Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Наурыз тойын жұп жазбай

Бейсембаева Марал Тлеуғалиқызы
ШҚО, Семей қаласы

№26 жалпы орта білім беретін мектеп

Тақырыбы: Қош келдің- Наурыз!

Мақсаты: Наурыз- жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін
тарихи маңызын түсіндіру. Ата бабамыздың жалғасып келе жатқан ұлттық
тәрбиесі туралы түсінік беру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Барысы:

Ұйымдастыру.

Мұғалім: Құрметті қонақтар, ата- аналар, ұстаздар, оқушылар!

Осы бүгінгі көктем мезгіліндегі қазақтың ұлт мейрамы Наурыз- яғни Жаңа
жыл! Жалпы мұсылман жұртына ортақ ораза, құрбан айтты есептемегенде, біздің
қазақтың жалғыз- ақ мейрамы ол- Наурыз.

Наурыз айының 22-інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір- бірін
мерекемен құттықтайды. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.

1-оқушы:

Армысыздар ағайын!

Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық!

Досқа құшақ ашайық,

Өлең жырға басайық

Қазақтың бір салты деп тойға шашу шашайық

Наурыз келсе,

Құт келгені халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық

(шашу шашылады)

2- оқушы:

Уа, халайық, халайық

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойдың

Жыр шашуын шашайық

Ән: «Жайна жан гүлім»

Мұғалім: Наурыз- шығыс халықтарының жаңа жыл мейрамы. Наурыз- дүниенің
ғарыштық сипатын, адам мен ғарыштың ортақ тегін білдіретін мейрам. Наурыз
күні салт- санаға байланысты жеті саны шартты: ақсақалдар алдына жеті
дәмнің жеті түрінен жасалған «Наурызкөже» жеті ыдыспен таратылады.

3- оқушы:

Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғатта тамаша,

Тамылжып тұр тамаша.

Тамылжып тұр жараса,

Наурыз тойы салтанат,

Наурыз тойы мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.

4- оқушы:

Жаңғырар дәстүр – салтымның

Көзелсін бұлақ жалғасы

Қастерлі менің халқымның

Мереке Наурыз- жыл басы.

5- оқушы:

Ал, халайық тұрмайық

Әндетейік шырқайық

Ортамызды ашайық

Думандатып би билеп

Ән мен күйді төгілдіріп

Інжу – маржан шашайық

Жиналған жұрт таң қалсын

Өнерден күмбез жасайық

Би «қыздар» тобы

Мұғалім: Наурызнама- шат- шадыман ойын- сауық. Тойда ат жарыс, палуан
күрес, басқада спорт сайысы өткізіледі. Наурызнанада қыздар жиналып, бас
қосып, «ұйқыашар» әзірлейді.Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады.
Жігіттер қыз- келіншектерге сақина, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді.
Оны «селтеткізер» деп атайды.

6- оқушы:

Нұр Наурыз шырай беріп тірлігіме,

Айналдың бар қызықтың тірлігіне.

Сен келсең талым көктеп, тұма тұнып,

Тазарып жүре берер бұл дүние.

7- оқушы:

Наурыз төбе тыңдар, шың тыңдар,

Ай да тыңдар, аспандағы Күн де тыңдар.

Бір де тыңдар жалғыз қалып оңаша,

Мәз – мейрам боп тойлап жүрген мың тыңдар.

Ән: «Ана тілім»

Мұғалім: Ертеде шырақ жаққан жігіттер кеш түсе бүкіл ауылды аралап
шыққан. Бұл- жаңа жылда қара күш ескі жылмен кетсін, жаңа жылда оған орын
жоқ деп отпен сес көрсету, аластау.

- Осы кезде «Тазша бала» келеді.

- Сендерді Наурыз мерекелеріңмен құттықтаймын! Менің мына сандықшам
сұраққа толы, ауыр болып тұрғаны, сендердің көмектеріңмен сандықшамды
жеңілдетіп алайын.

1. Шұбат дегеніміз не?

2. Жеті қазынаны білесің ата.

3. Жеті атаны ата.

4. Үш тәтті дегеніміз не?

5. Бес қаруды ата.

Шұбат дегеніміз не?

- Сүт тағамдарының ішіндегі қымыздан кейінгі бағалы сусын- шұбат. Оны
түйе сүтінен жасайды. Олда қымыз сияқты ашытылып, тері, ағаш, қыш
ыдыстарға құйылады. Шұбат- қымызға қарағанда дәмді, жұмсақ, майлы, әрі
қоюлау болады.

Жеті қазынаны білесің ата.

- Ер жігіт

- Сұлу әйел

- Ақыл, білім

- Жүйрік ат

- Қыран бүркіт

- Берен мылтық

- Құмай тазы

Жеті атаны ата.

- Бала

- Әке

- Ата

- Арғы ата

- Баба

- Түп ата

- Тек ата

Үш тәтті

- Жан тәтті

- Мал тәтті

- Жар тәтті

Бес қару

- Садақ

- Мылтық

- Найза

- Қылыш

- Айбалта

8- оқушы:

Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден

Құтты болсын, Наурыз!

9- оқушы:

Наурыз айы туғанда

Той болушы еді бұл маңда

Сақталушы еді сыбаға

Сапарға кеткен ұлдарға

Наурыз айы туғанда.

10- оқушы:

Наурыз, наурыз күн игі

Күн игі жердің түрі игі

Бауыры жылап, науат қар

Бабымен ғана жібиді.

11- оқушы:

Шашылар ырыс шашақтан

Шақырар бір үй бір үйді

Шаттанушы еді бір игі

Наурыз айы туғанда.

Күй: «Ерке сылқым»

Мұғалім: Мұсылман ұғымы бойынша 21 - наурыз күні түнгі сағат үште
аспаннан Қыдыр ата түседі екен. Бабаларымыз осы түнді кірпік ілмей күткен,
Қыдыр бабаны қарсы алған. Осы түні әр адам қандай ой – арман ойласа, ол
жаңа жылда қабыл болады деп ырым еткен.

(Қыдыр ата келеді)

Хормен: Қош келдің Қыдыр ата!

Қыдыр ата бата береді.

Ұрпақтардың бағы болсын,

Арайланған таңы болсын,

Ақ батамен қол жайғанның,

Тілегінің бәрі болсын,

Елдің іргесі берік болсын,

Жасқа құрмет, кәріге құрмет болсын.

Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын!
Аумин

Қорытынды:

Ұқсас жұмыстар
Наурыз – жыл басы ( Тәрбие сағаты )
Наурыз мейрамының бағдарламасы
Қош келдің,төрлет наурызым!
Ұлыс күні кәрі - жас
Қазақ халқының ежелден сақталып,атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрі. Наурыз – жыл басы
Тойға келіңдер, тойға
Қош келдің, наурыз Шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы
Армысың, әз наурыз Наурыз – жыл басы
«жыл басы – наурыз»
Болымды және болымсыз етістік 3-сынып, сөйлем түрлері 2-сынып
Пәндер