Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Информатика жұлдыздары

Информатика жұлдыздары

Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерді шақырайық ортағы.

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!

«Таланттылар терін төгіп, толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», - деп бүгінгі «Информатика
жұлдыздары » атты ойынымызға кош келдіңіздер.

Ал, енді командаларды бағалап отыратын әділ қазы алқасын сайлап
алайық.

1. -----------------------------------------------------------------------
---------------------

2. -----------------------------------------------------------------------
---------------------

3. -----------------------------------------------------------------------
---------------------

4. -----------------------------------------------------------------------
---------------------

- Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады, - деп бүгінгі ойнымызды ашуға рұқсат
етіңіздер.
Асып әсте саспайық,
Сайыс қызығын ей достар.
Осылайша шабытпен,
Қане енді бастайық.
Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Топтардың бәрін халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
Қазіргі заман компьютерлік сауаттылықты талап етеді.
Сондықтанда іргетасымызды осы бастан берік қалағанымыз дұрыс болар.

Ендеше, сайысымызды бастайық.
Сайысқа үш топ қатысады. Бірінші топтың аты «Процессор», екінші
топтың аты «Монитор», үшінші топтың аты «Принтер» деп аталады.
Сайыс 7 кезеңнен тұрады.
1. Таныстыру
2. Бой сергіту
3. Құпия алаң
4. Ғажайып алаң
5. Анаграмма
6. Сыйқырлы қалам
7. Капитандар сайысы

Алдағы біз баратын бағыт анық,
Озат жан екеніңді тағы таныт,
Информатика әлеміне аяқ басып,
Компьютер тілінде біз жарысалық.

1.кезең «Таныстыру»
Бұл кезеңде әрбір команда өздерін таныстырады.

Ендеше 1 тобымызды ортаға шақырайық.
2 тобымызды ортаға шақырайық
3 тобымызды ортаға шақырайық.
2. кезең
Білімнің ұшқырлығын танытатын,
«Бой сергіту» кезең де сайыскер жаңылмағын.
Уакыт деген зымырап, өтіп кетер,
Асып, тасып, асықпа, қалыспағын
«Бой сергіту»
Бұл кезеңде әрбір командаға 5 сұрақ оқылады. Дұрыс жауап болса, онда 1-
сұрағына 1-ұпай беріледі. Егерде жауап бере алмаса басқа командаларға жауап
беруге болады.

1 команда
1. Ақпараттың өлшем бірліктері?
2. Бағдарлама дегеніз не?
3. Дербес компьютер қай буынға жатады?
4. Тышқан не үшін?
5. Модем не үшін?
2 команда

1. Компьютер дегеніміз не?
2. Ақпарат дегеніміз не?
3. 1-ші компьютер қашан шыққан?
4. Пернетақта не үшін?
5. Принтер не үшін?
3 команда
1. Информатика дегеніміз не?
2. Ақпараттық процесс дегеніміз не?
3. ЭЕМ-нің даму буындары нешеге бөлінеді?
4. Монитор не үшін?
5. Сканер не үшін?

3 кезең «Құпия алаң»

Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ тапсырма болсын.
■ Бұл кезеңде әр команда мүшелері сұраққа жауап бере алады.
■ Әрбір сұрақтардын өзінің ұпай сандары бар. Қай команда тезірек жауап
берсе сол командаға ұпай беріледі.
4. кезең «Ғажайып алаң»

Айналайын алға ұмтылған Дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар!
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.

Бұл кезеңде әрбір командалар өздеріне сұрақтар таңдап алады. Егер дұрыс
жауап берсе сол сұрақтын ұпай саның алады.

5. кезең «Анаграмма»

Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Бұл кезеңде әрбір топқа анаграммалар беріледі. Осы анаграммалардың шешуін
табу керек. Барлық сөздерді тапса оған 5 ұпай қосылады.
Іске сәт.
6. кезең «Сыйқырлы қалам»

Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар

Бұл кезеңде әрбір командаға суреттің тақырыбы беріледі. Сол суретті
компьютермен салу керек. Ұпай саны 5 беріледі.

7. кезең «Капитандар сайысы»

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста
Біреу озып келеді қатарынан
Біреу қалып жатады асығыста

Бұл кезеңде әрбір капитан командаларына ребустар беріледі. Сол ребустың
шешуін табу керек. Дұрыс орындалса, капитан өз командасына қосымша 5 ұпай
әкеледі.

Қорытынды:
Мінекей, көрермендер біз бүгін «Информатика жұлдыздары» атты
ойынымызды өткіздік.
Мәреге жеткен топты анықтау үшін, ойынды қорытындылау үшін сөз
әділ қазылар алқасына беріледі.

1. _________________________________________________________

Осымен, бүгінгі «Информатика жұлдыздары» атты сайысымыз аяқталды.
Келесі сайыстарда кездескенше сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
«екі жұлдыз» апталық қорытынды кеші
Сыныптан тыс сағат "жұлдызды сағат"
Тіл өнер
Ортада Интернет тобы
Кодтау сағаты 2015
Ыбырай кім
Қазақ сахарасының жұлдыздары
Абай кім
ЖҰЛДЫЗДЫ КЕШ
Ол ақын болар ма еді
Пәндер