Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Менің кітап дегенім

ББК
П 11

Автор: Мухаева Зауре Тюлюбайқызы – бастауыш сынып мұғалімі СҚО,
Ақжар ауданы, Талшық селосы Бестерек орта мектебі
П 11 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Ұсынылып отырған «Ғылымның сырын ұғына, Шығамыз білім шыңына» атты
өлеңдер жинағы бастауыш сынып оқушыларының өз шығармаларынан жасалған.
(суреттері тақырыбына сай келтірілген)
Бұл құралда: түрлі тақырыпта шығарылған өлеңдер оқушыларды
әдептілікке, мейірімділікке, тазалыққа, адамгершілікке, елін, жерін
сүюге баулиды.

Қазақстан
Сен жайнашы Қазақстан,
Туған жерім мекенім.
Жайнай берші Астанам,
Отаным деп мақтанам.
Копжасарова Сымбат

Менің әжем

Қойынында өстім мен,
Ұмытпаймын ешбір мен.
Түрады мәңгі жүректе,
Үйреткені, бәрі де.

Ақылшы да, қамқоршы,
Жақсы деуге тұрақты.
Әжем менің лайықты,
Бар істері тиянақты.
Далай Айтансық

Менің әжем.

Тәрбиелеп өсірген,
Дәрежеге жеткізген.
Үйдегі әжем бар менің,
Әжеме тілек көп менің –
Тәрбиесін көргенім.
Тогтоол Жанат

Туған жерім

Туған жердің таулары,
Көлдері мен баулары.
Туған жерден кетсем де,
Үйімдей болып қалады.

Туған жердің таулары,
Көлдері мен баулары.
Көктем келіп шуақты,
Өзендерден су ақты.
Бәриден Ерғанат

Ақ боташым
Ақ боташым, боташым,
Бәріненде қорқасын.
Үиренесің әлі де,
Асықпа сен боташым.
Атың сенің «Ханшайым».
Боласың сен әрдайым,
Жуассың сен әлі де,
Лайықты атың өзіне.
Мөлдіреген көзіңнен,
Үйренемін өзіңнен.
Ақылдысың, мамықсын

Далай Айтансық

Дәрігер боламын
Дәрігер боламын,
Өскенде толамын.
Жиырмаға келгенде,
Дәрігер боламын.
Дәрігер болғанымды,
Менің әжем ұнатады.
Емдеймін мен әжемді.
Дәрігермін өйткені,
Айтқанын мен тыңдаймын.
Өскендеде ойлаймын,
Әжем менің ерекше.
Жетектеймін әлі де.

Күлмеш Қымбат

Шаңғышы
Қыста төбеден,
Сырғанайсың өзіннен.
Шаңғыны тепсен сен,
Шынығасын әбден сен.
Шаңғышы болуың,
Спорттың түрі ғой.
Шынықсан әбден сен,
Спортшы болдың ғой.
Бәриден Ерғанат

Омарташы атай
Омарташы атай,
Далада жүр саспай.
Аралардың арасы,
Оған көзбен қастай.
Бал береді араны,
Деп қуанып тұрады.
Қорықпайды ешқашан,
Бағып, қағып араны.

Күлмеш Қымбат

Серуенге шыққанда
Серуенге шыққанда,
Пайдалы ол адамға.
Қолға алып шарларын,
Балмұздақты сорғаның.
Жүгіргені , көргені,
Көйлек киіп күлгені.
Қуанады балалар,
Шексіз болып қалар.
Алпысбай Абзал

Көбелек
Ұщып жүрген көбелек,
Сөйлеседі ебелек.
Түрлі түсті түрлері,
Әдемі болар күлгені.
Тығылады қуысқа,
Жаз шыққанша уысқа.
Әдемі болар көбелек,
Жатса да қыстай ағашта.
Далай Айтансық

Анашым
Анашым менің анашым,
Ақ сүт беріп қарадың.
Бақытты етіп сіз мені,
Өтей алмаспын қарызын.

Күлмеш Қымбат

Мұғалім апай
Білім, тәлім бергені,
Зәуре апай күлгені.
Мен үшін бір қуаныш,
Апайыма мың алғыс!
Далай Айтансық

Анар
Жарылған мина болар,
Қыздарға Анар болар.
Ол деген жеміс – болар,
Болыпта ауызға қонар.
Алпысбай Абзал

Әке
Әке, әке , әкелер,
Бәрін тауып алып бер.
Өзі деген қамқоршы,
Силар силық құлында.
Мейлі болар тамаша,
Мейлі болар жаманда.
Бірақ әке дегенім,
Баспас орнын ағамда.

Ташмағанбет Дулат

Менің кітап дегенім
Кітап менің дегенім,
Білім көзі, тілегім.
Нақыл сөзді, әдепті,
Үйренемін тәртіпті.

Жумабаев Мағжан

Ине
Ине болар қылдай,
Тесігі бар жұрдай.
Өткізіп – ап жіпті,
Біз тігеміз киімді.

Шакир Динара

Құстар
Құстар болар әр түрлі,
Адамға керегі,
Болып қалар киелі.
Құстар аққу үремі,
Құстар, құстар.
Бәрін айтар,
Тегін білсек,
Жақсы болар.
Далай Айтансық

Гүлдер
Гүлдер болар әртүрлі,
Бізге берген әсемі.
Гүлдер қандай әдемі,
Бізге берген әсемі.
Әдемілеп даланы.
Көгілдірге бояды.
Күлмеш Қымбат

Көктемгі табиғат
Көктем келіп шуақты,
Өзендерден су ақты.
Күннің әсем нұрынан,
Оранды жер жасылға.

Ташмағанбет Дулат

Көктем
Самал желмен тербеліп,
Күн нұры да тұр күліп.
Бұлақтардан су ағып,
Ағаштар тұр бұр жарып.
Ағаштар желмен тербеліп,
Күн нұрымен жер күліп.
Көгеріп шөп жығып,
Қызғалдақтар тұр күліп.
Далай Айтансық

Достық
Бірін-бірі сатпайтын,
Достар адам қайтпайтын.
Ешқашанда тастамай,
Күтіп достар таймайтын

Алпысбай Абзал

Жылқы
Жылқы малдың патшасы!
Қымыз олар жылқыдан,
Жұйрік болар бұл құнан.
Құнан, дөнен, бесті боп,
Мықты болар бұл үш топ.
Нұржан Самат

Түйе
Түйе малдың қасқасы.
Шұбат шөлді қандырар,
Түйе төлді жануар.
Ет, шұбат пен жүн берет,
Түйе бізге мың береді.
Далай Айтансық

Сиыр
Сиыр бізге сүт береді,
Бұзаулары мөңірейды.
Сүтпен айран біз аламыз,
Қатығынан құрт жаямыз.
Шакир Динара

Ешкі
Қарағайдай иілген,
Көремін мен мүйізін.
Ет, сүт, түбіт беретін,
Ешкі бәрін көретін.
Бәриден Ерғанат

Қыс
Қаһарлы қыс келеді,
Кылышын сүйреп жетеді.
Аяз қаптап әйнекті,
Қар жауады бір түні.
Күрте тонды киеді,
Қыс бойы киіп жүретін.
Балалар ойнап, қуанып,
Мәз мейрам боп жұреді.
Тогтоол Жанат

Жаз
Жаз келді міне шуақты,
Малдардан алдық мың ақты.
Су келді сай салаға,
Айран іштік түн бата.

Жумабаев Мағжан

Күз
Сары алтындай жапырақ,
Күн ыстық кейде қапырық.
Алтындай кілем төселген,
Күз келді біз күткен.
Күлмеш Қымбат

Салақтық
Кіші кезден,
Салақтықтан жиренген,
Бала болар.
Әдептіге үренген!
Далай Айтансық

Мақал
Әдепті болған өзіңе жарар,
Әдепсіз болған тек итке жарар.

Мазмұны:
1. Менің әжем
2. Менің әжем
3. Туған жерім
4. Ақ боташым
5. Дәрігер боламын
6. Шаңғышы
7. Омарташы атай
8. Серуенге шыққанда
9. Көбелек
10. Анашым
11. Мұғалім апай
12. Анар
13. Әке
14. Кітап
15. Ине
16. Құстар
17. Гүлдер
18. Көктемгі табиғат
19. Көктем
20. Достық
21. Жылқы
22. Түйе
23. Сиыр
24. Ешкі
25. Қыс
26. Жаз
27. Күз
28. Қазақстан
29. Салақтық
30. Мақал

Ұқсас жұмыстар
Білімнің бастауы болған Әліппеден
Ана тілмен безеніп
Әліппенің әр жағы- білім бағы Әліппемен қоштасу кеші
Әліппеге рахмет
Қош, балалар, бақшасы!
Сабақтың барысы
Әліппе - білім бастауы
Әліппенің ар жағы – білім бағы!
Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу, білім - білік дағдыларын көрсету
Қош бол, қасиетті әліппем!
Пәндер