Шертпе күйдің орындалу тәсілдері

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

Қазанғап атындағы саз мектебі

Домбыра класының оқытушысы

Қосмамбет Мира Сидағалиқызы

Сабақтың тақырыбы: « Шертпе күйдің орындалу тәсілдері»

Сүгірдің күйі «Кертолғау»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыға шертпе күйде орындалатын әдіс-тәсілдерді

үйрету, композитордың өмірбаянымен,

шығармашылығымен таныстыру.

Дамытушылығы: Шертпе күйде кездесетін түрлі қағыстарды аспапта орын

дау арқылы оқушының музыкалық сауатын дамыту,

оқушының сабаққа белсенділігін, зейінін арттыру, есте

сақтау қабілетін дамыта отырып, ой-өрісін шыңдау.

Тәрбиелілігі: Ұлттық күйшілік өнерді, оның ішінде шертпе күй өнерін

оқушының бойына дарытып, ұлттық рухани сезімін ояту,

халқымыздың асыл мұрасын қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: Тірек-сызба, композитордың портреті, буклет, үнтаспа

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын

сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: Е dur гаммасын әр түрлі қағыстармен ойнау.

№10 этюд Л. Хамиди жатқа ойнау.

3. Жаңа сабақ: «Шертпе күйдің орындалу тәсілдері»

Шертпе күй мектебі, оның ішіндегі Қаратау өңірінің күйшілік мектебінің негізін қалаған, атақты күйші-композитор Сүгір Әлиұлының өмірбаяны, шығармашылығымен таныс боламыз.

Сүгір Әлиұлы

(1882-1961)

Сүгір Әлиұлы 1882ж. Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, ,, Кеңшар ,, деген жерде туып, 1961 жылы осы жерде дүниеден озған. Сүгір бала кезінен өнерге бейім болған. Қаратау жері ерте замандардан бері қазақ мәдениетінің алтын ошағы. Ежелден жырдың, әннің, күйдің туын тіккен өнерлі өлкеде Қорқыт бабамыздың күй дәстүрін қобызда Ықылас Дүкенұлы жалғастырса, Ықыластың өнерін домбырада Сүгір жалғастырды, одан әрі дамытты. Атақты қобызшы Ықыласты өзіне ұстаз тұтқан Сүгірдің қобыз әуендерін домбыраға ұштастыруы жаңашылдық болды. Асқан домбырашы, дарынды композиторСүгір күйшілік өнерде тың арна салып, орындаушылық мектеп қалыптастырды. Қазақ күй өнерінде Сүгір өзіндік орындаушылық, стильдік ерекшеліктерімен дараланып тұрады. Мынадай әдіс-амалдарды қолдану арқылы қайталанбас өрнек, өзіндік қолтаңба қалдырды.

Күйші- композитор Сүгір Әлиұлының күйшілік мол мұрасын жеткізген

шәкірттері, орындаушылар:1 . Жаппас Қаламбаев(қобызшы)

2 . Төлеген Момбеков(домбырашы-композитор)

3. Жанғали Жүзбаев

Күйшінің 30-ға жуық күйлері бар. Оның«Ыңғайтөк», «Бесжорға», «Шалқыма», «Аққу», «Телқоңыр», «Ілме», «Бозінген», «Назқоңыр», «Майдақоңыр», «Тоғыз тарау», «Қосбасар», «Қаратау шертпесі», «Жолаушының жолды қоңыры», «Кертолғау», басқа күйлері бар.

«Кертолғау»

Жалпы қазақ күйлерінің ішінде толғау күйлер өте көп кездеседі.

«Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқытса шығады, -депАсан Қайғы жырлағандай, «Кертолғау» күйінен ұшы-қиырсыз сахараныңсан ғасырлық кейпі, сансыз ұрпақтың бастан кешкен тіршілігі, шері салтанатты көрініс беріп, терең ойды, үлкен шер толғауын білдіреді. «Кертолғау» -салиқалы ойды білдіретін толғаулы күйлер санатындағы көркем шығарма. «Кертолғау»күйі 5 тараудан тұрады. Бүгінгі сабағымызда «Кертолғау» күйінің ІІ тарауын ойнап үйренеміз. Күй -Сүгірдің күйшілік өнерін жалғастырушы Жанғали Жүзбаевтың орындауында берілген.

«Кертолғау» күйін өз орындауымда оқушыға тыңдату.

4. Дамыту кезеңі «Кертолғау» -күйінің өлшемі бірқалыпты емес, 2/4, 3/4 ауыспалы өлшемде орташа, терең толғаныспен ойналады. Күй -дара шертіс, қара шертіспен, лига, форшлаг сынды мелизмдермен өрнектеліп, сағасы репризамен қайталанып, нюансқа толы ойналады.

5. Бекіту кезеңі «Семантикалық карта толтыру»


Ұқсас жұмыстар
Домбыраның бұрауы, қағыстар
Абай күйлері арқылы әсемдікті таныту
Жастар күйі қандай күй
Қ.ахмедияров күйлерінің ерекшелігі. 3 сынып
Музыка өнері
Аққу күйі
Қазақ даласындағы ән-күй өнері
Айтыс- қазақтың төл өнері
Оқушылар дарынын дамытудағы домбыраның ролі
Табиғат саз әлмінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz