Балаларды тыныштандыру

Сабақтың тақырыбы :

«К к» дыбысы мен әріпі

Сабақтың мақсаты:

  1. Балаларға«К к»дыбысы мен әрпін таныту, баспа түрін жаздырып үйрету,«К к»дыбысына байланысты сөздер ойлату, сөйлем құрату.
  2. Тіл байлықтарын кеңейтіп, қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру, әдемі жазуға дағдыландыру.
  3. Өзара сыйластыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Мазмұнына байланысты міндеттер:

а/ «К к» дыбысы және әріпімен танысады;

ә/ «К к» дыбысынан басталатын сөздер бейнеленген суреттерді топтастырады;

б/ «К к» әрпін баспа түрін алдарындағы тақтада жазып үйренеді;

в/ Балапан дәптерінен «К к» әріпінің жазба түрін нүктелердің үстінен бастырып, элементтерін жазып үйренеді.

Топтық үрдісіне байланысты міндеті:

  1. Балалар бір-бірінен үйренеді, көреді.
  2. Топта ақылдасып, бір - біріне сөздерді оқуға көмектеседі.
  3. Тапсырмалар орындаған кезде топтастарына қарап үйренеді, қарым-қатынас жасайды.

Көрнекілігі:

«К к» әріпінен сөздер бейнеленген суреттер, кеспе әріптер, үлестірмелі суреттер, қызыл, көк үй, «К к» әрпі бейнеленген күн сызбасы.

Құрал- жабдығы:

Техникалық құралдар /музыка қоюға/, алдарына қоятын тақталар, қобдиша, балапан дәптер, оқулық, кәмпиттер.

Сабақтың типі:

Жаңа материалды меңгерту сабағы.

Сабақтың түрі:

Ойната отырып, дамыта оқыту сабағы.

Әдіс-тәсілдер:

Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сөздік жұмысы, ойын ойнату.

Сабақ барысы:

Кезеңдері

Қолданылатын

стратегиялар

Мұғалімнің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті.
Кезеңдері: І. Ұйымдастыру.
Қолданылатынстратегиялар:
Мұғалімнің іс-әрекеті:

Балаларды тыныштандыру.

Бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтардан сәл өзгешелеу, өйткені бүгін сабағымызға көп қонақтар келіп отыр, сондықтан сендер өздеріңді дұрыс ұстап, тәртіпті болып, сабаққа белсене қатысып, ойларыңды ұялмай айтуға тырысыңдар, келген қонақтарға өздеріңді тек жақсы жағынан ғана көрсете біліңдер демекпін.

Балалардың іс-әрекеті.:

Балалар түзу тұрып: Қатар - қатар тізіліп,

Оқушыға ұқсайық.

Қолымызды түсіріп

Түп-түзу боп тұрайық

1-ші қатар- жәй отыр

2-ші қатар - тез отыр,

3-ші қатар-сендерде

отырыңдар.

Балалар мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдайды.

Кезеңдері:
Қолданылатынстратегиялар: Қызығушылықты ояту.
Мұғалімнің іс-әрекеті: -Музыка ырғағымен, орындарында отырып қастарында отырған достарының алақандарына алақандарыңды түйістіріп, бір-бірлеріңе жылы лебіз, күлкі сыйлаңдар, бір-бірлеріңді еркелетіп айтуға да болады.
Балалардың іс-әрекеті.: Балалар қасында отырған баланың алақанына өз алақандарын түйістіріп, жылы лебіз, күлкі сыйлайды, еркелетіп айтады.
Кезеңдері: ІІ. Дайындық кезеңі
Қолданылатынстратегиялар: Эмоцианалды тұрақтылықты тудыру.
Мұғалімнің іс-әрекеті:

Пішіндер тарату арқылы 4 топқа бөлу. Пішіндер: көбелек, күн, кітап, көйлек.

  • Балалар таратылған пішіндер бойынша топ болып отырамыз және топ болып бірігіп сабаққа қатысамыз, тапсырмалар берілгеннен кейін болған топ шуылдамай, қолымыздан ұстап, жоғары көтереміз. Әр тапсырманы дұрыс орындап, сабаққа жақсы қатысқан топтарға кәмпиттер беріліп отырады, сабақтың соңында санап, қорытындысы шығарылады.
Балалардың іс-әрекеті.:

Әр оқушы пішіндерге байланысты бөлініп отырады.

  1. ші топ - көбелек
  2. ші топ - күн
  3. ші топ- кітап
  4. ші топ- көйлек

Топ басшысын сайлау

Кезеңдері: ІІІ. Өткенді қайталау
Қолданылатынстратегиялар:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
  • Балалар, дыбыстар нешеге бөлінеді?

«Әріптер қай үйде тұрады?» ойыны . өткен әріптерді дауысты, дауыссызына қарай үйлерге әр топтан бір баладан келіп, алған дыбысты атап, салады. Әріптер үстел үстінде шашылып жатады.

Балалардың іс-әрекеті.: - Дыбыстар екіге бөлінеді, дауысты, дауыссыз болып. Дауысты дыбыстарды айтқанда еркін, кедергісіз, созылып айтамыз, ал дауыссыздарды айтқан кезде кедергілермен айтылады, соза алмаймыз.
Кезеңдері: ІҮ Жаңа сабақ
Қолданылатынстратегиялар: Мағынаны тану
Мұғалімнің іс-әрекеті:

-Балдалар, бүгін таңертең сыныпқа кірсем, менің үстелімде мынадай бір зат тұр.

Бұл не екен балалар? Бұл сиқырлы қобдишаны ашып, оның ішінде не бар екенін көрейік.

-Ішінде жұмбақ жасырылыпты, қазір мен оқып берейін, сендер шешуін таба қойыңдар.

Үлкен алтын табақтан,

әлемге нұр таратқан.

  • Бұл не екен?
  • Осы жұмбақтың шешуіндегі сөзге мән берейік. «Күн» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
  • Дұрыс айтсаңыдар «К» дыбысынан басталып тұр екен, бүгін біз «К» дыбысы және әріпімен танысамыз.

Жұмбақтың шешуіндегі сөз бейнеленген сызбаны тақтаға ілу /күннің сызбасы/ ортасында «К» әріпі бейнеленген.

«К» дыбысын хормен айтып көрейік, айтылуына мән берейік, не байқадық, қалай айтылады екен?

  • Кедергілермен айтылса «К» дыбысы қандай дыбыс?
  • «Сөз ойла, тез ойла»ойынын ойнаймыз, қай топ «К» дыбысынан басталатын көбірек сөз ойлап айтады екен?

Топтың атына тоқталу. Осы айтылған сөздердің ішінде сендерге таныс емес, түсініксіз сөздер бар ма, бар болса айтыңдар.

Балалардың іс-әрекеті.:

-Бұл қобдиша.

-Иә, қобдишаның ішінде не бар екенін көргіміз келеді.

Балалар мұғалімді мұқият тыңдайды.

Балалар хормен мұғаліммен біге «К» дыбысын айтады.

Айтылуына мән береді -кедергімен айтылады екен.

«К» дыбысы дауыссыз дыбыс, көк үйде тұрады.

Әр топтан «К» басталатын сөздер айтады: көлік, керік, кеме, кене, көл, кілт.

Топтың аталуына тоқталады.

Кезеңдері:
Қолданылатынстратегиялар: Топтастыруу
Мұғалімнің іс-әрекеті:

Топтарға суреттер тарату, ішінен «К» дыбысынан басталатын сөздің суреті бейнеленгенін тақтаға күннің сызбасына іледі, топтастырады.

«К» әріпінің баспа, жазба түрін көрсету арқылы танысу.

-Неше таяқтан құралған? Балапан дәптерінде «К» әрпінің баспа түрін бастырады.

Балалардың іс-әрекеті.:

Топ ішінде суреттерді қарап


Ұқсас жұмыстар
Сырым датұлы бастаған қазақтардың ұлт азаттық көтерілісі. 8 сынып
Лагерьдегі қызықты күн
Ата-ана қарым-қатынасының бала тәрбиесіне әсері
АШЫҚ САБАҚ АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫ
Сабақ тақырыбы. Сабақ барысы
Жадынама
Санды 2- ге көбейту кестесі
Рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі
Қасиетті сөз
Кока-кола мен энергетикалық сусындардың зияны ғылыми жоба
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz