлекеттік
сыйлық берілді. Спорт кешенінің ауданы 10,5 мың метр.

12,5 мың орындық кешенде 2 жүзу бассейіні, спорт залы, мейманхана,
асхана, кинозал, кітапхана, баспасөз орталығы орналасқан.

1990 жылдан бері дәстүрлі «Азия даусы» халықаралық ән байқауыөткізіліп
келеді. 2011 жылы қыстық спорттық олипиада да осы Медеу спорт кешені өтеді.

Тау жыныстары туралы қосып, көрсету керек.

4. Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға тізбектей оқыту

5. Картамен жұмыс

Тауларды табу картадан көрсету.

6. Дәптермен жұмыс.

Қазақстандағы тауларды жазу.

Алатау, Тянь – Шань, Ұлытау, Қаратау т.б

7. Сергіту сәті.

Саяхатқа барамыз,

Тау шыңына шығамыз.

Шаршамаймыз, талмаймыз

Біз үлкен бала боламыз.

- «Талабың таудай болсын» дегенді қалай түсінесің?

8. Бекіту.

Тауда өсетін ағаштар ды тауып сұраққа жауап беру арқылы
орналастыру. Сол ағаштардың пайдасы бар ма?(шырша, емен, қайың суреттері)

Тест жұмысы.

1. Қ Р жер көлемі қанша?

а) 2 млн 724 мың

ә) 3 млн 724 мың

б) 4 млн 724 мың

2. Жер бетінің ерекше биік тұстарын не деп атайды?

а) Жазық

ә) Жыра

б) Тау

3. Таулар қандай тау жыныстарынан тұрады?

а) газ

ә) сұйық

б) қатты

4. Бетінде көп тқбе кездесетін жазықты қалай атайды.

а) Үстіртті жазық

ә) Төбелі жазық

б) Қыратты жазық

5. Жазықтар неден тұрады?

а)Құм мен саз тау жыныстарынан

ә) Қатты тау жыныстарынан

б) Граниттен

9. Үйге тапсырма

1. Дүние жүзінде ең биік тауды ата, ол қай елде, биіктігі қанша?

2. «Хан Тәңірі» шыңының биіктігі қанша?

3. Тақырыпты оқу.

10. Қорытындылау, бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Таулар
Дүниетану. тест 4 сынып
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары.қорғау.(қысқа мерзімді жоспар).4 сынып
Жер беті. 4-сынып
Мәтін түрлері. Сипаттау мәтіні
Жыл оқушысы, 4 класс
Ылғал, құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер. дүниетану
И.байзақов алтай. 3 сынып
Оқжетпес тауы
Ризамын саған Әліппе
Пәндер