№8 негізгі мектептегі XXI ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық шоуының қорытынды есебі

№8 негізгі мектеп

Сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы:

«XXI ғасыр көшбасшысы»

Өткізген: Исниязов Мирам Рахимжанұлы

Арқалық қаласы

2011-2011 оқу жылы

Интеллектуалдық шоу

«XXI ғасыр көшбасшысы» тақырыбында өткізілетін мектепішілік интеллектуалдық шоуға әр сыныптан озып, іріктеліп шыққан білімді, алғыр оқушылар қатысады.

Ойын барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Жүргізуші кіріспе сөзінен кейін ортаға сайысқа ұатысатын оқушыларды шақырады: 9 «А» сынып оқушысы - Боранбеков Самат, 9 «А» сынып оқушысы - Шрияжденова Зарина, 9 «А» сынып оқушысы - Аманжолова Гүлбақыт, 8 «А» сынып оқушысы - Досмағанбет Азиза, 8 «А» сынып оқушысы - Байдильдина Балкенже, 8 «А» сынып оқушысы - Қанатова Меруерт. Сондай-ақ қазылар алқасымен таныстырады: Байкенова Ляззат Егинбайқызы - оқу ісінің меңгерушісі, Иманқұлов Нұрлыбек Елдосұлы - гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі, Сәндібек Қанағат Ғалымбекұлы - тарих және география пәнінің мұғалімі.

Интеллектуалдық шоу мынадай бөлімдерден тұрады:

I. Бәйге.

II. Полиглот.

III. Ғажайып жетілік.

IV. Жорға.

V. Егер мен . . .

I бөлім - «Бәйге»

Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай қойылады.

  1. Атомның планетарлық моделін ұсынған қай ғалым? (Резерфорд)
  2. Қалталылардың мекені қай жер? (Австарлия)
  3. Денсаулық үшін ең қажетті өмір өзегі (Ауа)
  4. Металдардыі бұзылуы (Коррозия)
  5. Электрон жұбы арқылы жүзеге асатын байланыс (Ковалентті байланыс)
  6. Ядросында протон саны бірдей атомдар түрі (Химиялық элемент)
  7. Заттың ең ұсақ бөлшегі (Нейтрон)
  8. Адам денінің сау болуына шақыратын жаңа ғылым саласы (Салауаттану- валеология)
  9. Қандай ағыстарды білесіз? (жылы, суық)
  10. Молекуласында көмірсутек радикалымен байланысқан бір немесе бірнеше карбоксил тобы бар органикалық заттар (Карбон қышқылдары)
  11. Жердің жоғарғы қатты қабықшасы, жер қыртысы (Литосфера)
  12. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл (Иод)
  13. Қазақстан металлогения ілімінің іргетасын қалаған ғалым кім? (Қ. Сәтбаев)
  14. Зақымданған ағзаның қайта қалпына келу құбылысы (Регенерация)
  15. Темкі түтініндегі зиянды зат қалай аталады? (Никотин)
  16. Қан беруші адам? (Донор)
  17. Аты да, мінезі де бұзық өзен? (Тентек)
  18. Қазақстандағы ең үлкен, ең ұзын өзен? (Сырдария)
  19. Жасушаны зерттейтін ғылым? (Цитология)
  20. Тірі ағзаларды жойылып кетуден сақтайтын орын (Қорық)

II бөлім - «Полиглот»

Бұл бөлімді сайысқа тұскен оқушылар берілген жұмбақтың жауабын шешіп, оны екі тілде - қазақша, орысша айтады (дұрыс жауапқа 20 ұпай қойылады) .

  1. Құрғақ жерде сақтайсың,

Онсыз тамақ татпайсың. (тұз, соль)

  1. Әдемі түнде мен жүрсем

Жүреді бірге. (ай, луна)

  1. Бәр нәрсе бетінде жоқ, ой менен қыр

Өзінің кіндігінен айналып жүр.

Өзіне назар салып қарасаңыз,

Келбеті жер жүзінің көрініп тұр. (глобус)

  1. Жер көрдім қаласы бар

Үйлері жоқ мекендейтін,

Көл көрдім, өзен көрдім

Сулары жоқ тереңдейтін. (карта)

  1. Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді. (күн, сольнце)

  1. Айт десе жүгірмес,

Су тисе сілкінбес. (шөп, трава)

  1. Жазда жатсаң, көлеңкесіне алады.

Қыста жақсаң, жаның рахат табады. (ағаш, дерево)

  1. Үлкен-үлкен түйені

Тастапты адам шегеріп,

Өркеші бұлтқа тиеді

Бауыры жатыр көгеріп (тау, гора)

III бөлім - «Ғажайып жетілік»

Бұл сайыста оқу бағдарламасындағы негізгі пәндерден сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай саны беріледі.

  1. (химиядан) . Жеті ғаламшарды алхимиктер жеті металға теңеген. Осы металдарды атаңыз. (алтын, күміс, мыс, қалайы, темір, қорғасын, сынап)
  2. (тарихтан) . Қазақстанның астанасы неше рет ауысты? (3 рет)
  3. (географиядан) . Жердің терең қабатындағы балқыған зат? (магма)
  4. (математикадан) геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі қалай аталады? (планиметрия)
  5. (физикадан) . Көкөністерді тұздағанда қандай физикалық құбылыс әсер етеді? (диффузия)
  6. (әдебиеттен) . Жанрдың түрлерін атаңыз? (поэзия, драма, проза)
  7. (орыс әдебиеті) А. С. Пушкин Оралда қай поэманы қағазға түсірді? ("Қозы-Көрпеш және Баян Сұлу")
  8. (тарих) Абай жолы» романы үшін Мемлекеттік сыйлық алган көрнекті қазақ жазушысы. (М. Әуезов)
  9. (химиядан) «Қайда қарасаң да химия» осы авторы кім? (М. В. Ломоносов)
  10. XIX ғасырдың ІІ-жартысында Қазақстанда ғылыми-зерттеулердің ең ірі орталығы болған қала? Орынбор.

Әр оқушының жинаган ұпай санын есептеп, ең аз ұпай жинаған 3 оқушыны шығарып салу керек.

IV бөлім - «Жорға»

Бұл сайыс жылдамдықты, алғырлықты талап етеді.

1-сайыскерге арналған сұрақтар

  1. Калий-сілтілік металл
  2. Элодея-бөлме өсімдігі
  3. Кристализатор -химиялық ыдыс
  4. Бүйрек -зәр шығарушы орган
  5. Сутегі -газ
  6. Күріш-ауылшаруашылық өсімдігі
  7. Альпі-тау
  8. Үстірт-биік жазық
  9. Аравия-түбек
  10. Темірқазық-жұлдыз
  11. Қарақұм-шөл
  12. Фенолфталеин, метиларанд, лакмус-индикатор

2-сайыскерге арналған сұрақтар

  1. Таудың ең биік нүктесі-шың
  2. Хлор-элемент
  3. Оттегі-газ
  4. Іле-өзен
  5. Полезия-дәуір
  6. Бекіре-балық
  7. Сәтбаев-академик
  8. Сусар-жануар
  9. Н2SО4-қышқыл
  10. Алтынемел-қорық
  11. Егін-шаруашылық түрі
  12. NaCl-тұз

V бөлім - «Егер мен болашақ бағдарламасында оқысам . . . » (50 ұпай)

«Егер сіз болашақ бағдарламасында оқысаңыз еліңізге қандай пайдаңыз тиеді?» тақырыбына қысқа әрі нұсқа ғылыми негізделген жауап қайтару керек.


Ұқсас жұмыстар
8-ә сыныптың тәрбие сағаты: XXI ғасыр көшбасшысы - интеллектуалдық сайыс
XXI ғасыр көшбасшысы: мектеп оқушыларына арналған төрт кезеңді интеллектуалдық сайыс
Бұлақ орта мектебінің XXI ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық ойынының сценарийі
XXI ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық сайысы (2012-2013): сұрақтар мен тапсырмалар жинағы
8-сынып оқушыларына арналған XXI ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық ойыны: қазақ тілі мен пәнаралық білім сайысы
3 «а» сыныбына арналған XXI ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық ойынының сабақ жоспары
XXI ғасыр көшбасшысы: 9-сынып оқушыларына арналған пәнаралық зияткерлік сайыс жоспары
XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысының жоспары, кезеңдері және сұрақтары
XXI ғасыр көшбасшысы: Озық ойлы оқушы білім сайысының сценарийі
XXI ғасыр көшбасшысы: математика пәні бойынша сыныптан тыс танымдық ойын
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz