1-4 сыныптарға арналған Шешендік өнердің оқу-әдістемелік бағдарламасы

«Шешендік өнер» бағдарламасы

Түсінік хат

Оқушыларды «Шешендік өнерге» баулудың маңызы зор. Қазақ халқы

шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан, бастауыш сынып

оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі-

өнегесін бойларына дарыту - басты мақсат.

Бұл бағдарлама бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай

құрылған.

1-4 сынып оқушылары ана тілі пәніне негіздей отырып, көрген - білгенді

көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады.

Би - шешендердің сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады. Мақалдың

немесе өлең ұйқастарын таба отырып, берілген қысқаша мәтінді өз ойымен

жалғастара білуді үйренеді.

Бұл жинақ ана - тілі пәніне де көмекші құрал ретінде пайдаланылады.

Бағдарламаның көздеген мақсатының бірі - тілдің рухы. Тілдің рухы деген өте

бір құдіретті ұғым. Ол біздің салт-санамыз, дәстүріміз, ұлттық

психологиямыз, дүниетанымымыз.

1-4 қазақ сыныптарына арналған, барлығы 34 сағаттан, аптасына 1 сағат.

Бағдарламаның мақсаты:

Бастауыш сыныптардағы шешендік өнер сабақтарының түбегейлі мақсаты,

оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға деген

талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойыы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету, кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру.

Осы мақсатты орындауға келгенде оқу бағдарламасының алдына мынандай

міндеттер жүктеледі.

Міндеттері:

- оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;

- көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын дамыту;

- шығарманың түпкі мазмұн - мәнін түсінуін, эмоциялық қабылдауын (кейіп-

керлердің көңіл күйіне ортақтасу, күйіну, сүйсіну т. б. ) қамтамасыз ету;

- шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау.

- ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;

- өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;

- оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту;

-көркем мәтіндерді мәнерлеп, сазына келтіріп оқуға баулу;

- жақсы қасиеттерді бойларына сіңіруге тәрбиелеу;

Бағдаламанының мақсаты осы міндеттерді орындауға бағытталады.

Күтілетін нәтиже

- сөздік қорын толықтырады

- оқу материалдары бойынша курста ( диалог, рөльмен инсцинировка жасау, әңгіме, пікіралмасу т. б. ) дағдыларын меңгереді.

- сөздерді мақсатқа негізгі ойға, мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап қолдана алады.

-шығармашылығын шыңдайды, танымдық қабілеттері дамиды, өзіндік ой қорытуға, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге дағдыланады.

-халықтың қанатты сөздерінің мәнін, мағынасын түсініп, одан тәрбие алады.

«Шешендік өнер» бағдарламасы 1- сынып 34 сағат.

Тақырыбы
сағат саны
№: 1
Тақырыбы: Түсінік хат. Сөйлеуді дамыту.
сағат саны: 1 (1)
№: 2
Тақырыбы: Суретті әліппе: «Суреттер сыр шертеді»
сағат саны: 2 (2-3)
№: 3
Тақырыбы: Қима суреттер құрастыру.
сағат саны: 2 (4-5)
№: 4
Тақырыбы: Әріптерден буындар құрау
сағат саны: 1 (6)
№: 5
Тақырыбы: Сөз тіркестері арқылы сөздер құрастыру
сағат саны: 1 (7)
№: 6
Тақырыбы:

«Кітап-білім бұлағы», «Кел, балалар, оқылық!»

Ы. Алтынсарин шығармалары.

сағат саны: 2 (8-9)
№: 7
Тақырыбы: «Ертегі - тәрбие құралы»
сағат саны: 1 (10)
№: 8
Тақырыбы: «Адам болам десеңіз» А. Құнанбаев
сағат саны: 1 (11)
№: 9
Тақырыбы: Би, шешендер туралы ұғым
сағат саны: 1 (12)
№: 10
Тақырыбы: Төле би.
сағат саны: 1 (13)
№: 11
Тақырыбы: Қызыбек би
сағат саны: 1 (14)
№: 12
Тақырыбы: Әйтеке би
сағат саны: 1 (15)
№: 13
Тақырыбы: Шешендік сөздер
сағат саны: 1 (16)
№: 14
Тақырыбы: Мақал - сөздің мәйегі
сағат саны: 2 (17-18)
№: 15
Тақырыбы: Жұмбақтар
сағат саны: 2 (19-20)
№: 16
Тақырыбы: Санамақтар
сағат саны: 2 (21-22)
№: 17
Тақырыбы: Жаңылтпаштар
сағат саны: 2 (23-24)
№: 18
Тақырыбы: Өтірік өлеңдер
сағат саны: 1 (25)
№: 19
Тақырыбы: Өзара әдепті болу. Сөз тыңдау және сөзде тұру.
сағат саны: 1 (26)
№: 20
Тақырыбы: Төрт түлік төлдерінің атаулары
сағат саны: 1 (27)
№: 21
Тақырыбы: Төрт түліктің пайдасы
сағат саны: 1 (28)
№: 22
Тақырыбы: Жан-жануарлар, аң-құстар қалай дыбыстайды?
сағат саны: 2 (29-30)
№: 23
Тақырыбы: Шығармашылық жұмыс . Сурет бойынша мәтін құрау.
сағат саны: 1 (31)
№: 24
Тақырыбы: Қазақша ай аттары
сағат саны: 1 (32)
№: 25
Тақырыбы: Аталы сөз - бата, өсиет, өнеге
сағат саны: 1 (33)
№: 26
Тақырыбы: Тест жұмыстары.
сағат саны: 1 (34)

«Шешендік өнер» бағдарламасы 2 - сынып 34 - сағат.

Тақырыбы
Сағат саны
№: 1
Тақырыбы: Жалпы түсінік
Сағат саны: 1
№: 2
Тақырыбы: Жеті ата туралы түсінік.
Сағат саны: 1
№: 3
Тақырыбы: Имандылық, мейірімділік, қайырымдылық дәстүрлері.
Сағат саны: 2
№: 4
Тақырыбы: Туыстық атаулары.
Сағат саны: 2
№: 5
Тақырыбы: Апта аттары
Сағат саны: 1
№: 6
Тақырыбы: Сөзжұмбақтар
Сағат саны: 1
№: 7
Тақырыбы: Ребустар
Сағат саны: 1
№: 8
Тақырыбы: Мақал-сөздің мәйегі.
Сағат саны: 2
№: 9
Тақырыбы: Шешендікті қастерлеу дәстүрі.
Сағат саны: 1
№: 10
Тақырыбы: Ертегіні аяқта . . .
Сағат саны: 2
№: 11
Тақырыбы: Ы. Алтынсарин шығармалары.
Сағат саны: 2
№: 12
Тақырыбы: А. Құнанбаев «Жақсыдан үйрен-жаманнан жирен»
Сағат саны: 2
№: 13
Тақырыбы: Нақыл сөздер
Сағат саны: 1
№: 14
Тақырыбы: Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Сағат саны: 1
№: 15
Тақырыбы: Жұмбақтар .
Сағат саны: 1
№: 16
Тақырыбы: Жаңылтпаштар.
Сағат саны: 1
№: 17
Тақырыбы: Қазақша өлшем атаулары.
Сағат саны: 1
№: 18
Тақырыбы: Аңыз әңгімелер.
Сағат саны: 1
№: 19
Тақырыбы: Өлең-жырлар.
Сағат саны: 1
№: 20
Тақырыбы: Қазақ халқының айтыс өнері және әдеп.
Сағат саны: 2
№: 21
Тақырыбы: Халқын сүйген салтын сүйеді.
Сағат саны: 2
№: 22
Тақырыбы: Кітап - білім бұлағы.
Сағат саны: 1
№: 23
Тақырыбы: Қазақ батырлары.
Сағат саны: 2
№: 24
Тақырыбы: Тест жұмыстары
Сағат саны: 1
№: 25
Тақырыбы: Қорытындылау.
Сағат саны: 1

«Шешендік өнер» бағдарламасы 3 - сынып 34- сынып.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарға арналған шешендік өнер оқу-әдістемелік бағдарламасы
Дүниетану (Жаратылыстану) пәнінің 1-4 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы - Қазақстан, 2013
С. Сатыбалдин атындағы орта мектептің 1-4 сыныптарға арналған информатика пәнінің оқу бағдарламасы
Дене шынықтыру пәнінің 1-4 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы (Қазақстан, Астана, 2010)
1-4 сыныптарға арналған бағдарлы сынып математикасының оқу бағдарламасы мен тематикалық-күнтізбелік жоспарлары
10-11 сыныптарға арналған Web-дизайн қолданбалы курсының оқу-әдістемелік бағдарламасы
1-4 сыныптарға арналған қазақ тілі диктанттары жинағы: әдістемелік нұсқау
Шешендік өнерге кіріспе: 5-9 сыныптарға арналған таңдау курсының авторлық бағдарламасы
7-сыныпқа арналған Шешендік өнер арнайы курс бағдарламасы (2014/2015 оқу жылы)
6-7 сыныптарға арналған Тарихи таным факультативтік курсының оқу-әдістемелік бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz