8 наурыз - Аналар күніне арналған мектептік сахналық-музыкалық бағдарлама

Анамыздың мейрамы.

Көрініске сай сахна безендірілген.

(Есіктен Шығайбай кіріп көрпеге отырады)

Бай: - Көктем, көктем тіршіліктің көзі деген рас екен-ау, ал тіршілік - табыстың өзі екен. (Артынан әйел ана кіреді)

Ана: - Аман-есен келдің бе, әйтеуір. Ақша табамын деп жүріп, бала-шағаңды ұмытып кетпесең болғаны. (Сырттан көңілді ұл-қызы кіреді. )

Ұл: - Әке, ассалаумағалейкум! Маған бәтеңке әкелдіңіз бе, өткенде айтып едім ғой, қараңызшы жыртылып қалды. (Аяғын көрсетеді. )

Бай : - Көрдім, көрдім кішкене шыдай тұр, міне көктем шықты жазда жалаң аяқ жүруге болады. (Бала өкпелеп отырады. )

Қызы. - Әке, маған күртке керек.

Бай: Мектепке барғанда бір-ақ аласың, әйтпесе ескіріп не қысқарып қалады. (Қызы ренжіп теріс қарап отырады. )

Ана: - Қашан сенің бар дейтін кезің болады екен? (Үйден шыға бере жылап жібереді, алдынан Алдар шығады)

Алдар: - Ай, ақжеңеше, сізге не болды?

Ана : - Не болсын, әлгі Шықбермес басқаны қойғанда, өз балаларына да татыратын емес. Байыған сайын пейілі тарылып барады.

Алдар: - Мерекенің алдында жарқылдап, жүрудің орнына бұл қалай, қой ренжіме, жүр үйге, мен қазір бәрін реттеймін. (Қайта кіреді. )

  • Ассалаумағалейкум, байеке!

Бай: - (көңілді құшақ жайып) Уағалейкумассалам!

Алдар : Көңіл-күйіңіз жақсы екен, табысыңыз да жаман болмас?

Бай : (Әрине, әрине деп жағасын көтеріп қойып, көңілді әнге салады. )

Менен асқан жұмыстың,

Көзін білер бай бар ма?

Мыңғырған мал корада

Дүниесі сай бар ма?

Алдар :

Тоқта, тоқта,

Өтірікті соқпа,

Жайсаң мінез жайдары,

Жомарт байлар жоқ па?

Бай :

Менен асқан пайдасын

Білетіндей бай бар ма,

Түрі-түсі, бой көркі,

Келбетіңе сай бар ма?!

Алдар

Тоқта, тоқта,

Өтірікті соқпа,

Сенен өткен тұлғалы

Сұлу байлар жоқ па?

Бай :

Теңге қалай жасаудың

Жолын өзім білемін,

Ақша толы қалтамда,

Көңілденіп жүремін.

Алдар :

Тоқта, тоқта,

Өтірікті соқпа,

Бар болса да жоқ дейтін,

Сараңдығын жоқ па?

Бай : Жетер енді! Түріңе қарамай маған сын айтатын кімсің өзің?

Алдар : - Сен осы заманның шық бермес Шығайбайды болсаң мен айлакер Алдармын.

Бай . - Болсаң болыпсың да, неге мені сараң деп балаларым-ның алдында беделімді түсіресің, ел естісе сеніп қалмай, а?

Алдар : Сараң екенің, қатты екенің өтірік пе?

Бай : - Өтірік!

Алдар : - Бәстісейік.

Бай : - Қаншаға?

Алдар : - Бір теңге

Бай : Бір теңге? Келістік!

Алдар : - Сенің сараңдығың сонша, бір адамға қарыз бере алмайсың ғой.

Бай : - Кім айтты? Берем.

Алдар : - Олай болса маған келесі жылға дейін жүз теңге қарыз бере тұршы?

Бай : - 100 теңге-ақ па, мә 200 теңге.

Алдар : - Рақмет, байеке, артық айтсам кешіріңіз. Ал, енді кім жомарт, кім сараң оны сауда үстінде байқайық.

Бай : - Кеттік базарға.

Мұғалім : - Балалар, сендердің араларыңда қызғаншақ, қатты, өзімшіл балалар бар ма?

Балалар : - Жоқ.

Мұғалім : - ИЯ, балалар, мен де сендерді мырза, кішіпейіл, ақкөңіл, мейірімді деп ойлаймын. Аналарыңды, әпке-қарындастарыңды ренжітпей мереке күні көмектесесіңдер ғой?

Балалар : - Ия.

(Базардағы Шықбермес пен Алдар)

Сатушы:

Келіңіздер, Келіңіздер,

Жаңа бұйм көріңіздер.

Пакистаннан, Үндістаннан,

Түркиядан, кореядан

Жаңа заттар толып жатыр.

Бикештерге мырзалар

Қаптап сыйлық алып жатыр.

Келіңіздер, Келіңіздер

(Артынан ентігіп бай мен Алдар еріп кіреді. )

Алдар: - маған ана қаламсапты, қызыма қуыршақ, әйеліме орамал берші.

Сатушы . Мінекейіңіз ең әдемісі, ең жақсысы орап бере қояйын.

Бай. - Маған да, - деп басын қаси бергенде, Алдар: - Сенің балаларың осыны сұрап па еді? Оның үстіне Шығайбайдың әйелі шыт орамал тартып жүр деген ұят емес пе, дұрысын алсаңызшы, - дейді.

Бай: - Ұлым бәтеңке, қызым күртке деп еді.

Сатушы : - Бар, бар таза былғарыдан бәтеңке, әдемі күртке, жібек орамал, көйлек, оған түстес әйеліңізге туфли де бар. Сізге де орап берейін. Мінекейіңіз.

(Бай ақшасын төлеп алады. )

Сатушы : - Не деген мырза едіңіз.

Бай : - Естідің бе, Алдар? Енді ұтылғаныңды мойындайтын шығарсың, мені сақтап тұр, -дейді.

Алдар: -- Әрине, міне 1 теңге! Ал енді көріскенше күн жақсы .

(Алдар далаға, бай үйіне кетеді, ал сатушы Келіңіздер, Келіңіздер - деп ол шығып кетеді.

Бай : (Әкелген заттарды үйдің ортасына тастай салады. Балалары қарап мәз болады. Өзі ақшасын теріс айналып қайта санап, ) Ой, масқара-ай, қалтада түк қалмапты ғой. Әй, Алдар, ақшамды тез қайтар, әйтпесе пайызымен аламын! - деп артынан жүгіріп кетеді.

Қыз : - Әкей кімді қуып кетті?

Ұл : - Алдар ағаны.

Ана : - Е, шырақтарым-ай, әкелерің дүниені де қанша қуғанымен жеткізбейтінін сезсе ғой шіркін.

Қыз : - Шеше, ренжімеңіз. Жүріңіз мектепке барайық.

Ұл : - Ия, онда сіздерге арналған ойын-сауық болады. Жүріңіз тезірек.

Назерке Сырнай тартып, би билер,

Тойларыңа балалар.

Бағалаймыз еңбегін

Бәрі: Аман болсын аналар!

Сұлтан

Қандай бала болмайық,

Анамызға дәріміз.

Көтерсінші көңілін

Бәрі: Ән салайық бәріміз.

ӘН «Ақ мамам!»

Бекзат

Анамның түссе қабағы,

Шаттанып мен күлмеймін.

Өйткені мен анамнан

Жақын жанды білмеймін.

Ұлжан

Гүл-гүл жайнап әріміз,

Кіреді біздің сәніміз.

Аналарды тойымен

Бәрі: Құттықтаймыз бәріміз!

1-сынып Бәрі:

Анамыздың мейрамы,

Не істеу керек білмейміз.

Қалай көңілін тапсақ деп,

Түнде көзді ілмейміз.

Диас:

Сабағым ғой болмаса,

Дүкенге өзім барар ем.

Күлін алып, от жағып,

Ағашын да жарар ем.

Әсел:

Қойым болса қорада,

Оған шөбін салар ем.

Қи шығарып, су тасып,

Қозыларға қара р ем

Талғат:

Қыз болсам ғой қиналмай,

Кірін жуып берер ем.

Шәй қайнатып, бала ойнатып,

Үйін жинап жүрер ем.

Гүлден:

Епті емеспін мендағы,

Еден жуа салмаймын.

Екі-үшеуін сындырмай

Ыдыс жуа алмаймын.

Бәрі :

Қайдан біле берейік,

Көп тірліктің жайын біз.

Қандай жұмыс болса да,

«Ана» үшін дайынбыз.

Жанерке :

Аналар ғой қуат берер тірлікке,

Алдарында сәби болып жүрдік те.

Аналар ғой жақсылыққа жетелеп,

Үйрететін ынтымаққа, бірлікке.

Әсел :

Тыным таппай күнімен,

Ұйқы көрмей түнімен.

Бар тірлігін тындырып,

Бірге ойнайды менімен.

Диас :

Қамқоршы боп жүреді,

Мандайымнан сүйеді.

Суға түсіп отқа да,

Бір мен үшін күйеді.

Талғат :

Сенімінді ақтайды,

Еркелеткен балашың.

Аман жүріп әрқашан,

Мұңаймашы, анашым.

Зинегүл :

Мерекеңмен өзінді,

Құттықтайды балашың.

Арнап айтқан әнімді,

Қабыл алшы, анашым.

Ән Құттықтаймын, мама туған күніңмен!

Гүлден :

Өнегесін үйреніп

Көмекші боп жүрейік

Алдарында бас иіп,

Би де билеп берейік.

Би “Қамажай” «Бүлдіршін» би тобы

Сыйлықтарын беру


Ұқсас жұмыстар
Ана - өмірдің шуағы: 8-наурыз аналар мерекесіне арналған бағдарлама
8 Наурыз: Аналар мен әйелдерге арналған мектептік мерекелік концерт бағдарламасы
Ұстаздар күніне арналған әдеби-музыкалық бағдарлама
Ұстаздар күніне арналған мектептік концерттік бағдарлама
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған жоғары сыныптар үшін мектептік мерекелік сценарий
Аналар мерекесіне арналған мектептік концерттің сценарийі
Қарттарым - асыл қазынам: Қарттар күніне арналған мектептік тәрбие және мерекелік бағдарлама
Тәрбие сағаты: Анашым деп мақтанам (8 наурыз - аналар мерекесіне арналған)
Ана - тіршілік тірегі: 8 наурызға арналған мектептік мерекелік бағдарлама
8 наурыз: Аналар - асыл жандар атты мерекелік тәрбиелік сағат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz