Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы географиялық ұғымдар

Тақырыбы: Маңғыстау маңғазы- Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы жер су аттарын зерттеп - қадағалап, танып - таратып оқу.
Көшерханова Арай
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№2 орта мектеп
2011 оқу жылы
Ақтау қаласы
Тезис
Маңғыстау маңғазы-Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы жер-су аттарын зерттеп-қадағалап, таратып-танып оқу.
Жаңаөзен қаласының №2 орта мектеп
9 «а» сынып оқушысы Көшерханова Арай
Ғылыми жетекшісі:Бекетаева Айман
География пән мұғалімі
Зерттеудің негізгі мақсаты: Қазіргі қазақ әдебиетінің іргелі суреткері, белді өкілдерінің бірі Әбіш Кекілбаев десек, біздің сөзімізге еш ауытқу, еш қателік болмас еді. Әдебиет майданының жауынгерлері жүздеп саналғанымен оның түйінді тұстары мен шешуші шебінде аса таланттылар ғана тұрған. Олай болсатуған әдебиетімізді өзінің
сүбелі-сүбелі шығармаларымен байытып бүгінгі таңға қазіргі әлем әдебиетінің танымал қаламгердің айналған, Әбіш Кекілбаевты әлем әдебиетінің жұлдызды шоғыр топтың қатарынан көруміз әбден заңды
Зерттеу еңбектерінің жаңалығы: Әбіш Кекілбаев - өрелі мқсаттарға қол созып, биік мұраттарға бет алған үлкен творчестволық сапар үстінде жазушы. Әбіш Кекілбаев өзінің айтар ой, көтерер мәселесі материал аңыз әңгімелерді таңдауы, біздің пайымдауымызша, халықтың арман - ойы, үмітімен тілегі ұялаған, халықтың тарихи тәжірибелері жинақталған, оның өн бойында сол белгілі халықтың ғасырлар бойы қадірлеп, қастерлеп келген рухы жатыр деп біледі. Сол арқылы Уақыт байланысы мен Ұрпақ сабақтастығын орнықтыруды қалайды.
-1-
Мазмұны.
І. Әбіш Кекілбаев Қазақстан жерін шығарма тілінде сипаттаған географ жазушы.
1. Әбішті тыңдағанда
2. Маңғыстау сирек қонысты, табиғаты қатаң, географиялық тұрғыда оқшау
орналасқан аймақ.
3. Әбіш Кекілбаев Маңғыстаудағы геогрфиялық нақтылыққа ие болған аңыз
ертегілерді топтастыруы.
4. Әбіш Кекілбаев өрелі мақсаттарға қол созып, биік мұраттарға бет алған үлкен
творчестволық сапар үстіндегі жазушы.
ІІ. Ұлы даланың заманауи шежірешісі
а) . Тіршілік тіні, тарихтың жүгі
б) Жер бетіндегі береке іздері
в) Жеке шыңыраулар жайлы қысқа деректер
ІІІ. Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы географиялық ұғымдар
ІV. Еңбек жаңалығы.
V. Ұсынысым
VІ. Қолданған әдебиеттер
-2-
Әбіш ағаны тыңдағанда .
Елінің аңсап арманын
Екшеген ойдын маржанын
Көп көңілін табам деп
Айтпаған сөздің арзанын
Табуға түйін-тамырын
Шежіре тарих-мұхиттың
Тереңге салып қармағын.
Үміт Жәлеке
Әбіш Кекілбаев шығармашылығының Қазақстан географиясының оқытуда алатын орны зор. Жазушы шеберлігі Қазақстанның батысынан шығысына дейінгі табиғатты суреттеуде дүниетаным біліктілігінің биіктігін көрсетеді. Әбіш Кекілбаев адам баласын ой мен сезім деп, жүрекпен тән деп екі жарымай жаратылыстың гармониялық бірлігінің тамыры екенін дәл айтады.
Әбіш Кекілбев философиясы-адам арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастықпен келісімдіктің жаршысы.
Оның туған ауылына, туған жерге арналған шығармаларын шын тебіреністен шын шабыттан қуанышпен сағыныштан туған. Әр бір қазақ үшін Әбіш Кекілбаев еңбегінің үлкен тәрбиелік мәні бар.
Әбіш Кекілбев Қазақстан жерін шығарма тілінде сипаттаған географ жазушы.
Маңғыстау! Тұла бойы тұнған құпия-сыр елі, 360 әулие мекені. Оңың пұшпағы, әр тасы ертегі, әр тобесі мен сайы аңыз. Оны мекеен еткен адамдар да аңыз. Оның жері қандай, жер бетіндегі атаулары қандай!
Шайыр, Мерет, Тамшалы, Өрмелі, Босаға, Сынды, Қаламқас, Шерқала . . . осылардың бойында қаншама сыр бар.
Маңғыстау сирек қонысты, табиғаты қатаң, географиялық тұрғыда оқшау орналасқан аймақ.
Әбіш Кекілбаев «Маңғыстау дариясы-халқының көкірегінде» деген мақаласында,
- Маңғыстауға құдай бәрін берген-астына да, үстінеде. Маңғыстау дегенде Құдайдың сараңдығы ұстаған бір жері бар. Ол-біздің жерге өзен бермеген. Жұртқа Әмудария, Сырдарияның барин бергенде Маңғыстауға манашының Ащыағарынан басқа ештеме қимаған. Бірақ Құдай әділ болған соң ғана Құдай болып тұр ғой деп ойлаймын. Сол жерінің бетіне бермеген дарияны осындағы халықтың көкірегіне берген-деген.
Маңғыстау географиялық картасында ойып орын алған, белгілі бір жерде телінген ертегі-аңыздар жеткілікті. Олар: Қарағантүпе-Мерт, Тамшалы, Молда тас, Таушық-Сарытас өңірінде ноғайлы аңыздармен қатар айдаһар мен үлкен жылан туралы аңыздар, Керелдегі Қаламқас ару аңызы, тіпті ең соңы Құлбарақ пен Балуанияз батырлар туралы аңыздар.
Әбіш Кекілбаев Маңғыстаудағы геогрфиялық нақтылыққа ие болған аңыз ертегілерді былай топтастырған:
- Жер су атауларының мәнін түсіндіретін аңыз ертегілер: Қаламқас, Маната, Манаша, Күйген, Аппақұшқан т. б.
- Гоеграфиялық обьектилердің, тау, төбе, т. б сипатын түсіндіретін аңыздар: Кендірлідегі Темір баба аңызы. Ерсарының қайрағы және Ерсарыға қатысты әңгімелер. Мерет сұлу аңызы.
- Нақты мифтік топонимдер: айдаһар мен жыландар ауланды, өлтірілді деліетін Батыс Қаратаудың төңірегіндегі сай үңгірлер.
- Зираттар мен құдықтарға байланысты аңыздар, бұл ертегі-аңыздардың ең көп бөлігін құрайды.
Маңғыстауда өмір сүрген дені Х-Х1ғ. ғ суфистік дін уағызшылары болған мұсылман әулиешілері туралы және кейінгі қазақтың киелі кісілері туралы аңыздар
-3-
ТІРШІЛІКТІҢ ТІНІ, ТАРИХТЫҢ ЖҮГІ
Су-тіршіліктің көзі. Бұл барлық халыққа тән ақиқат. Оның қадірін білудей-ақ білетін қазақ халқы. Қазақстанның көп жері бағзыда жерінжегі су көздерін негізінен тұтыну өлшеміне салып ащы, тұщы деп екіге бөледі. Шөл, шөлейт өңірінде құрамында тұзы барырақ өте ащы да емес, тұщы да емес суды кермек деген. Шипалы, бүгінгі тілмен айтқанда, минералды су дәмі, кермектеу болғанмен, ол санатқа қосылмайды. Себебі қазақ оның емдік қасиетін білген және мұндай су көздері өте сирек. өте шөл жерлерде сол кермек су көздерінің өзі қат. себебі Маңғыстау үстіртінде немесе оған шектес аймақтарда мал іше береді. Ащыға әуес түйе үшін ол нағыз таптырмайтын су. әдетте бұл жердің қыр қазағы су көзінің өнімін малға тұщы деп бағалап жатса, түйеденде де басқа мал ішетінсу деп түсіну керек. Егер алғаулы деп жатса ол нағыз қажеттілікте адам да ішетін су. «Ит ішпейді» деген үзілді кесілді нағыз тұзды тосаптың бағасы, ол теңізден де ащы. Маңғыстаудың теңіз жағалық аудандарында түйе жазда теңіз суынан ішуге дағдыланған. Оған үйренген түйенің еті өте дәмді келеді. Ит ішпейтін су сол теңіз суынан да тұзды. Қатты қаталаған түйе ентелеп келген қарқында мұздай, ит ішпейтін бастаудан 4-5 қайтара жұтудан әріге бармайды, сосын бауырын ыстық жерге төсеп бақырып жата қалады. Аңылжыған шөлдегі біз су тақсіретін солай тартып жүрсек, Сібірдің жергілікті халқы да ауыз судан тапшылық көреді екен кей жерде. Жоғары ендіктегілер тамақ пісіруге, шай қайнатуға тек көл суын, еріткен қар суын ғана пайдаланады. өзен суына әсіресе күзгі мұзына көп жоламайды. Оның суы іш ауыртады, үйренбеген адамды сол бойда құстырады. Оны айтасыз, мәңгі мұз құрсанған Гренландияның өзінің біраз бөлігінде ауыз су проблема. Себебі ондағы теңіз суы плюс 1, 5 градуста, өзен суы 0 градуста, ал ауыр су плюс 4 градуста ериді. Ауыр су дегеніміз не сонда? Жер бетінде судың әлденеше сорттары болып шықты. Және олар тек дәміне қарап емес, физикалық қасиеттеріне қарай бөлінеді әрі өте коп, ғылымға күні бүгін белгісінің өзі 20-ны алқымдап жатыр. Біздің күнделікті тұтынып жүргеніміз Н2О ғылымда оны тротийлі су дейді. Ауыр суымыздың (Д2О) аты-дейтерий. Одан да ауыр-(Т2О) тротий. Ағзаға зиянды соңғы екі су біздің бағымызға өте болмашы. Мысалы, бір текше метр ауыр су алу үшін ондаған мың текше метр қалыпты суды арнаулы зауытта өңдеу керек. Солай бола тұрса да, онсыз адамзаттың қазіргі көп қажетін өтеу тағы мүмкін емес, өйткені ло-осы заманғы техникалық прогрестің қозғаушы күші. Атом өнеркәсібінде жылдам нейтронды тежеу үшін, геология мен археологияда жыныстың, табылған нәрсенің жасын анықтайтын изотопты индекатор ретінде қолданылады. Сутегі атом бомбасы тек осы ауыр судан жасалады.
Маңғыстау географтар тілінде сусыз шөл өңір делінгенмен, мұнда судың әлгі аталған барлық түрлері, сорттары бар. Тіпті жылдам нейтронды атом электр станциясының, оның қуатымен су тұщытатын қондырғының алғаш Ақтауда салынуына байланысты ауыр су да бар. сондықтан бұл мәселеге келгенде, сөз иесі бола кетсек, артық болмайды, айып-шамы жоқ.
Ежелден су қадірін білудей-ақ білген бул жердің жергілікті тұрғындары үщін су-өмір. Ол үшін күрес-өмір үшін күрес. өзге жұрт, ұлыстардың арасындағы арғы-бергідегі жаугершілік жер болғанда мұнда, ең алдымен жер нәрі су көздері үшін қан төккен. Сол алған жерін басқыншыдан қорғап қалғанмен де, қатын-бала, қара қазанның қамы үшін жаңа өрісті жаулап алған соң да міңір көрмеген, тыным таппаған.
Себебі жер ананың тап осы өңірі бойындағы нәрін перзентіне беруге келгенде тым тар қол. Оның зейнеті тек сорға жетеқабыл бейнетпен келген. Қара жерді сүйменмен айлап, жылдап қашап, ойып, су шығарған Қараштар еңбегі тарихта Египет пирамидаларын салған құрылысшылар еңбегімен ғана салыстыруға болар еді. Бұлардың айырмасы тек нәтижесінде: пирамида құрылысшылардың еңбегі еш, бәз баяғы адами кеппе даң құмарлықтың көрінісі, ал Қараштар ортақ ризық үшін тер төкті (Біз бұл жерде Қараштар деп шартты түрде Адайдың құдық қазуды ата кәсіби еткен Қараш атасын алып отырмыз) Олар қазып қалдырған жүздеген шыңыраулар-бүгінде ортақ қазына. Пирамидаларды бүгін адамзат мәдениетінің бір тіні деп танып отырса, шыңырау құдықтар-шөл даладағы мәдениеттің өңіршең жәдігері, құрамдас бір бөлігі.
-4-
Егер адам қолымен жасалған тасқақ, куп, қоңырдан суландыру жүйелерін де қосып айтар болсақ, халқымыздыңғасырлар бойы жасалған, жасақталған ұлттық мақтанышы мұра мәдениеті айдынын әріге салып әкетеді. Маңғыстаудың бұл мұрасы әлемнің еш жерінде
қайталанбайды дерлік қасиетті мұра! Маңғыстаудың бұл қастерлі жәдігерлерін Маңғыстау сияқты Алланың өзі өмір сүруге қабілеттілерді іріктеп, сұрыптау үшін жаратқандай қатал өңірде тіршілік үшін күрес қаhарманы бола алған халықтың маңдай терімен жасалған игілік! Өмірге, құштарлыққа орнатылған мәңгілік ескерткіш!
Маңғыстаудағы ол ескерткіштер-жұмыр жер сауырына жазылған тарих! Олай болатыны әр құдық, әр шыңыраудың дербес өмірбаяны, атақ жөні, аңызы, өлең жыры, әні, күйі, таңбасы бар. Оның әрқайсысының әйкелінің көлеңкесінде бір-бір Еңсептер(Ә. Кекілбаевтың «Шыңырауындағы» атақты Еңсеп құдықшы) тыныстап жатыр. әр шыңыраудың иесі мен киесі бар. Иесі-Төлеп батыр, Айтыман ақсақалдар болса, киесі солардың өлмес рухы мен ұрпақтан ұрпаққа ұласар «құдығымнан жат атын суармасын» деген аманаты. Маңғыстаудың әр қырындағы кейуананың зарығып көрген немересіне иіген сыңар емшегіндей әр шыңыраудың әр тасы, әр ойығы көп ер балалы үйдің жалғыз қызының бұрым ұшындағы шолпысындай. Еспелер мен орпалар тұнып тұрған поэзия! Тілдік қорымызға ене кетуден заман ағымы қағыс қалдырып, енді енгенде, онсыз да бай ана тілімізідің шұрайын келтіріп, шырайын келістіре кететін неше бір айшықты сөздер сонда қордаланып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, бұл-бір өзгеше әлем, өзінше өрнекке ие тылсым дүние. Біздер соған тек қоян жымыңдай көмескі ізбен келіп, байқастап қана сөз етуді ниет тұттық.
Атап айтқанда, әуелі су көздерінің өткенін халқымыздың өткен тарихымен бірге қарастырдық. Сосын оның әр кезде, әр заманда, әр мақсатта зерттеулеріне назар аудардық, құдықшылықтың тек кәсіп қана емес, өнер екеніне ден қойдық, ел аузындағы оған қатысты аңыздарға да құлақ түрдік. Соларды шола келе жергілікті жерде кең қолданысқа ие көп жерде түсініксіз, белгісіз создердің суға қатысты сөздігін жасауға талпындық. Сонда көз жеткізгеніміз-бұл тек мәдениет тұрғысынан ғана қарап өту аздық ететін ұлан-ғайыр игілік, кешенді тақырып. Тек тарихшының, археологтың әдебиетшінің құрылысшының, гидрологтың, т. б. мамандардың жалаң шабуылына алдырмайтын қамал. Сондықтан оқырмандарымыздан біздің бұл еңбегімізге ниеті құбыла жолаушының сол қамал іргесіне келіп, ат шалдырып, жақын төбе басында көзін көлегейлеп қарап тұрып, шерткен сз-мұз сыры деп қарағандарын қалар едік.
Академик Н. И. Андрусовтың талантты шәкірті профессор М. В. Баярунастың «Маңғыстаудағы су ағар аңғарлардан» дейтін тамаша еңбегі бар. Ғалым бірнеше аңғар, қапылардың фотосуреттерін де қалдырған. Шетелге кетіп Францияда өлген ұстазы Н. И. Андрусовпен байланысып хат алысып тұрғаны үшін халық жауы деген жаланың қамытын ілген М. В. Баярунас 1937 жылы сотталып, Қолыма лагерінде өлген соң, бұл іс аяқсыз қалды. Тұранды кейде тұрақ деп атау да кездеседі, мысалы, 11-теміржол бекетіне жақын Сартұрақ осы өңірдегі үлкен су көзінен саналады. Шөл даладағы өмір күрес десек, жете алмай айтқанымыз. Ол шын мәнінде, ажал мен бажа, көрмен тіршілік ету жанкештіліктің үлгісі. Егер түгендеп кетсе, Маңғыстауда шөлден өлгендердің моласы өзге жерлердегі індеттен өлгендердің моласымен шамалас шығар еді.
Біз тоқталып өткен табиғи су көздерінің біразы тұтыну жоқтықтан, бұл жерде санитарлық ереже дегенді ауызға алып жатудың өзі артық, құрғақшылық жылдары тазармай, көп тұрып қалған қоңырдан, тасқақ, күптердегі су көкаязданып балдыр басып, құрттап кетер еді. Оны тек сүзіп қана алады. Далада шикі суды үнемі қайнатып ішудің де мүмкіндігі бола бермейді. Содан ішек, бауыр, қуық аурулары көп. Түбектің далалық жерлерінің тұрғындарының ортақ жасы бұлағы көп, суы таза таулы жерлердің тұрғындармен салыстырғанда әлдеқайда қысқа.
Тұран, қоңырдың сулары қой аяғын малып бір ішкен соң, шуаш сасып, жарамсыз болып шыға келді. Сондайда түздіктердің оның шуаш иісінен, дәмінен арылтар әдісі-көсеуді шоққа қыздырып алып, суға салу. Сөйткенде су тазарып шыға келеді. Бір қызықта киік пен қара құйрық үйірлері қанша жерден жабылып келіп су ішсе де су дәмі өзгермейді
-5-
Бүгінде ауыз суға деген қардерлік азайды, дегенмен бұл су көздері әлі тұтынудан қалған жоқ. Үстірттің жағалай ернегіндегі арқарлардың негізгі суат көздері. Егер жаңбыр жауып, тұран, қоңырдандарға су түссе, сол маңайдың қарақұйрығы мен киігі үйірлеп келіп, сол жерде табар еді. Киік қазір азайды, көзі құрыды деуге болады, қарақұйрық та сирек. Сөйтіп, біртіндеп аталған суаттар тұл қалып келеді. Бірақ тандыры кепкен шөлдің бірден-бір нері ретінде олар өткеніміздің белгісі болып тарихымызда қалды.
Біз бұл еңбегімізде соларға тек қысқаша шолу жасай алдық. Онда да, негізінен, оған мәдени жәдігер тұрғысынан басымдау сипат бердік.
ЖЕР БЕТІНДЕГІ БЕРЕКЕ КӨЗДЕРІ
Әлемдегі адам қолымен жасалған алып құрылыстар санатындағы ұлы Қытай қорғаны болса, соны суға, суландыруға қатысты сыңары тағы сол Қытайдағы біздің эрамыздың ІІІ ғасырына дейін қазылған ұзындығы 1500 километрлік Пекин-Ханчжу каналы мен одан Сычуань аймағындағы канал. Соңғысы бұдан 2500 жыл бұрын қазылыпты. Қазір екеуі де бар. Бүкіл ел тамыры. Ежелгі заманнан бері канал тек Қытай емес, өзге елдерге де тән суға қатысты бірінші адам қолымен жасалған құрылыс. Ол кездің адамдары Кеңес кезіндегі біздер сияқты, әрине, табиғат бермесін тартып аламыз деп өрепкімеген, өзеуремеген, кеуде соқпаған, бәрі тіршілік қамы үшін жасалған. Қалыпты қарекет қатарында қабылданған.
Заманында біздің арғы бабаларымыз ежелгі қазақтар да бұл үрдістерді атап өткен жоқ. Қытайдағы, Ніл дариясы бойындағы алыптар болмағанымен, бұлар да кетпен-күрек ұстап, ұзынды-қысқалы суландыру жүйелерін қазғанын бүгінгі тарих, археология дәлелдеп отыр. Қазақ мал бақты деген тұжырым егіншіліктен мүлдем ада деген ұғым емес. Керісінше, егіншілік-біздің де ата кәсіп, тіршіліктің бір тіні болды. Ағын суы аз, шөл далада ол, әрине, өте баяу қосалқы күнкөріс көзі ретінде нашар дамыды.
Қазір біздің тілдік қорымызда «алыпқашты» деген сөз бар, оның әуелгі мағынасын көбіміз білмейміз. Сол себепті, «сөз аяғын алып қаштыға салып кетті», тағы басқа ауыспалы мағынасында қолданамыз. Міне, осы сөз-дәл біздің елдің ең әуелгі каналының аты. Шағын өзен, ағын сулар алды бөгеледі. Қанша мықты бөгелді дегенмен, ол көп су тегеурініне төтеп бере алмайды, шайып әкетіледі. Сол себепті бөгеттің жоғарғы жағынана канал қазылады. Бір емес, бірнешеу. Сол арқылы бөгеттің маңындағы егіске су апарылады. Сөйтіп, бөгетке жиналған су деңгейі бірқалыпты сақталады. Көшпелі адайлар төңкерістен бұрын Жем, Ойыл, Қайыл, Сағыз өзендерінің саласынан, сағанасынан осындай бөгеттер мен алыпқаштыларын мол салыпты. Оның іздері әлі сақталған. Алыпқашты-әрине, көп сулы жердің еншісі. Ал аз суду ше, онда, әрине, бөгетке түсетін ағыс суы әлсіз, тіпті әзер толады. Сонда да оған алыпқашты керек, себебі әлсіз, сақтықта қорлық жоқ, жауын жауғанда алыпқашты сағасы ашылады да артық су жөніне ағып кете барады. Маңғыстау ауданындағы Жармыш ауылы 1957 жылға дейін мал шаруасына қосымша егіншілікпен де айналысты. Мұндағы негізгі су құрылыстары қазіргі Жармыштың шығысы мен батысындағы бұлақ аяғына салынған бөгет болатын. Жергілікті жерде оны аудан дейтін, екеуінде де алыпқашты бар. Жауында, қыс кездерінде су солар арқылы ағып жатады.
Бөгет тек су сағасы ғана емес, шөлдегі құрғақ сай аяғына да салынатынының куәсіміз. Оның жәдігерлері түбекте әлі сақтаулы. Дәлірек айтқанда, роындары, қазіргі Жыңғылды қапысының ішінде, теміржол қапталында. Сай бойында таудың тасын сол жердің балшығымен қалап салған бір бөгеттің сұлбасы тұр. Одан төмен қарай тартылған ұзындығы бір шақырымдай атыз. Қазылып емес, жерден топырақ үйіліп жасалған. Аталарымыздың бұл ретте әжептәуір құрылыс маманы болғанының айғағы-бөгетті осы жолдар авторларының бірі (Ә. С) бұдан аттай елу жыл бұрын көрген, орны әлі бар. Көне көздер ол тіптен төңкерістен бұрын бар еді деп отыратын. Жоғарғы жағы бұлт сәл сіркіреп өтсе суы кедергісіз ағатын табаны тас, сан тарап сай. Солай қозы өрісіндей аумақтың бар суы осында келіп толысады. Бір толған бөгет суы біразға азық.
-6-
Тары дақылы бар болғаны қырық күнде піседі. Сонда әуелді егіп болған соң, содан кейін бас ала бастағанда мелдектетіп бір суарса жарап жатыр. Бөгет иесі диқан бұл жеріне көбіне тары егеді екен. Және бір жазда екі рет өнім алады. Жауынды болар жазды алдын ала болжап, бидай өзге де дақыл егіп, өнімге өарық болған жылдары да аз емес. Сондай бөгеттің ең шебер үлгісі-Қошақ жерінде. Оны салушы-Жаманқара Шорбас Алданазарұлы. Бұл бөгет аяғына салынған егін бір ауылды асырады, -деп отырар еді қариялар. Көбіне олармен салынған бөгеттер салушы көптер меншігі саналған. Көп бөгеттер маңында шаруасын күйіттеген адамның есімімен аталып, кейіннен жер атауына айналып кеткен (Ә. Кекілбаев «Бір шөкім бұлт», «Сәлмен бөгетте») .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz