Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қарабекова Лаура Бибитовнаға арналған ұстаздарға құрмет көрсету кеші

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Жалаңтөс батыр ауылы

Қ. Пірімов атындағы № 103 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Карабекова Лаура Бибитовна

Музыка ырғағымен оқушылар ортаға шығады. Ұстаз туралы шығарған өлең жолдары оқылады.

1-жүргізуші:

Білімнің кәусәр бұлағын,

Жүресің құйып санама,

Біз үшін сенсің-мұғалім,

Ұстаз да, ғылым дана да.

ӘН: Ұстазым

2-жүргізуші:

Қыр сырын зерттеп заманның,

Ұлылығын айтып бабамның

Өнерге өріс беретін,

Барометрі сенсің адамның

Ортаға мың бұралған бишілер шығап «Бипыл» биін билейді.

1-жүргізуші:

Сағыныш сазы толқытқан,

Арнамақ сөздің мәйегін.

Шәкірттерін оқытқан,

Келіп тұр жолдап сәлемін

Құттықтау сөз бүлдіршіндерге беріледі, әсем ән орындалады .

2-жүргізуші:

Көзге ыстық көрінер,

Оқулығы, партасы

Оқу қызық болғаны,

Мұғалімнің арқасы.

1-жүргізуші:

Ақыл, білім көп бердің,

Анамдайсың мектебім

Сенде өсіп көктедім,

Сенсің өмір көктемім.

Екеуі хормен: Алғыстарым көп менің

Асыл анам -мектебім!

ӘН орындалады

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңді ықыласпен тыңдап, пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүрміз. Жан-жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.

( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында шарлары бар)

М -мейірімді

Ұ- ұлағатты

Ғ-ғазиз

А-ақылды

Л- лайықты

І-іскер

М- маман

2-жүргізуші:

Мұғалім, ғазиз мұғалім,

Сарқылмас мәңгі бұлағым

Ұланың бүгін тойыңда,

Арнайды саған бұл әнін.

Әсем ән орындалады

1-жүргізуші:

Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,

Асыға сәлем жолдап жүректен біз.

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.

Би орындалады.

2-жүргізуші:

Оқытыңдар, ұл-қызым, деп,

Күлімдеген ұстаздар.

Ән арнадық арнайы

Тағзым ете, ұстаздар.

1-жүргізуші:

Қара сөздің дауылы,

Құрмет еткен ауылы

Екеуі хормен:

Сыйымызға риза бол,

Мұғалімдер қауымы!

Қорытынды бөлім.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары: Біріккен сөздер - Ізтілеуова Светлана, №102 орта мектеп, Бірлік ауылы, Қазалы ауданы, Қызылорда облысы
Қожабақы ауылы №25 орта мектеп оқушыларының есірткі, темекі және алкогольге қарсы шығармалары (Қазалы ауданы, Қызылорда облысы)
Қызылорда облысы Қазалы ауданы №249 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушылары арасындағы Білгір химик сайысы
Қ. Ыдырысов атындағы орта мектептің 4 А сыныбының Қош бол аяулы бастауыш мерекелік кеші (2012)
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы №29 Т.Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінде өткізілген 8-сынып оқушылары арасындағы Жас эрудит физика сайысы
Қызылорда облысы Қазалы ауданы №249 мектеп-лицейінің 8ә сыныбының 2010-2011 оқу жылы Жаңа жылдық бал-маскарад сценарийі
Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектептің 7-11 сыныптары үшін информатика пәні бойынша білімдік сайыс
Жамбыл облысы Сарысу ауданы Шоқай датқа атындағы орта мектептің Ер сұлтан жас ұландар байқауын өткізу жоспары
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті №105 орта мектептің 5-6 сыныптары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Кім білгір сайысы
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы №213 Қыркенсе орта мектебінің 2009 жылғы 25 мамыр Соңғы қоңырау салтанатының сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz