Ақтау қаласы

Cабақтың

тақырыбы : Сан есім

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың сан есім туралы білімдерін

жүйелеу, толықтыру

2. Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

3. Оқушылардың ақыл-ойын, сөйлеу тілін дамыту, қиялын ұштау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар мен суреттер, шығармашылық тапсырмалар

Сабақтың бөлімдері
Сабақтың жүрісі
Сабақтың бөлімдері: Ұйымдастыру бөлімі
Сабақтың жүрісі: Оқушыларды сабаққа әзірлеу
Сабақтың бөлімдері: Үй тапсырмасын тексету
Сабақтың жүрісі: 400 - жаттығудың берілісін бір оқушы оқиды. Қалғандары тексеріп отырады.
Сабақтың бөлімдері: Өткенді қайталау
Сабақтың жүрісі:

Ережелерді сызба бойынша қорытып шығарып, еске түсіру

-зат есім, сын есім, етістік, сан есім

Сабақтың бөлімдері: Жаңа сабақ
Сабақтың жүрісі:

-Сан есімнің ережесін қорытып шығарып алу, сұрағын анықтау, сұрақ қою

Дәптермен жұмыс

Күннің жадын жазу, тақырыпты хабарлау

Көркем жазу мәуреті

Кк Көркем кесте тігеміз,

Кілем сырын білеміз

Терме диктант ( сан есімдерді табу)

Елу метр есіктен,

Еңкеюмен шақ кірдім.

Жүз қасқырды өшіккен,

Бір қозыға бақтырдым.

-Өтірік өлең деген не? Басқа қандай өтірік өлең немесе мақал-мәтел білесіңдер?

Сабақтың бөлімдері: Оқулықпен жұмыс
Сабақтың жүрісі:

404-жаттығу

Сандарды сөзбен жазып, сөйлемдерді көшір.

-Бұл сандар нні білдіреді?Уақыт өлшемдерін анықтаңдар.

Шығармашылық тапсырма :

«Менің бір күнім»

Бір күн ішінде қандай істер жасағаны туралы шағын ой толғау жазып, сыныптастарымен бөлісу. Жақсы ісі мен ұнамсыз қылықтары туралы да айта кету.

Сабақтың бөлімдері: Сергіту сәті
Сабақтың жүрісі: Ойын : «Кел, жаңылмай санайық!»
Сабақтың бөлімдері:
Сабақтың жүрісі:

405-жаттығу

Мәтінді оқып, сан есімдердің қай сөздерге қатысты екенін айт.

Шығармашылық тапсырма :

Көп нүктенің орнына тиісті мәліметтерді қойып, мәтін құрастыр.

Ақтау қаласы мен Жаңа Өзен қаласының арасы . . . км. Жолда . . . км-ден соң Қарақия ойпаты кездеседі. Оның теніз деңгейінен . . . м төмен орналасқанын білеміз. Маңғыстауда . . . әулие бар.

Сабақтың бөлімдері: Бекіту
Сабақтың жүрісі:

Ойын «Жина, таңда»

Оқушыларға карточкалар тартылып беріледі де, әрқайсысы сұрағына қарай сөз табына бөлінеді:

:
:
:
:
Сын есім
Сан есім
Етістік
Зат есім
Сабақтың бөлімдері:
Сабақтың жүрісі:
Сабақтың бөлімдері:
Сабақтың жүрісі:
Сабақтың бөлімдері: Қорытынды бөлім
Сабақтың жүрісі:

Үйге тапсырма беру

406-жаттығу

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалау

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

М. Әуезов атындағы №20 жалпы білім беру орта мектебі

Ашық сабақ

« Сан есім »

3-сыныптың қазақ тілі пәні

Өткізген: Косжанова Турсынкул Тулеповна

14 сәуір 2010 жыл


Ұқсас жұмыстар
Ақтау қаласы №13 орта мектеп-гимназиясының Алтын күз танымдық кешінің сценарийі
Ұстаз рөлі мен жауапкершілігі: Ақтау қаласы №13 орта мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі Найзагулова Б.М. тәжірибесі
Ақтау қаласы №27 Өмірзақ орта мектебінің 4-сынып түлектеріне арналған Сарқылмас ұлылықтың бастауысың атты бастауышпен қоштасу мерекелік сценарийі
Ақтау қаласы №8 жалпы білім беру мектебінің 2 а сыныбына арналған сабақ жоспарлары: әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі, бейнелеу өнері
Ақтау қаласы №8 жалпы білім беру орта мектебі, 3 А гимназия сыныбының математика пәнінің орта мерзімді жұмыс жоспары (Қаңтар-Ақпан 2015)
Біз тарихымызды тағылым етеміз: тарихи-танымдық ойын-сабақ (№8 орта мектеп, Ақтау)
Бекешова Мадина Саматқызының IT мектеп-лицейіндегі педагогикалық тәжірибе есебі (Ақтау, 27.01.2020-20.03.2020)
ІІ деңгейлі тәлімгерлік пен коучингтің мектептегі практикасы: Ақтау қаласының тәжірибесі
Діни экстремизмнің таралу қаупін алдын алу: Ақтау қалалық мұғалімдерге арналған семинар
9-сынып Дүниежүзі тарихы: Түркия туралы сабақ жоспары (Ақтау қалалық семинары, 2014)
Дара және күрделі етістік: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары (№8 орта мектеп, Ақтау)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz