Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Есеп аралы

САЯХАТ САБАҚ

Кусаинова Гулизат Корабаевна

Қ.И Сәтбаев атындагы №7 мектеп лицейі

Тақырыбы : Қайталау. Бірдей сандарды қосу және азайту.

Мақсаты: Өткен сабақтарда алған білімдерін пысықтап қайталау.

Міндеті:

Бірдей сандарды қосу және азайту,бір амалды, екі амалды есептерді шығара
білу, өрнектер құру,салыстыруда алған білімдерін бекіту.

Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, тапқырлығын дамыту.

Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру және ұқыптылыққа баулу.

Түрі: саяхат сабақ

Әдісі: СТО стратегиялары

Көрнекілігі : ойын элементтері, дидактикалық материалдар, интерактивті
тақта

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту

1.Психологиялық дайындық

Математика сабағын ,

Жақсылап ұғып аламыз.

Сәулесі деп сананың

Мәнінен ой табамыз.

Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз қайталау сабағы.

(« Қайталау – білім анасы»)

Жұмбақ

Түк білмей барасың,

Тәлімін аласың,

Есейіп кетсең де,

Қарыз боп қаласың. ( Мектеп)

-Дұрыс балалар біз білімді мектептен алатын болғандықтан мектеп-кеме,
білім-теңіз,барар жерге тез жетерміз,-дегендей білімді теңізге теңей
отырып, білім теңізіне саяхатқа шығамыз. Жол-жөнекей аралдарға тоқтаймыз.

Ой шақыру

1-арал « Кім жылдам?»

1- тапсырма:12 -3- 3-3-3

12 алманы үш-үштен бөліп салды . Сонда неше тәрелке қажет болды?

2- тапсырма :

12 алманы 4 тәрелкеге тең бөліп салды. Әр тәрелкеге неше алмадан салды?

3 -тапсырма : Әжей шарадағы 4 л қымызды 4 кесеге тең бөліп құйды.Әр
кесеге неше литр қымыз құйды?

2-арал «Кім зерек?»

II Мағынаны тану

14,15,16,18 санынан нәтижесінде нөл шығатындай етіп, бірдей сандарды
азайт.

Үлгі : 15-5-5-5=0 15-3-3-3-3-3=0

14-7-7=0 14=2-2-2-2-2-2-2=0

3-арал «Есеп аралы »

Әнші - 20 Шешуі: 60- (20+6) =34 (д)

Биші -6 60 Жауабы:

Домбырашы-?

Байқауға қатысты-42 (а) Шешуі: 42-6= 36 (а)

Жүлде алды-6 ( а) Жауабы:

Жүлде ала алмады-? (а)

Венн диаграммасы Есептердің айырмашылығы неде?

-Қандай
ұқсастығы бар?

Сергіту сәті

Жұмбақ есеп.

Кеше сабақ оқуға,

Келіп еді 5есек

1-еуі ұйықтап отырды,

Ынталысы неше есек.-?

4-арал «Ойлан, тап !»

1. Теңдеулерді шеш:

27+х=90 90-х=63

2.Мына суретте малшының үйі салынған. Ол үй қандай фигурадан тұрады?

-Шаршы 2см, тік төртбұрыш 4см, 3см, үшбұрыш3см,3см,3см..

Осы геометриялық фигуралардың периметрін тап.

3.Бақшаға 1 балық, 2есек, 3 үйрек, 4 түлкі, 2 бүркіт, 4 жарқанат әкелді.

Бақшаға ойыншық әкелді қаншама?

5-арал «Кім жылдам?» Семантикалық карта

|мысал |71 |53 |35 |54 |33 |47 |
|34+19 | | | | | | |
|71-18 | | | | | | |
|46+25 | | | | | | |
|53-18 | | | | | | |
|50-17 | | | | | | |
|71-24 | | | | | | |

III Ой – қорыту аралы. «Кубизм» стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап алу

1. Ондықтары әртүрлі,бірліктерінің цифры 2-ге тең барлық екі таңбалы
санды ата.

2. Нәтижесінде нөл шығатындай етіп, қандай бірдей сандарды10 санынан
біртіндеп азайтуға болады?

3. Ондықтарының цифры 1, бірліктерінің цифры әр түрлі барлық екі таңбалы
санды ата.

4. Нәтижесі нөл шығатындай етіп, қандай бірдей сандарды 12 санынан
біртіндеп азайтуға болады?

Бағалау: Оқушылардың білімдерін бағалау,мадақтау.

Үйге тапсырма: №6 №5 (б )

Ұқсас жұмыстар
78+22, 100-22 түріндегі жазбаша қосу мен азайту. 2-сынып
Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу
Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу тақырыбына есептер шығару
Paint графикалық редакторын қорытындылау
Paint графикалық редакторы командалары. үзінділермен жүргізілетін әрекеттер. 7-сынып
1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «балдәурен» кемесімен саяхат» сазды бағдарламасының сценарийі
Оқушыларды топқа бөлу. Сабақтың тақырыбы
Аралас сандарды қосуға есептер шығару
Логикалық терістеу
Информатика әлеміне саяхат сайысы
Пәндер