5-6 сыныптар арасындағы Алтын орындық интеллектуалды ойын-сайысы: мақсаты мен кезеңдері

Құрметті ұстаздар мен оқушылар !

Бүгінгі 5 а - 5 б - 6 - кластар аралығында «Алтын орындық » атты ойын - сайысқа қош келдіңіздер. Біздің бұл ойынды ұйымдастырудағы мақсатымыз : кеудесінде оты, санасында сәулесі бар ертеңгі ел тірегі осы оқушыларымыздың интеллектуалдық сайыс арқылы білімін тексеру, санасын жетілдіру.

Халық даналығы айтпақшы :

Білімнен қымбат нәрсе жоқ,

Көңілде жатса баспай тот- деп, оқушылар бүгінгі ойын - сайысымыздан қосымша мәліметтер алып, білімдерін молайтады деп ойлаймыз.

Ендеше, ойынымызды бастаймыз:

1. Әр класқа сұрақ қою арқылы, әр кластан 2 ойыншыдан іріктеп алып, ортаға

3 кластан 6 ойыншы шығаруымыз керек. Әр класқа 2 сұрақ қоямын. Дұрыс тапқандар ғана ортаға шыға алады.

Сұрақтар :

1. Ауылымыздағы Ұлы Отан соғысының ардагері?

2. « Қазақстан - 2030 » стратегиялық жобасына биыл неше жыл толып отыр?

3. 7 - кластың класс жетекшісі кім ?

4. Мектебіміздегі 10 - класта неше оқушы бар ?

5. Біздің мектеп қандай спорт түрлерінен ауданда бірнеше мәрте І орынға ие болды ?

6. Шатнга көтеруден үш рет әлем чемпионы болған жерлесіміз ?

7. Биыл тәуелсіздікке неше жыл ?

Іріктеу сыннан сәтті өтулеріңізбен құттықтаймын !

Енді ойыншыларды ойын шартымен таныстырып өтейін.

Ойын - сай ысымыз 5 айналымнан тұрады.

  1. І айналым « Қызықты жетілік »
  2. ІІ айналым « Ойлан, тап »
  3. ІІІ айналым « Дода »
  4. ІҮ айналым « Ойды ой қозғайды »
  5. Ү айналым « Кім шапшаң »

І айналым « Қызықты жетілік » деп аталады. Бұл турда берілген ұяшықтардағы сұрақтарды кезекпен ашып, соларға жауап бере аласыздар. Ұпай саны деңгейіне байланысты қойылады. Мыс : ( Оң жақтағы 10, ортадағы 20, сол жақтағы 30 )

Мысалы :

7 пәннен сұрақ беріледі.

1. Математика

2. Шет тілі

3. Биология

4. География

5. Тарих

6. Қазақ тілі

7. Әдебиет

ІІ айналым « Ойлан, тап ». Аты айтып тұрғандай бұл турда түрлі жұмбақтар шешіп, ұпай санын көбейте аласыздар. Ескерту : бұл турдан соң ұпайы аз екі ойыншымызбен қоштасамыз. Әр жұмбақтың шешуі 10 ұпаймен бағаланады.

Мысалы :

Бұл турда жұмбақ қойылады(жауабын екі тілде айту керек ) . Әр жұмбақтың жауабына 10 ұпайдан беріледі.

ІІІ айналым « Дода ». Мұнда әр пән бойынша тест сұрақтары қойылады. Бұл турдан кейін де ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады. ( Әр жауапқа 10 ұпай беріледі )

Мысалы :

Тест тапсырмалары беріледі. Яғни 15 сек. ішінде бірнеше сұраққа жауап беру керек.

ІҮ айналым « Ойды ой қозғайды » Бұл турда әрбір оқушыға бір - бір әріп беріледі. Сол әріптер бойынша мақал - мәтел айтуы керек. Ең кемі 5 мақал. Әр мақалға 10 ұпайдан қосылады. Бұл турдан кейін тағы бір ойыншымен қоштасамыз.

Ескерту : Мақал - мәтел қолдарыңыздағы әріптеріңізден басталуы керек.

Мысалы :

Ж. Қ, Е әріптері

Ү айналым « Кім шапшаң » деп аталады. Мұнда бір сөз беріледі, сол сөздің ішіндегі әріптерден ғана, мағынасы бар бірнеше сөздер құрау керек.

Мысалы :

« Талдықорған » сөзі

Ойын - сайыстың соңында жеңіспаз болған ойыншыны алтын орындыққа отырғызып, сый - сияпат тапсырамыз.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар !

Осымен « Алтын орындық » атты интеллектуалды ойын - сайысымызды жабық деп жариялаймыз.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет !


Ұқсас жұмыстар
Ырғыз орыс орта мектебінің 2014-2015 оқу жылы 5-6 сыныптар арасындағы математикалық интеллектуалдық ойын-сайысы
Өтес орта мектебінің 6-сыныптар арасындағы командалық математикалық сайысы Математика ойын әлемінде (2013)
9-сыныптар арасындағы информатика пәнінен ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалды сайысы
Алтын қақпа: 5-сыныптар арасындағы тарих сайысының сабақ жоспары
6-7 сыныптар арасындағы Біздің ойын атты математикалық сайыс
6-сынып оқушылары арасындағы информатика пәні бойынша интеллектуалдық ойын сайысы
5-сыныптар арасындағы ХХІ ғасыр көшбасшы интеллектуалдық сайысы: үш тілде лексика мен ойлау қабілеттерін дамыту
9-11 сынып оқушыларына арналған интеллектуалды олимпиада: мақсаты, ережелері және кезеңдері
Әй осы математика: 5-7 сыныптар арасындағы интеллектуалдық математикалық ойын-сайыс
6-7 сыныптар арасындағы Менің елім - Қазақстан интеллектуалдық сайысы: мақсаттар, кезеңдер және тапсырмалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz