Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тіктөртбұрыш тобына 216 есеп

Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Кенбай орта мектебі

«Тіктөртбұрыштың ауданы» тақырыбына есептер шығару

(ашық сабақ)

Өткізген: Г. Ізғараева

2010 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Тіктөртбұрыштың ауданын табуға есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың тіктөртбұрыштың ауданы тақырыбынан алған
білімдерін тереңдету, жүйелеу.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік
дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру, геометрияға деген
қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды өзін - өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа,
дәлдікке, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: танымдық ойын, тест, топпен жұмыс, сұрақ – жауап, деңгейлік
тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, құнды қағаз, сызғыш, слайдтар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, тарих, күнделікті өмірмен
байланыстыру
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру
2. «Озық тапсырма» жеке оқушы шығармашылығы
3. Тендер жариялау
4. «Алғашқы қадам» (Үй тапсырмасын тексеру)
5. «Лездік тапсырма» (Сұрақ - жауап)
6. «Біліктілік» сайысы (Әр топқа тапсырмалар беру)
7. «Алғырлық кілті» (оқулықпен жұмыс)
8. «Шығармашылық саты» (Топтардың дайындап келген тапсырмалары тест,
сөзжұмбақ, жұмбақ беру)
9. «Шешуші сәт» (Сематикалық карта мен сәйкестендіру тестін беру)
10. Үйге тапсырма
11. Қорытындылау, мадақтау, бағалау
Хабарландыру! Білімді жастарға тендер жариялап отыр.
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! «Ақжол» білім орталығын ашуға тендер
жариялаймыз!!!
Осы тендерге үш топ қатысуға ұсыныс білдірді. Олар: «Трапеция»,
«Тіктөртбұрыш», «Параллелограмм» топтары.
І бөлім «Алғашқы қадам» (Үй тапсырмасын орындап келген әр топ мүшесіне 10
ұпайдан беру)
№213 есеп
Бер: а = 242,5 м, в = 81,6 м
Т/к: S-?
Т/ү: S=ав S=19788 м2
19788м2 = 1,9788 га; 19788 м2 = 197,88 ар
ІІ бөлім. «Лездік тапсырма» (Сұрақ – жауап, Әр сұрақ 10 ұпай)
1. Қандай төртбұрыш түрлерін білесің? (тіктөртбұрыш, квадрат,
паралелограмм, ромб, трапеция)
2. Тіктөртбұрыш дегеніміз не? Оның қасиеттері (Барлық бұрыштары тік
болатын параллелограмды тіктөртбұрыш дейміз. )
3. Тіктөртбұрыштың дербес түрі қалай аталады және оның анықтамасы қалай?
(Квадрат. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрышты квадрат деп атаймыз.)
4. Тіктөртбұрыштың периметрі дегеніміз не? (Р=2(а+в))
5. Тіктөртбұрыштың ауданы дегеніміз не? (S=ав )

ІІІ бөлім. «Біліктілік» сайысы (Әр топқа жеке –жеке тапсырмалар беру 50
ұпай)

«Трапеция» тобына кесте толтыру

|Р/с |а |в |S |
|1 |12 м |9 м |? |
|2 |1,5 см |? |13,5 см 2|
|3 |6 дм |6 дм |? |
|4 |? |9 мм |54 мм2 |
|5 |3 м | 6 дм |? м2 |

«Параллелограмм» тобына «Топтастыру стратегиясы»

4 қабырғасы

4 бұрышы Диагоналдары
қиылысады

Р=2(а+в)

S=ав

Қарама – қарсы бұрыштары тең Қарама – қарсы қабырғалары параллель

«Тіктөртбұрыш» тобына Веен диаграммасы

Ортақ

4 қабырғасы
4 қабырғасы бар,
бар, 4 қабыр
4 бұрышы бар,
4 бұрышы бар , ғасы бар, 4 бұры
диагоналдары қиылысады,
Диагоналдары шы бар, диагонал
қиылысу нүктесінде
қиылысады, қақ дары қиылысады,
қақ бөлінеді,
бөлінеді. қиылысу
нүктесінде Қарама қарсы бұрыштары
Диагоналдары тең қақ бөлінеді, қарама –
тең, қарама – қарсы
болады . қарсы
бұрыштары тең, қабырғалары параллель.
Барлық бұрыштары
тік.

ІV бөлім. «Алғырлық кілті» (оқулықпен жұмыс, әр топ ұпайды өздері
белгілейді және алдарына конверт апарылады сондағы сөзді үш тілге аудару
және сөйлем құрау )
«Трапеция» тобына № 215 есеп
Бер: АВСД тіктөртбұрыш
S = 80 га = 0,8 км, ВС=2 км
Т/к: Р - ?
Т/ү: S =АВВС
АВ = 0,8:2=0,4( км)
Р =4,8( км) Жауабы: 4,8 км
«Параллелограмм» тобына № 216 есеп
Бер: АВСД тіктөртбұрыш
АВ:ВС = 5:7
S =140 дм2
Т/к: АВ; ВС
Т/ү: АВ = 5х, ВС =7х
S =5х*7х
140 =35 х2, х2 =4 , х =2 Жауабы: АВ =
10 дм, ВС = 14 дм
«Тіктөртбұрыш» тобына № 216 есеп
Бер: АВСД тіктөртбұрыш
Р =96 дм, S =540 дм2
Т/к: АВ,ВС
Т/ү:
Жауабы: 18дм, 30 дм

V бөлім. «Шығармашылық саты» (Әр топ дайындап әкелген тапсырмаларын
қорғайды тест, сөзжұмбақ, жұмбақ . Әр дұрыс жауап 10 ұпай)

«Трапеция» тобына «Квадрат» сөзжұмбағын шешкізу

|Б |
|К |а |т |е |т |
|М |е |д |и |
|Т |

1. Бұрыштың төбесінен шығып, оны қақ бөлетін сәуле
2. Тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғалары
3. Үшбұрыштың төбесінен сол төбеге қарсы жатқан қабырғаның ортасын
қосатын кесінді
4. Барлық қабырғалары тең параллелограмм
5. Ақиқаттығы дәлелденетін сөйлем

«Параллелограмм» тобына тест жұмысын беру
1. Қабырғасы 8 см және 12 см болатын тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз?
А) 100 см 2 Б) 96 см 2 В) 96 м2 Д) 100 м2

2. Тіктөртбұрыштың ауданы 22 дм 2, ұзындығы 5 дм. Оның ені неше дециметр.
А) 4 дм Б) 5 дм В) 4,4 дм Д) 4,5 дм

3. Қабырғасы 15,7 дм-ге тең квадраттың ауданын есептеңіз?
А) 246,5 дм2 Б) 246 дм2 В) 246,49 дм2 Д) 250 дм2

4. Жай фигураның ауданы қандай шама?
А) теріс шама Б) оң шама В) 0 – ге тең шама

5. Ауданы 1,69мм 2 болатын квадраттың қабырғасын табыңыз?
А) 13 мм; 13мм Б) 1,3мм; 1,4мм В) 1,3мм; 1,3мм Д) 12 мм; 1,2м

«Тіктөртбұрыш» тобына математикалық жұмбақтар шешу, мақал – мәтел жалғасын
табу шешкізу
1. Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады. (Дәреже)
2. Егіз туған қос жүйрек
Жарыса шауып терлейді,
Бірін – бірі көрмейді
Дамылсыз қанша шапса да,
Бір мәреге келмейді. (Параллель)
3. Бүтін сан, бөлшек сандар
Барлығы да бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі сонда. (Рационал сандар)
4. Айдағаным бес ешкі
Ысқырығы жер жарады
5. Бір тал кессең
Он тал ек

V І бөлім. «Шешуші сәт» (Сематикалық карта мен сәйкестендіру тестін беру,
Дұрыс жауап 10 ұпай)
1. Сематикалық карта

| | | |Жауаптар |
|р/с |S |а | |
| | | |в=0,25 м |в=6м |в=3 м |в=9 м |в=55 м |
|1 |24 м2 |4 м | |+ | | | |
|2 |9 м 2 |3 м | | |+ | | |
|3 |0,125 |0,5 м |+ | | | | |
| |м2 | | | | | | |
|4 |3025 м2|55 м | | | | |+ |
|5 |9,36 м2|1,04 м| | | |+ | |

2. Сәйкестендіру тесті

Берілген ауданның квадрат метрмен (м2) өрнектелуін ____ көрсет:
155 дм2 856 м2
0,0005 км2 0,0155 м2
8,56 ар 1,55 м2
0,0005 га 0,000856 м 2
155 см2 500 м2
856 мм2 5 м 2
Топтардың ұпай сандарын есептеп жеңіске жеткен командаға сертификат беру.
Үйге тапсырма: 1. 2010 жылғы талапкерден алынған 22-нұсқаның 9 есебін беру.
Есеп: Тіктөртбұрыштың периметрі 56 см, ал бір қабырғасы келесісінен 6 есе
ұзын. Тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз:
2. «Тіктөртбұрыш» тақырыбына байланысты 5 тест тапсырмасын құрып келу

Қорытындылау, мадақтау, бағалау

-----------------------

Тіктөртбұрыш

Тіктөртбұрыш

Параллелограмм

Ұқсас жұмыстар
Қарама қарсы бұрыштары
АВСД тіктөртбұрыш
Тіктөртбұрыштың периметрі, формуласы
Фигураның ауданын өлшеу
"ондық бөлшекті натурал санға көбейту" математика, 5-сынып
Кім жүйрік? математикалық сайыс сабақ 5-сынып
Оқушылардың бағалау парағы
Дәреженің көрсеткіші
Үйсіндердің қоғамдық құрылысы 6 сынып
Бақытты сәт - математикалық ойын сабағы
Пәндер