Сынып оқушыларының моделі

М. Ж. Кушербаева
Жезқазған қаласы, Қ. И. Сәтбаев атындағы №7 мектеп - лицейі
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ САПАСЫН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДЕ ӨЗІН - ӨЗІ БАСҚАРА БІЛУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОЛДАРЫ
В этой статье рассматриваются возможности применения инфармационных технологий в процессе личности учащегося. Так же рассмотрены роль и место информационных технологий в системе образования. Более подробно говорится о методических аспектах применения новых информационных технологий в начальных классах.
.
In this article the essence, content and variety of innovational pedagogical technologies in didactic systems of educational
institutions are examined. Here is given details about methodological aspects of usage new informational technology on
the teaching and about that computer will be enter to the methodological arsenal of teacher.
«Өзін -өзі тәрбиелеуді туғызатын тәрбие ғана нағыз тәрбие»
А. С. Макаренко
Жас ұрпақтың тәрбиесіне қойылатын жаңа заман талабы - адамгершілік құндылықтарды қастерлейтін, өз Отанын сүйіп және құрметтейтін, өзара қарым-қатынас жасай білетін, өзін - өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қоғам талаптарымен үйлестіре білетін әлеуметтенген тұлғаны қалыптастыру үшін оңтайлы тәрбие үрдісін ұйымдастыруға, соның негізінде жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына баса назар аудару. [1]
Білім беру жүйесіндегі тәрбиенің бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналуына байланысты ол білімнің алдында жүруге тиіс. Қазір еліміз өркениетті елдердің қатарына ену кезеңінде тұрса да, қоғам мүшелерінің рухани тоқырауына, қоғамдық санасының төмендеуіне жол беріліп отыр. Адамзат тарихында Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл- Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы», - деген екен. Осы қағида бүгінде шындыққа айналуда, өйткені, жағымсыз құбылыстардың көбеюі жастардың әлеуметтік мәселесінің өсуіне әкеліп отыр. Білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын өзгерту, жаңаша көзқарас, жұмыс жүйесін жаңалау қажеттілігі туындады. [2]
Өзін -өзі басқару жүйесі - оқушының жеке тұлға болып қалыптасуының негізі. Өзіне бе-
рілген тапсырмаларды орындау кезінде оқушы өзінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге
кең мүмкіндік алады. Сонымен қатар бұл жұмыс түрінің оқушының білім деңгейін көтеруге де
септігі мол.
Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен тәрбие тұжырымдамасында да негізгі орын алады. Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз үрдіс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, есі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере келіп, балаларды білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу - мектеп алдындағы міндеттердің бірі. [3]
Мектептің бүгінгі міндеті - қоғамда өз орнын таба алатын саналы да салауатты азамат тәрбиелеу. Қазіргі кезде тәрбие жұмыстарын басқаруда түрлі әдіс - тәсілдерді сұрыптай келе қолданған тиімді.
Соңғы кезде көп қолданылып жүрген өзін -өзі басқару жүйесі өз жемісін беріп келеді. Өзін - өзі басқару жүйесі баланың жеке тұлға болып қалыптасуына көп әсерін тигізеді. Олай дейтінім, өзіне берілген тапсырма, жүктеме бойынша бала өз бойындағы біз біле бермейтін шығармашылық қабілеттерге ие болып, оны кең көрсете алады. Және де жауапкершілік, ұйымшылдық, қамқорлық сияқты асыл қасиеттер бой көрсете бастайды. Сонымен қатар бұл жұмыс түрі тек тәрбие ісінде ғана емес, білім деңгейін көтеруге де септігін тигізеді. [4]
Менің сынып жетекшілік атқаратын 3 «В» сыныбымда 22 оқушы бар. Осы оқушыларды ұйымшыл сынып ретінде қалыптастыру мақсатында өзін - өзі басқару топтарын құрдым. Сыныбымдағы оқушылар отыратын партадағы орындарына қарай «Ұлан», «Ұшқын», «Сұңқар» деген үш топқа бөлінді. Әр топтың жетекшісі, аты, ұраны және белсенділері өзара тағайындалды. Әрине, бөлу кезінде оқушылардың психикалық ахуалы, әлеуметтік жағдайы, белсенділігі, ынтасы, үлгерімі ескерілді. Және сыныптағы қыздар мен ұлдардың санын тең бөлуге тырыстым. Әр дүйсенбі күндері өткізілетін топ мүшелерінің отырысында топ жетекшілері өз топтарында атқарған жұмыстары туралы, яғни, жетістіктері мен кемшіліктерін атап, сол бойынша есеп жасап отырады. Тәрбие мен білім егіз болғандықтан, олар тәртіп, білім, тазалық, ұйымшылдық параметрлері бойынша жұмыс жасайды.
Әр параметр бойынша олар он ұпайға дейін жинайды. Ал, тәрбие сағаттары немесе әр сенбі күндеріндегі не басқа да атаулы күндердегі атаулы шаралар осы топтарға бөлініп беріледі.
Берілген тапсырма бойынша әр топтың белсенділері өзара ұйымдасып жұмыс істейді.
Оқушылардың өзара іс - әрекеттері:
Әрине, тапсырманы оқушыға бермес бұрын олардың психо - педагогикалық ахуалын да ескеремін. Мұнда балалардың темпераментін есте ұстап отырамын. Тапсырманы баяу орындайтындарға бір - екі апта ертерек беріп, ал тез, шапшаң қимылдайтын оқушыларға жуық арада шараларды белгілеп беремін. Сонда ғана тиянақты дайындалған топтарды көруге болады. Мен тек оларға бағыт, ақыл - кеңес беріп отырамын. Бұдан мұғалім оқушы,
оқушы оқушы қарым- қатынасы туындайды.
Шараның қандай түрде өтілуін оқушылар таңдап алады. Мысалы, «Аналар мерекесі»- концерттік бағдарлама, «ХХІ - ғасыр көшбасшысы» - сайыс түрінде, «Мың бір мақал, жүз бір мәтел» - жарыс түрінде, «Наурыз - думан» - ойын - сауық кеші түрінде өтеді.
Тәрбие сағатының өтілу құрылымы
( тақырып таңдау әр бағыт бойынша)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz