Шалқан ертегісін сахналау

МКҚК «Балапан» балабақшасы
Меңгерушісі: Бортаева А. С
Әдіскер: Досмайлова З. Ж
Тақырыбы:
(Шалқан ертегісін сахналау)
Өткізген: Хасенова И.
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы - 2011
«Ертегілер елінде»
«Шалқан» ертегісін сахналау.
Мақсаты:
Шалқан ертегісін сахналау арқылы балалардың ақыл-ойын, қиялын дамыту.
Есте сақтау қабілеттерін жеткізу. Үй жануарлары жайында түсініктерін толтыру.
Көрнекіліктер:
«Шалқан» ертегісінің суреттері; көрініске керекті құралдар.
Ертегінің барысы:
Залда музыка ойналып тұрады, залға кірген балалар қонақтармен амандасады.
Есік қағылады:
Тәрбиеші:
Балалар, қанекей кім есік қағып тұрған, соны қарайықшы есікті ашып.
Тәрбиеші есік ашады:
Тәрбиеші:
Балалар, бізге жыл басы қоян қонаққа келіп тұр. Қанекей бәріміз қоянмен амандасайық.
Қоянның сөзі:
Саламатсыңдар ма, балалар! Мен бүгін сендерге әдейі орманнан «ертегілер еліне» қонаққа келіп тұрмын. «Айгөлек» тобының бүлдіршіндері «Шалқан» ертегісін сахналайды деп, орманда жүріп сауысқаннан естіп, арнайы келдім.
Тәрбиеші:
Қоян, сіз дәл уақытында келдіңіз, олай болса балалармен қосылып, ертегіні тамашалауға шақырамыз, балалардың арасынан орны алып, орналаса қойыңыз.
Әуенмен шалқан ертегісі басталады.
Тәрбиеші:
Ерте, ерте, ертеде. Бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар үй шаруашылығына, ата есіктің алдында шалқан егіпті. Күндердің бір күнінде Шалқан күнні ыстық сәулесімен үлкен болып өсіпті. Осы кезде ата шалқанына тамсанып қарайды.
Ата:
Ой, бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып өсіпті. Бәріне жететін болды.
Тәрбиеші:
Осылай ата еңбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады, бері тартады, шалқанды жұла алмай қояды. Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.
Ата:
Ойбай, шаршап кеттім, белім де ауырады. Қой көмекке кемпірді шақырайын.
- Кемпірім, кемпірім, көмекке келші, қараша, шалқанымыз үлкен болып өсіпті, Жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Кел, екеуміз бірге тартайық!
Кемпір:
Ой, шынында үлкен болып өсіпті ғой! Кел, тартсақ тартайық!
Тәрбиеші:
Осылайша атаның артынан ұстап әрі тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды орнынан қозғалта алмайды. Кемпір қызын көмекке шақырады.
Кемпір:
Қызым, қызым, бізге көмекке келші. Атаң еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Қыз:
Жарайды апа сізге көмектесемін.
Тәрбиеші:
Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды рет-ретімен тартады. Бірақ күштері жетпейді. Сонымен қыз көмекке итін шақырады.
Қыз:
Итім, итім көмекке келші.
Ит:
Аф-аф-аф көмектес десеңдер көмектесемін
Тәрбиеші:
Ит қыздың етегінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады, бірақ шалқанды суыра алмайды.
Енді ит көмекке мысықты шақырады.
Ит:
Мысық, мысық, бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Мысық:
Мяу-мяу, көмектесіп жіберейін.
Тәрбиеші:
Мысық иттің құйрығынан ит қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап әрі жұлқылайды, бері жұлқылайды, бірақ шалқан шықпайды.
Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.
Мысық:
Тышқан, тышқан, маған көмектесіп жіберші.
Тышқан:
Әрине көмектесіп жіберемін.
Олар тарта-тарта шалқанды суырып алады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz