Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тіршіліктің пайда болу географиясы

Оңтүстік Америка құрлығы
(деңгейлік тапсырмалар 7-сынып бойынша )

Д.С.Хасенова, Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын

мамандандырылған дарынды
балаларға арналған
мектептің география пәні мұғалімі
Семей қаласы

Қай кезде болмасын білім ошағының алдында тұрған мәселелердің бірі –
оқушылардың білімін тексеру мен болжау. Бұл деңгейлік тапсырмалар бір
жағынан оқушыларды география пәніне қызықтырып ынталандырса, екінші жағынан
оқушылардың білімін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар
оқушыларды географиялық ізденісте болуға, өз бетімен жұмыс істеуге жағдай
жасайды.

1 деңгей
1. (Анықтама-сөздер) қалай аталатынын жазындар:
1) Жаңа Дүниені жаулап алған испандықтар.
2) Жер бетіндегі ең ірі кеміруші сушошқасы.
3) Ылғалды экватор ормандары
4) Құрғақ таулы дала және шөл дала.
5) Ауадағы көзге көрінбейтін сулы шаңдар сияқты жауын-шашын

2. Африка және Оңтүстік Американың қандай ұқсастығы мен айырмашылықтары
бар?
3. Тынық мұхитының жағалауында қандай шөл дала орналасқан, қалай пайда
болды?

2 деңгей.
1. Оңтүстік Американы басқару үшін Испания және Португалия арасындағы дау
14 мамыр 1493 жылы қалай шешілді?
2. Әдетте өзендер жағалауында жіпке тізілген моншақ тәрізді қалалар
тізбектелген, мысалы Волгада 16 ірі қала, оның арасында 4 миллионер қала.
Амазонкада қандай қалалар орналасқан? Олар неге аз?
3. Андының қай бөлігінде мұздық көп, қай бөлігінде аз? Неліктен?

3 деңгей.
1.Америка қандай мәдениет өсімдіктерінің отаны болып саналады? Олар қашан
еуропалықтарға белгілі болды? Ресейге қашан таралды? Қазір оларды
өндіруден қандай елдер бірінші орында?
2.Суретте Оңтүстік Американың ең бір үлкен аймағының геологиялық құрылысы
көрсетілген. Бұл қандай аймақ? Оны неге «темір жүрек» деп атаған? Бұл аймақ
туралы тағы не білесіңдер?
3. . Жазыңдар, (фамилиясы мен ұлты) бірінші болып ашқан кімдер:
1) Оңтүстік Америка материгінің жағалауларына жеткен (аралдар емес-

1499 )
2) Панама мойнағын кесіп өтіп, Тынық мұхитын ашқан (1513)
3) Амазонка бойымен төмен қарай түскен. (1542)
4) Оңт.Американы айналып шыққан (1520)
5) XIX ғасырдын басында Оңтүстік Американың табиғатын зерттеген?
(оны «екінші Колумб» деп атаған).

Жауаптары

1деңгей
1. 1) конкистадорлар, 2) капибара 3) гилейлер, немесе сельва,4) пуна, 5)
гаруа.
2. Табиғат зоналары ұқсас, экватор сызығы кесіп өтетін ыстық құрлықтар
болып табылады. Бірақ өсімдіктер мен жануарлар әлемінің түрлерінің
құрамы жөнінен айырмашылық жасайды.
3. Атакама. Оның пайда болуы суық Перу ағысымен байланысты.
4.
2 деңгей
1. Испания мен Португалияның арасында Оңтүстік Американы Булланың
(Рим Папасы) үкімімен, жобамен 46-шы батыс бойлық бойымен екіге бөлген.
Осы бойлықтың батысында орналасқан жерлерді испандықтар, ал шығыс жағын
португалдықтар иеленді. Кейін жылдың аяғына қарай арнайы Тордесильяс
келісім шарты жасалды, бұл шарт 1777 жылға дейін күшіне енді.

2.
Амазонка жағалауы батпақты және өте қолайсыз. Амазонка бойында екі ғана
ірі қала орналасқан: бразилияның қаласы Манаус (1млн-ға жуық тұрғыны бар)
және Перу қаласы Икитос (270 мыңға жуық тұрғыны бар).
3. Анд тауының орталығы мен жоғарғы бөлігінде мұздықтар көбейе береді.

3 деңгей
1. Америка картоптың, мақтаның, томаттың, жүгерінің, жасанды каучуктың,
какаоның отаны саналады. Картоп пен мақта өндіруде дүние жүзі бойынша
алдыңғы орындарда – Қытай, жүгеріден – АҚШ, какао – Кот-д-Ивуар, жасанды
каучуктан – Оңтүстік-Шығыс Азия болып саналады..
2. Бұл – Бразилия таулы үстірті. Бұл жерде рекордтық құрамы пайдалы
элемент – темірге аса бай, темір рудасының бай кен орындары бар. Итабир
деп аталатын жергілікті жердің атауына байланысты, қазір бұл тау жынысы -
«итабирит» деп аталады. Басқа табиғат таңғажайыптары: сарқырамалар, бұл
жерде кампос деп аталатын саванналар
3. 1)испандық Алонса Охеда, 2) Васко Нуньес Бальбоа, 3) Франциско Орельяно,
4) португалдық Ф.Магелллан, 5) неміс Гумбольдт.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Н.Баяндин. Географиялық ашулар. Ғылыми көпш. басылым. Алматы:
Мектеп, 1989. – 136 бет.
2. В.А.Низовцев, Н.А. Марченко, Школьные олимпиады. География. Метод
пособие --2-е. Изд.М.: Айрис-Пресс, 2007.
3. Н.П.Смирнова, А.А. Шибанова, Материктер мен елдерде. Материктер
географиясы бойынша оқу кітабы. М.: «Просвещение»,1988.
4. Тіршіліктің пайда болу географиясы. Анықтамалық құрал/ Құрастырғандар
Қ.Асылбеков, М. Асылбеков, Ғ.Базарбеков. – Алматы.: «
Атамұра»,2008.

РЕЗЮМЕ – SUMMARY

Предлагаемые задания предназначены для проверки знаний по географии.
Задания по каждой теме сгруппированы таким образом, что учитель имеет
возможность использовать их и на уроках для текущей проверки знаний
учеников разной степени подготовленности. Предложенные вопросы не
охватывает всю полноту знаний по географии, но позволяет выявить
главные из них..

Ұқсас жұмыстар
Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі
Командаға сұрақ
География ғылымының негізгі ерекшеліктері
«тіршіліктің даму тарихы туралы ілім» тарауы бойынша қорытынды сабақ
Табиғатты қорғау. 8 сынып
Жер тарихының шежіресі
Тіршілік химиясы
Ұйымдастыру кезеңі. Жаңа сабақ
Протобионттар немесе тіршілік жолашары
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
Пәндер