Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ойын - мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал тигізетін басты құбылыс

Аудандық білім,дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты № 12 балабақша.

Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы.
Педагог- психолог
Мадиярова
Күлән Әбденқызы.

Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың
дамуына ең пайдалысы.

«Ойынсыз ақыл – ойдың
қалыпты дамуы да жоқ
және болуы да мүмкін
емес»

В.А.Сухомлинский.

Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал тигізетін
басты құбылыс.
Ойын – баланың бірінші әрекеті .Баланың психологиялық ерекшеліктері, еңбек
қатынасы ,өмірді тануы ойын барысында қалыптасады.Сондықтан да,оның мән-
мәнісі ерекше.Ойын- балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе.
Себебі, ойын балалардың қызығушылықтарын арттырып,танымдық қабілеттерін
дамытады.
Ойын баланың қабылдау,ойлау,қиял,есте сақтау сияқты техникалық
үрдістерінің дамуына көмектеседі.
Баланың ақыл-ой белсенділігін қалыптастыратын ,алған білімдерін
тереңдететін де- ойын.
Ойындар мен жаттығулар негізінде балалар жағымды қарым-қатынас жасау
дағдыларын игереді,өмірлік дағдыларды меңгереді.
Практикалық психологиядағы қолданылатын әдістердің ішінде,ойын мектеп
жасына дейінгі баланың дамуына ең пайдалысы.Бұған теориялық негіз ретінде
сюжетті-рөлді ойын мектеп жасына дейінгі баланың ең негізгі қызметі.
Сюжетті рөлді ойындардан басқа ойындар пайда болып,дамиды.Мысалы
,дидактикалық, қозғалыстық ,драматизациялық ойындар.
Қозғалыстық ойындар – сюжетті-рөлді ойынның қарапайым рөлдері бар
варианты, мұнда негізгі рөл ережелерді ұстану мен орындауда.Ал,дидактикалық
ойын негізіне оқу-үйрену жұмысына жақын.Бұл ойынның негізгі ерекшелігі
баланы ойын ережелерін сақтай отырып,қойылған тапсырманы орындатуда.
Дидактикалық ойын баланың білімін,қабілетін,мүмкіндіктерін дамытуға
бағытталуы мүмкін.Мектеп жасына дейінгі баланың коррекциондық және
терапевтік дамуына ойындардың пайдасы шет ел әдебиетінде де,отандық
әдебиетте де жақсы жазылған.Қазіргі уақытта бар барлық мүмкіншіліктерді
негізге ала отырып О.С.Қарабанова коррекциондық дамудағы ойынның
психологиялық механизмдерінің ішінен мыналарды ерекше атап өтеді.
1.Кейбір ойын жағдайларында бала әлеуметтік қатынастардың жүйесін
моделдеуге,дамытуға мүмкіндігі бар.
2.Ойын жағдайларында өзіндік эгоцентристік көзқарастарынан арыла
бастайды.Бұл өз кезінде оның өзін-өзі тануына,әлеуметтік жағдайларға
бейімделуіне,қиыншылықтарды шешуде тәжірибе жинақтауға көмектеседі.
3.Ойында әріптестік қатынастық болуы да жеке тұлғаның дамуына оң ықпал
етеді.
4.Ойында сатылы түрде қиыншылықтарды шешуге бағытталған тәсілдерді үйрену
,қайталау,игеру процесі жүреді.
5.Ойында бала өзінің ішкі вербалдық уайымдарын негізге ала отырып,қиыншылық
жағдайларын,қарым-қатынастық өзгеруінің негізін түсінуге мүмкіндік алады.
6.Ойын ережелеріне бағыну баланың өзін-өзі ұстау мен еңбек етуінің
қалыптасып дамуына ықпал етеді.
Осылай ойынның көп функционалды қызметі ашылады,оның баланың тәртібі
мен жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал көрінеді.Эмоционалдық –жігерлік
қасиеттерін дамуына бағытталған ойындар бар.Олардың негізгі бағыттары
-вербальды емес қатынас түрлерін дамыту.
-өзіндік сезімдерін түсіну.
-құрдастарына қызығушылығын дамыту.
-келісе отырып қызмет жасау мүмкіндігін дамыту.
-диалогқа түсу мүмкіндігін дамыту.
Бұл ойындар эмоционалдық қиыншылықтардың жойылуына ,қорқыныш
сезімінің төмендеуіне,шыдамдылықтық қалыптасуына, басқа адамдармен
физикалық қатынасқа қорықпай түсе білуге,өзіне-өзі келуінің дамуына жагдай
жасайды.
Сондай-ақ
- ойлау қабілетінің
- тыңдау,қабылдау қасиетінің
- сөйлку ,сөздік қорының
- есептеу мүмкіндіктерінің
- аңғарымпыздықтық және де сенсорлық эталондарды қабылдау мен жан-жақты
білім алуына ықпал жасайтын ойындар да бар.

Ұқсас жұмыстар
Тәрбие жұмысын мультимедиялау
Сөйлеу дыбыстарын айту
Тәрбиеші әдістемесі
Арнайы мектептегі сабақты талдау
Білім мазмұнын таңдаудың принциптері
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
«баланың бүгінгі демалысы – олардың ертеңгі өміріне көзқарасы»
Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі
БАЛАБАҚШАДА ЖОБАЛАУ ӘДІСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗІЛУ ӘДІСІ
Табиғат – сұлулықтың таусылмас қайнар көзі
Пәндер