Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Омоним сөздерді тап
Меңдешев Нұрлан Құмарұлы
Батыс Қазақстан облысы,
Қаратөбе ауданы,
Б.Аманшин атындағы орта
жалпы білім беретін мектебі
І санатты мұғалімі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
Ү-ҮІІІ сынып оқушылары үшін үйірме жұмыстарында шешендік өнерге баулу
мақсатындағы тапсырмалар үлгілері
Бүгінгідей тәуелсіздік туын тіккен заманда талай-талай ғасырлар
боында ұлтымыздың ой-санасына ұялаған шешендік өнерді қайта
тірілтіп,жандандыру қажет дедік.Сондықтан да бұл мәселені қолға алып,жоғары
білім орндарында,орта мектептерде ұйымдастыру аса қажетті.
Шешендік өнерді ортаңғы сыныптарда (Ү-ҮІІІ) оқытуда қазақ ауыз
әдебиетіндегі шешендік сөздерді мазмұнына қарай:шешендік арнау,шешендік
толғау,шешендік дау деп үшке бөліп қарастырып жүргенімізді ескеру
абзал.Сондай-ақ өлеңмен айтылған шешендік сөздер-термелі,қара сөзбен
айтылғандары-пернелі деп аталатынын да ескернен жөн.
Арнау шешендік сөздеріне әзіл,сықақ,сын,бата,алғыс,естірту,көңіл
айту жататынын,шешендік толғауға өсиет,насихат ететінін де айту артық
болмас.Ал шешендік дау-жер дауы, жесір дауы, мал дауы, ар дауы деп
бөлінетіндіктерін түсіндіру қажет.
Мектепте әрбір оқушының шешен сөйлеу қабілетін дамыту үшін ұстаздар
ұжымы ата-анамен, яғни отбасымен бірлесе істелетін жұмыс түрлерін
ұйымдастыруын жоққа шығарғымыз келмейді. Сондай-ақ бұны аса қажетті әрекет
деп білеміз. Егер ата-ана үйде бала тәрбиесіне үлгі етіп, шешендік
сөздермен мысал келтіріп, баланы әңгімеге тартса, оның ойын оятады десек,
мектеп түрлі үйірмелер, пікіралмасулар, ойбөліс, интеллектуалдық ойындар,
сахналық қоймаларды қою жұмыстарын өнерпаздық тәсімен жүзеге асыру керек.
Міне, осындай жұмыстарды жүргізу барысында шешендік сөз үлгілерін оқушы
ынталана тындап, ол сөздерді өмірде пайдалану үшін жадында сақтайды.
Сонымен қатар шешендік сөздер жинақтарынан таңдаулы өнегелі сөздерді оқып,
дағдыға айналдыруды ұсынған жөн.
Өздері оқыған ертегілердегі, аңыз әңгімелердегі, шешендік сөздерге
назар аударып, оның көркемдік ерекшелігіне тоқталып, бағалаудың да зор
маңызы бар.
Шешендік өнерге баулу жұмыстарын ұйымдастыруда оқушылардың жас
ерекшелігін басшылыққа алу аса қажет. Олардың сабаққа деген қызығушылығын
арттыруда «Достық», «Туған ел», «Мен және менің отбасым» т.б тақырыптарында
пікіралмасулар зор маңызы бар. Өйткені мұндай формадағы жұмыстар түрлері
тыңдаушысын қызықтырып, оқушылардың ойын, тілін дамытып, шыңдай түсері
даусыз. Сондай-ақ оқушылардың көркем кітаптары, көрген кинолары, тыңдаған
радио, теледидар хабарлары жөнінде қозғаған ой-пікірлерінің әсері мол.
Текмұғалім оқушыға ойын шұбалаңқы көп сөзбен емес,бір-екі ауыз сөзбен
түйінін айтып жеткізуге бағыт-бағдар сілтеуі керек.Ол үшін төмендегідей
қағидалары ескерген жөн.
1)Алынған тақырып күн тәртібіндегі мәселеге сай болуы;
2)Айтайын деген ойдың тыңдаушы оймен ұштасып,жатуы;
3)Сөйлеушінің сөзі жалықтыратындай ұзақ болмауы;
4)Тақырып мазмұнының дәл,түсінікті ашылуы шарт.
Сонымен мектепке шешендік өнерге баулу сабақтарына негіздеп
төмендегідей тақырыптарды,тапсырмаларды ұсынуға болар деп ойлаймыз.
ә)Қожанасыр туралы,оның алғырлығы тапқырлығы білгірлігі жайында
әңгімелер;
ә)Алдар Көсеге байланысты әңгімелер;
б)Жиренше мен Қарашаш,Қаз дауысты Қазыбек,Төле би,Әйтеке би,Сырым
Датұлы,Бала би,Досбол шешен данышпан,ойшыл гуманист көсемдердің өмірімен
таныстыру сондай-ақ олардың ел арасындағы дау мен билікке араласқан от
ауызды орақ тілді болғандығын мысалдармен дәлелдеп тәрбиелік мәнін ашып
оларға өнеге ету;
в)Абай Құнанбаевтың да, дәстүрлі шешендік өнерге қатыстықақында
тақталып,тұжырым айту;
г)Би-шешендер тураллы рефераттар жаздыру,жадығаттар жинау;
ғ)Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол.
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол.
Бір тонның жағасы болма,
Көп қолдың ағасы бол.
Ақты ақ деп бағала,
Қараны қара деп қарала.
Өзегің талса,өзен бойын жағала,
Басыңа іс түссе,көпшілікті сағала.
Өзіңе кәміл бол,
Халқына әділ бол,
Жауыңа қатал бол,-деген Төле бидің сөзі шешендік сөздердің қай түріне
жатады?Бұл жолдардан нені түсінуге болады?
д)Қазыбек биге бір адам «Кім жақын,не қымбат?не қиын?деген үш сұраққа
жауап беріңізші»-деп қиылып отырып алыпты сонда Қазыбек ьылай деп жауап
қайтарған екен:
Тату болса ағайын жақын,
Ақылшы болса ағайын ақын,
Бауырмал болса інің жақын,
Инабатты болса келін жақын,
Алтын ұяң-Отан қымбат,
Құт берекең-атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат,
Асқар тауың-әкең қымбат,
туып өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат.
Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқылаған сөз қиын,
Дәл осындай жағдайда,
Пана болмас өз үйің.
Жазылмаса дерт қиын,
Іске аспаған серт қиын.
Тапсырма:Осы жолдардағы шешеннің ойы қалай көрінген?Нені биік қояды?Осы
жолдарға жалғастырып,өз ойынды жаз деген сияқты тапсырма,сұрақтар беруге
болады.Бізше,ұтпасақ ұтылмасымыз белгілі осындай жұмыс түрлерінің тәрбиелік
мәні де телегей теңіз.
е)Досбол би қартайған шағында ауылдас бір қария:
Жерден ауыр не?
Судан терең не?
Оттан ыстық не?
Көктен биік не?-деп сұрапты.
Сонда Досбол басын көтеріп алыпты да:
Жерден ауыр-ақыл,білім,
Судан терең-оқу,ғылым,
Оттан ыстық-ғашықтық,
Көктен биік-тәкәппарлық,-деп жауап беріпті.
Тапсырма:Міне,осы жолдардан біз нені байқаймыз?Мұндай ой қалай
берілген?деген тірізді сұраулар арқылы баланың ойлау қабілетін,шешен сөйлеу
шеберліктерін әбден дамытуға болатынына сенімдіміз. Я дау-таластарды шешуде
билердің алғырлық, тапқырлық пен айтқан көркемде көсемде, өнегелі ойлардан
туған шешендік сөздердің жас ұрпақтарды тәрбиелеуде маңызы зор. Шешен
болып, қисынды, ойлы, түйінді, мәнді сөйлеу үшін әрбір адамның ой терең,
тілі жетік болуы шарт. «Талапты ерге нұр жауар» дегендей сөз тыңдап отты
сөздерді ойға тоқып, нағыз ділмарлық дәрежесіне көтерілу кім- кімгеде ол
үшін ыңталы, жігерлі ойы ұшқыр , шапшаң бір сөзбен айтқанда қабілетті
балаларды іріктеп оқытудың маңызында жоққа шығармаймыз. Бұл бағыттарда
мұғалімдер қауымына да біраз дайындық жасауға тура келері сөзсіз. Ұстазы
мықтының ұстамы мықты емеспе: Өйткені бұл мәселенің теориялық жағын өзі
түсініп алмайынша, шәкіт санасына жеткізу біраз қиындық келтіреді. Бұл
ретте мұғалімнің ой еркіндігі, сөйлеу мәнеріне ең керемет тәсілдердің
қажеттілігі дау туғызбаса керек-ті.
Шешендік өнерге баулу сабақтарында шәкірт атаулыға төмендегідей
тапсырмаларды да әбден ұсынуға болар еді. Мәселен:
Майқы би айтыпты дейтін, ел есінде сақталып, мақал- нақылға айналып
кеткен сөздерден:
1.Бірлік түбі – береке
Мереке түбі- мереке
Ақ білектің күшімен
Ақ найзаның ұшымен
Ел болуды ойлаңдар.
Тапсырма: 1) Қай сөз қайталанып отыр? Неге?
2) Қанатты сөз қалай қолданылған?
3) Омоним сөздерді тап?
4) Шешеннің ойы дәл жеткізілген бе?
2) Естіге айтқан тура сөз шыңға тіккен тумен тең.
Құмға сіңген сумен тең.
Тапсырма: 1) Шешендік сөздің қай түріне жатады?
2) Автор не айтқысы келеді?
Осы шумақтан сөз тіркестерін тап?
4) Көркемдік ерекешелігіне сипаттама бер.
5) Мазмұнын өз сөзіңмен әңгімелеп бер.
Шешендік өнерге баулу мақсатындағы сұрақ тапсырмалардың бірер шоғыры
төмендегіше:
- Ежелгі дәуірдегі шешендік өнерге тән басты белгілерді ата.
- Сіздің ойыңызша, қазіргі шешендер классикалық дәуір шешендерінің
қандай қаситтерін қабылдауы керек?
- Ресейде шешендік өнердің ежелгі дәуірде дамуы туралы айтыңыз.
- Шешендік теориясының дамуында М.В Ломоносов қандай еңбек сіңірді?
- Кеңес дәуіріндегі шешендік өнердің қандай ерекше белгілері бар?
- Күнделікті қарым-қатынас жасау барысында ауызша сөйлеу ерекешелігін
және оның көпшілік алдында, яғни радио –теледидардан сөйлеуден
айырмашылықтарын атаңыз.
- Шешендік сөздерге тән басты белгілер қандай?
- Шешендік өнер дегеніміз не?
- көпшілік алдында сөйлеуге дайындықтың қандай кездерін сіз аса қажет
деп санайсыз.
- Сөзінің сәтті немесе сәтсіз шығуына шешеннің беделі қалай әсер етеді?
- Көпшілік алдында сөйлеген кезде тыңдаушы қауымның жетік түсінуі және
қабылдауы үшін қандай ерекшеліктерді ескеруі қажет? т.б
Жинақтай айтсақ, халқымыздың асыл мұраларының бірі-шешендік өнерді дамыта
оқытуда, оны бүгінгі ұрпақ санасына сіңіре білуде мұғалімдер мен оқушылар
қауымының бірлесе ізденіп жұмыстануы қажет деп ойлаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz