Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Аяулы абыройлы ана тілім
«Ең бірінші бақытым – ана тілім»
Кештің мақсаты: Оқушыларға ана тілін сүюге, ардақтауға, қадірлеуге және
тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсінуге шақыру.
Кештің мақсаты: Мағжан, Жүсіпбек, Мұхтар, Абай, Сұлтанмахмұт, Сәбит, Ғабит
және т.б ақын жазушылардың тіл туралы айтқан пікірлерін, суреттерін іліп
қою. Құрманғазының «Сарыарқа» күйі орындалып тұрады.
1-жүргізуші: Аяулы абыройлы ана тілім
Өстім мен саясында қанатыңның,
Кетіпті ғазиз ана сені ойлап
Жыр болып көкірегімде жанатұғын.
2-жүргізуші: Тілім менің – қазынам қасиетім,
Қасиетім бар әлем бас иетін.
Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ,
Бола көрме, ана тіл, қасіретім.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Ең бірінші бақытым – ана
тілім» атты тілдер мерекесіне арналған кешімізді ашық деп жариялаймыз!
2-жүргізуші: Қазақ тіліміз – ана тіліміз. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып
үлкен мәртебеге ие болды. Оны біздің қазақ халқы зор қуанышпен қарсы
алды.
1-жүргізуші: Елбасы Нұрсылтан Назарбаевтың 1998 жылдың 20-қаңтарындағы
Жарлығына сәйкес 22-қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері» күні ретінде
аталып келеді. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, себебі әр ұлттың тілі
– оның бақыты, тірегі. Бүкіл түркі елдеріне ардақты ағартушы, ғұлама ғалым
Ахмет Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалған жұрттың өзі жоғалады» деген сөзінде
үлкен мән жатыр.
2-жүргізуші: Бүгінгі тіл мерекесімен сіздерді құттықтай отырып, құттықтау
сөзді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Байжақанов
Мұратбек ағайға береміз!
1-жүргізуші: Сүйемін өз тілімді – ана тілім,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген тыныс үнін.
2-жүргізуші: Тілім менің – тірегім, дінім менің,
Күшім кетсе не болады күнім менің?!
Өз халқына жетеді өз мәнінде
Өз тілімде оқылса жырым менің!
1-жүргізуші: Тіл жайында толғанбайды кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?
Сан мың жылдан сарқылмаған бұлағым!
Тілім менің, тілім менің – тірлігім!
Ән: «Ананың тілі – аяулы үні»
2 –жүргізуші: Туған тілім – бабам тілі, өз тілім,
Туған тілім – анам тілім, өз тілім,
Туған тілі – дала тілім, өз тілім,
Туған тілім – адам тілі, өз тілім.
1-жүргізуші: Тіл – табиғаттың адамға берген сыйы. Әр халықтың, өз тілі
болады. Жер жүзінде қаншама ұлт болса, соншама тіл бар.
Тіл тағдыры – ел тағдыры,
Тіл – халықтың байлығы, қазынасы.
2-жүргізуші: Биылғы тіл мерекесі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен тұспа-
тұс келуіне орай мектебіміздегі барлық іс-шараларды Тәуелсіздікке тарту
ретінде оқушыларымыздың өз жүректерінен шыққан «Жас тілші» үйірмесі
мүшелерінің жиырма жыр шашуларын ұсынамыз.
Мәнерлеп оқу
1- оқушы Әділова Гүлсара 8-сынып оқушысы «Тәуелсіз ел құтты болсын – 20
жас!»
2- оқушы Абзал Мархабат 5-сынып «Тілім менің бірлігімнің айғағы»
3- оқушы Ықылас Айжан 5-сынып «Менің тілім қазақ тілі дара тіл»
1-жүргізуші: Ана тілін сөйлетейік биіктен,
Бабам сөзін қайта әкем тірілткен.
Кейінгі жас естіп өссін, үлгі алсын,
Ана тілім бастау алған бірліктен.
Ән: « »
2-жүргізуші: Біз ана тілімізді, яғни халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруге
пәрменді құрал болып отырған, мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілін
терең де тиянақты меңгеруіміз керек.
1-жүргізуші: Мен қазақпын – мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тілімен
«Жаман үйді қонағы билейді» деп
Қала жаздап айырылып өз тілімнен.
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артығы жоқ өз тілінен.
Мәнерлеп оқу
4-оқушы Қарасай Нұрбибі 8-сынып «Қазағымның азат үні – ана тіл»
5-оқушы Әдіраманова Нұрбану 9-сынып «Тәуелсіздік күні»
6-оқушы Алпысбаева Тұрсынкүл 9-сынып «Құрметтеймін тілімді»
7-оқушы Әбдіхалықова Гүлжан 8-сынып «Ана тілім – сен менің....»
8-оқушы Қарасай Райхан 6-сынып «Ана тілі»
Ән: « »
2-жүргізуші: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан
да қол үзеді. Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан
халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана
менсінбейді, өгей ұлдары аяққа басады» - деген екен тіл жанашыры Ғабит
Мүсірепов.
1-жүргізуші: «Ана тілі – халықтың өткен ұрпағын, ажырамас туыстық жағдайда
мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз
халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Халық рухының сарқылмас бастауы да
сонда жатыр» депті Д.Ушинский.
Мәнерлеп оқу
9-оқушы Кенжебек Азамат 6-сынып «Тіл»
Тас төбеме көтерем деп тілімді,
Бас жарылып, ет өкшеміз тілінді.
Дана тілім, баба тілім болмасаң,
Бір секундта көре алмаймын күнімді.
Тас төбеме шығарам деп тілімді,
Шырылдаумен шығардым-ау үнімді.
Ауырсынбай арқаланып келемін
Тіл жолында ауырланған жүгімді.
Бір шалынып, бірде тұрып келемін,
Тілім –анам, тілім – далам, өлеңім.
Қайқы қылыш бас кескелі тұрса да,
Туған тілдің нақ жолында өлемін.
«Туған тілім» деп өссе екен түлегім,
Жаман істің бермесе екен түнегін.
Жалғыз жаннан дем үзіліп кетсе де,
«Туған тілім» деп соқса екен жүрегім.
10-оқушы Асанова Камшат 10-сынып «Тәуелсіздік – тірегім»
11-оқушы Абзал Мархабат 5-сынып «Тәуелсіз Қазақстаным!»
12-оқушы
13-оқушы
2-жүргізуші: Ел тарихы, жер тарихы - өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,
Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.
1-жүргізуші: Әндетіп шалқып, қиялға сүйеп,
Ашыла түсер көңілді күй.
Өзің де үйрен, балаға үйрет
Абайдың тілін, Жамбылдың тілін.
Ән: « »
Мәнерлеп оқу
14- оқушы
15-оқушы Әбдіраманова Нұрбану 9-сынып «Қазақ тілі»
16-оқушы
17-оқушы
18-оқушы
2-жүргізуші: Тілім менің – ғасырлардан аманат
Аманатқа адал болсын қағанат,
Ар-намысқа келтірмейік жаманат,
Қазақ болып туылдық па,
Ендеше
Өз тіліңді өзгелерге бағалат!
1-жүргізуші: Тамаша өлең таңдайға татып балдай,
Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай!
Жан дүниең жарқырап сала берер
Ағарып келе жатқан атып таңдай.
Мәнерлеп оқу
19-оқушы
20-оқушы
Ән: «Атамекен»
2-жүргізуші: Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала!
Әр адамда өз анасынан басқа да
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жер – түп қазығы, айбыны,
Туған тілі – сарқылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы тірегі,
Қадамыңа шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы, еске алуға қаншама,
Ауыр әрі қасіретті болсада.
1-жүргізуші: Төрт анаға әнін жалғай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған?
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы.
2-жүргізуші: Тіл – басты байлығымыз, сәніміз, ата-бабамыздың ұлы мұрасы.
Ана тіліміздің мәртебесі биіктей берсін! Ана тілін ардақтайық ағайын!
1-жүргізуші: Бүгінгі тілдер мерекесіне арналған «Ең бірінші бақытым – ана
тілім» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз! Келіп кешке қатысып,
тамашалағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz