Кәсіптік лицей оқушыларының рухын көтеру

КӘСІПТІК ЛИЦЕЙДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӘРБИЕ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мусаев Арман Қонысбайұлы
Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары
Баекеева Шарбану Толыбайқызы
Лицей әдіскері
№8 кәсіптік лицей, Қазалы қаласы, Қызылорда облысы
« Сапалы білім беру Қазақстанның және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс. »
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауынан
Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында жан - жақты ел тарихын жетік білетін, заман талабына сай егеменді еліміздің ертеңі болатын азаматтарды тәрбиелеу - басты міндет. Еліміздің білім жүйесін жетілдіру - мемлекеттің басты басымдықтарының бірі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиясында былай деп жазылған: «Мен өзіме 33 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетемін? Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар, бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады».
Өмір тәжірибесі көрсеткендей, тәрбие білім берумен қатар жүретін үрдіс және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық іс-әрекет ретінде қарастырылады. Егер оқыту тәрбие үшін “ақпараттық қорек” қызметін атқарса, тәрбие оның адам игілігіне жұмсалуына кепілдік береді. Осыған қарай білім беру үрдісінде тәрбие рөлінің басымдылығы жоғары екенін көруге болады. Мұның бәрі “Білім туралы” Заңда айқындалған.
Мектеп - оқушыларды тәрбиелеудің негізгі құралы. Сондықтан да ондағы оқу-тәрбие үрдісі ертеңгі Қазақстанның болашағына ықпалын тигізеді, себебі мектеп - қоғам идеясын жүзеге асырушысы. Еліміздің жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектепті еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөліп қарауға болмайды. Осы тұрғыдан ол - балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктіретін орталық.
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатында көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық - тарихи тәжірибені беру процесі. [2]
Тәрбие жүйесі - педагогикалық процестерді қамтитын тәрбиелеудің педагогикалық басты қағидасы, яғни сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды тәрбиеге баулу ортасы.
Білімді, адамгершілікті, ынтымақтасуға және өзара іс-қимылға қабілетті, қазақстандық патриотизмнің негізгі құндылықтары қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу мәселесі жөнінде әр жылдары Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие беру бағдарламасы, мемлекеттік жастар саясаты, Қазақстан балалары, үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы сияқты аса маңызды құжаттар қабылдануда.
Қоғамдағы зор міндеттердің бірі - болашақ ұрпақты, жеке тұлғаны тәрбиелеу. Тұлға - жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. [2]
Мектеп қабырғасындағы білім алушы оқушыға рухани-адамгершілік, азаматтық қасиеттерімен бірге, жаңа заманға сай өзінің бар мүмкіндігін пайдалы мүддеге жұмсауға дайын болатын жеке тұлға қалыптасатындай тәрбие жүйесі қажет.
Тәрбие жүйесі - педагогикалық процестерді қамтитын тәрбиелеудің педагогикалық басты қағидасы, яғни сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды тәрбиеге баулу ортасы.
Тәрбие жұмыстарының ең негізгі міндеті - оқушылар арасындағы тәрбие жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыру және жүзеге асыру.
Кәсіптік лицейдің басты қызметі - қазіргі заман талабына сай бәсекеге барынша қабілетті, адамгершілігі жоғары жеке тұлға қалыптастыру.
Кәсіптік лицей 2010-2011 оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасымен жұмыс жүргізеді. Оны іске асырудың басты мақсаты - үздіксіз білім беру жүйесінде кәсіптік лицей оқушыларының Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасып, өзін-өзі танытуына, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.
Тәрбие тұжырымдамасы негізінде №8 кәсіптік лицейдің 2011-2013 жылдарға арналған тәрбие жүйесінің стратегиялық жоспары құрылды.
Кәсіптік лицейдегі тәрбие жұмысының стратегиясы кәсіптік арнаулы орта оқу орнының оқушысын тұлға ретінде қалыптастыру үдерісіне белсенді қатысуына бағытталған.
Кәсіптік лицейдегі тәрбие жұмысының негізгі факторлары біріншіден, кәсіптік лицейдің өзіндік ұйымдастырылуы, екіншіден оқу және тәрбие саласында оқушылардың өзін - өзі басқаруын ынталандыру және оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру.
Стратегиялық жоспардың мақсаты - Жас ұрпақты тәрбиелеу проблемаларына көңіл бөлуді күшейту, Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үдерістеріне барлық субъектілердің іс-қимылдарын келістіру.
Стратегиялық жоспарды іске асыруда алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық.
- Жастардың кәсіптік білім алуға қолжетімдігін кеңейту;
- Кәсіптік лицей оқушыларының рухын көтеру;
- Оқушылардың қоғамдық жұмыстарға тарту; белсенділігін көтеру және ынталандыру;
- Сапалы білім алуға насихаттау, оқушылардың діни және саяси бірлестіктермен байланысын нығайту;
- Өзін-өзі басқаруға бағытталған ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
- Қазақстандық отан сүйгіштікті, төзімділікті, жоғары мәдениеттілікті, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеу;
- Оқушыларды жалпы адамзаттық құндылыққа, адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі дамытуға бағытталған еркін, ізетті тұлға ретінде тәрбиелеу;
- Оқушыларды адамдар арасындағы ізгілікті қарым-қатынас орната білуге бағытталған зорлықсыз рухында тәрбиелеу;
- Оқушылар ұйымдары мен бірлестіктері қызметін жетілдіру және олардың өркенденуіне тиісті жағдай жасау;
Стратегиялық жоспардың басты мақсатына жетудің негізгі басымдылықтары:
- Оқу үдерісінде тәрбие қызметін нығайту
- Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының әрекетін кеңейту
- Оқушылардың үш тілділік даярлығын нығайту
- Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру
- Оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру
- Оқушыларға құқықтық тәрбие беру
- Оқушылардың қоғамдық жұмыстарын ынталандыру жүйесі
- Кәсіптік лицейдің жағымды бейнесі және бірлескен рухани оқушылар ортасының қалыптасуы
Кәсіптік лицей қызметінің 2010-2013 жылдарға арналған стратегиялық бағыттары:
- ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы негізінде 12 бағыт бойынша тәрбиелік шаралардың мазмұнын жетілдіру және сапасын арттыру
- Ата - аналармен жұмыс
- Қоғамдық ұйымдармен жұмыс
- Қабілетті оқушылармен жұмыс
- Қиын оқушылармен жұмыс
Тәрбие жүйесінің негізгі бағыттары:
- Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
- Рухани-адамгершілік тәрбиесі
- Отбасы тәрбиесі
- Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру.
- Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру
- Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру
- Экологиялық тәрбие
- Эстетикалық тәрбие
- Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру
- Еңбек және экономикалық тәрбие
- Кәсіби-шығармашылық тәрбие
- Интеллектуальді мәдениетті дамыту
Тәрбие жүйесінің өзегі педагогикалық ұжым мен жеке тұлға болып табылады. Педагогикалық ұжымның қызметі - жеке тұлғаны шығармашылық, жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz