Саңырауқұлақтар дүниесін қорытындылау: білімді тексеру және дамыту сабағы

Атырау облысыс

Қызылқоға ауданы

Жасқайрат ауылы

Ш. Т. Еркінов орта мектебінің

Химия-биология пәні мұғалімі

Қарағожина Кенжегүл Гапуринқызы

Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтар дүниесі тарауын қорытындылау.

Сабақ мақсаты:

а) Білімділік. Оқушылардың саңырауқұлақтар дүниесі бойынша алған білімдерін саралай отырып, бір жүйеге келтіру.

ә) Дамытушылық. Оқушылардың тірі табиғат туралы алған білімдерін одан әрі дамыту. Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, тақырыптағы негізгі ұғымды тауып, сызбанұсқаны толтыруға машықтандыру, білімді нақтылау және қисынды ойлауын дамыту.

б) Тәрбиелік. Оқушыларды өз бетінше ізденуге, шығармашылықтарын дамытуға, еңбектенуге, өзара білімдерін тексеріп бағалауға, адамгершілікпен ұжымдық қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білім тексеру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдістері: СТО элементтерін пайдалану,

демонстрациялау, тест, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Техникалық құралдар, проектор,

кестелер.

Сабақтың жүру барысы: Ұйымдастыру

Сабақтың жоспары.

  1. Ой маржан (оқушыларға сұрақтар беріледі)

2. Мағынаны тап (берілген сөздердін анықтамасын айтыңыз

3. Суреттер сөйлейді

4. Миға шабуыл

5. Венн диаграммасы

6. Эссе жазу.

1. Ой маржан (оқушыларға сұрақтар беріледі)

1. Саңырауқұлақ жасушасында жиналатын қоректік қор заты?

2. Талшығы бар спораның атауы?

3. Нан ашытуға пайдаланатын саңырауқұлақ?

4. Лимон қышқылы алынатын саңырауқұлақ?

5. Қалпақшалы саңырауқұлақтың топырақ ішінде көрінбей жататын бөлігі?

6. Бидай масағын зақымдайтын паразит саңырауқұлақ?

7. Жүгері собығында болатын паразит саңырауқұлақ?

8. Тасқа жабысып өсетін қына?

9. Екі ағзаның пайдалы селбесуі?

10. Саңырауқұлақтың өсімдіктерге тән белгілері?

2. Мағынаны тап (берілген сөздердін анықтамасын айтыңыз)

  1. Микология 4. Микориза

2. Конидий 5. Боз арамқұлақ

3. Пеницилл 6. Паразит

3. Суреттер сөйлейді

Берілген суреттер бойынша қалпақшалы, жеуге жарамды, улы, паразит саңырауқұлақтарды ажыратып жазыңыздар

Жауаптары

Қалпақшалы: Қалпақшалы
Улы: Улы
Жеуге жарамды: Жеуге жарамды
Паразит: Паразит
Қалпақшалы:

3

6

10

Улы:

2

9

Жеуге жарамды:

1

5

8

Паразит:

4

7

ә) Қалпақшалы саңырауқұлақ құрлысы?

б) Зең саңырауқұлақтары шоғырының жалпы көрінісі.

Суретте берілген өсімдіктерді атаңыз

4. Миға шабуыл

  1. Саңырауқұлақтың жануарларға ұқсастығы қандай?

а) бір орында қозғалмайды

ә) дайын ағзалық заттармен қоректенеді

б) қоректік заттарды бүкіл денесімен сорады

2. Саңырауқұлақтың таралуын қамтамасыз ететін жасуша?

а) сапрофит

ә) зооспора

б) спора

3. Бір жасушалы саңырауқұлақ?

а) ашытқы

ә) қалпақшалы

б) улы саңырауқұлақтар

4. Пеницилл мен аспергилл қандай саңырауқұлаққа жатады?

а) қалпақшалы

ә) зең

б) паразит саңырауқұлақтар

5. Малдың тұяғына ұқсас саңырауқұлақ?

а) боз арамқұлақ

ә) көңілкеш

б) діңқұлақ

6. Саңырауқұлақтардан өсімдіктерді тез өсіретін белсенді зат алады?

а) гибереллин

ә) боверин

б) фермент

7. Пеницилл саңырауқұлақтарынан алынатын антибиотик?

а) асперин

ә) пеницеллин

б) анальгин

8. Қынаны зерттеушілер?

а) лихенологтар

ә) микология

б) альбология

9. Аспергилл саңырауқұлағының тудыратын ауруы?

а) тұмау

ә) ревматизм

б) аспергиллез

10. Ашытқы саңырауқұлағының ғылыми аты?

а) қантты саңырауқұлақ

ә) паразит саңырауқұлақ

б) зең саңырауқұлағы

Тест жауаптары:

1. Ә 6. А

2. Б 7. Ә

3. А 8. А

4. Ә 9. Б

5. Б 10. А

5. Венн диаграммасы

Бактерия Саңырауқұлақ

“Ой толғаныс”

6. Эссе жазу.

Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Қорытынды.

Топтастыру бағалау

Өсімдіктерге тән белгі Жануарларға тән белгі Симбиоз

Микология Саңырауқұлақтар Микориза

гибереллин

Бір жасуша Көбеюі пайдасы

Зең Өсімді Жыныссыз Жынысты Боверин

Усыз Жоғарғы саты Улы Зооспора Спора Конадий

Қаракүйе Діңқұлақ

Ақ ұнтақ Паразит

Қастауыш Тат


Ұқсас жұмыстар
8-сынып химиясы: Оттек пен оксидтерді қорытындылау және білімді тексеру
Сақтар: білімді жүйелеу және қорытындылау сабағы
Бастауыш сыныпта диктант жазу және оның талдауы: білімді тексеру сабағы
Курмин ЖОББ мектебіндегі математикалық кеш: білімді тексеру және логикалық ойды дамыту
Мақта қыз бен мысық ертегісі негізінде топтық жұмыс арқылы білімді тексеру және дағдыларды дамыту
7-сыныпқа арналған Компьютер құрылғылары тақырыбы бойынша қайталау және білімді тексеру сабақ жоспары
Сан есім: қайталау және қорытындылау сабағы
Қозғалыс (жол, жылдамдық, үдеу) тақырыбы бойынша білімді тексеру: сайыс сабақ жоспары
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар: бекіту және қорытындылау сабағы
6-сынып математикасы: Рационал сандарға амалдар қолдану - білімді тексеру сабағының жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz