2-сыныпқа арналған дүниетану сабақ жоспары: Отбасы мүшелері мен олардың міндеттері

Сабақ жоспары
Уақыты
Сабақ жоспары: Сыныбы:
Уақыты: 2 сынып
Сабақ жоспары: Пәні:
Уақыты: Дүниетану
Сабақ жоспары: Сабақтың тақырыбы:
Уақыты: Отбасы мүшелері және олардың міндеттері
Сабақ жоспары:

Сабақтың мақсаты :

Білімділік:

Уақыты: Оқушыларға "отбасы" түсінігін қалыптастыру, Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастыратын болашақ. Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру. Отбасы мүшелерінің міндеттерімен өзара қарым- қатынасы жайлы әңгімелеу арқылы түсіндіру. Оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін білгізу. Түрлі тапсырмаларды орындау арқылы сөйлеу дағдыларын, шеберліктерін қалыптастыру.
Сабақ жоспары: Дамытушылық:
Уақыты: Ой-өрістерін, танымдық, шығармашылық, қабілеттерін, мәдени ұқыптылық, әдептілік қасиеттерін, шеберліктерін, пәнге деген қызығушылығын, дүниетанымын дамыту.
Сабақ жоспары: Тәрбиелік:
Уақыты:

Ата-анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ата-анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту, адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу.

Сабақ жоспары: Сабақтың түрі:
Уақыты: Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.
Сабақ жоспары: Сабақтың типі:
Уақыты: Дәстүрлі емес
Сабақ жоспары: Сабақтың әдістері:
Уақыты: көрнекілік, түсіндіру, сөздік, шығармашылық жұмыс, әңгімелесу, баяндау, өз бетінше жұмыс, нұсқау беру.
Сабақ жоспары: Сабақтың көрнекілігі:
Уақыты: Интерактивті тақта, көркем суреттер, үлестірмелі материалдар,
Сабақ жоспары: Оқыту технологиясы:
Уақыты: Ақпараттық -коммуникативтік технологиясы.
Сабақ жоспары: Пәнаралық байланыс:
Уақыты: Математика, музыка, ана тілі, бейнелеу өнері.
Сабақ жоспары: Сабақ барысы:
Уақыты:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен -

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.

Ә) кезекші рапорты

(кезекші сыныпты түгендеп, үй тапсырмасы қандай болғанын айтады)

2 мин

1 мин

Сабақ жоспары:
Уақыты:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Жануарлар мен өсімдіктердің қызыл кітабы»

Қызыл кітап дегеніміз не?

Мен ата заңды неге сендерге көрсетіп отырмын?

Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерден білетінің бар ма?

5 мин
Сабақ жоспары:
Уақыты:

ІІІ. Жаңа тақырып

Кіріспе

А) Сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпқа шығу

«Отбасы» осы сөзді қалай түсінесіңдер? (ата-әже, әке-ана, аға-іні, апа -сіңлі- олар кімдер? Бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?

Ә) Суретпен жұмыс, өлеңнің мағынасын ашу

Суретті және өлеңді түсіндір. Қандай отбасы деп ойлайсың?

Отбасы әр адамның шағын отаны. Отбасынды өсіп-өніп тәрбие алады. Біз жастаймыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата -әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады.

3 мин

3 мин

Сабақ жоспары:
Уақыты:

Негізгі

А) Оқулықпен жұмыс (73-74 бет)

Ең алдымен мәтіннің тақырыбына көңіл аудар. Мүшелері, міндет дегенді қалай түсінесің?

Ә) мәтінді түйіндеу (сұрақ- жауап арқылы)

Сонымен, отбасы дегеніміз не?

Отбасы- Бірге тұратын, бір -біріне қамқорлық жасайтын және ортақ шаруашылық жүргізетін бір үйдің адамдары

Ата-ана міндеттері туралы не айтасыңдар?

Ата-анамыз біздің тұрмысымыз жақсы болуы үшін еңбек етеді. Отбасын қорғау.

«Батыр ана» қалай түсінесің?

Көп баланыдүниеге әкелген ананы- Батыр ана деп атаймыз.

Көп бала өсірген аналарға «Күміс алқа», «алтын алқа» беріледі.

Б) « менің отбасым» өз отбасы жайлы әңгіме

Оқушылардың өз отбасылары жайлы әңгімелеу

5 мин

3 мин

5 мин

Сабақ жоспары:
Уақыты:

Сергіту сәті

«Үйде біз нешеуміз?» санамақ

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым -атам.

Балаң үйрек-әжем.

Ортан терек -әкем.

Шылдыр шүмек -анам.

Кішкене бөбек- сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде бесеуміз .

Жұдырықтай жұмылған

Тату тәтті бәріміз

Бір үйде тұрамыз.

2 мин
Сабақ жоспары:
Уақыты:

Шығармашылық тапсырма

«Отбасындағы менің міндеттерім» (сурет, өлең, шығарма)

Әр бала өзінің мектепте немесе отбасындағы міндетін қалауы бойынша белгілі бір формада көрсетеді.

Мыс: оқушының міндеттері:

  1. Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға;
  2. Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті;
  3. Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге;
  4. Мемлекеттік рәміздерді

Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпқа арналған сабақ: Сезім мүшелері және олардың қызметтері
Дүниетану пәнінен 4-сыныпқа арналған ашық сабақ: Отбасы - шағын қоғам
Дүниетану: Отбасы және Сенің отбасың - 1-сыныпқа арналған ашық сабақ
2-сыныпқа арналған 40 минуттық дүниетану сабақ жоспары: Менің отбасым
1-сынып дүниетану сабағы: Адамның сезім мүшелері - олардың құрылысы, қызметі және жеке бас гигиенасы
2-сыныпқа арналған Отбасы мен қоғам: отбасы, ата-тек, әдеп және достық бойынша сабақ жоспарлары
Компьютердің негізгі құрылғылары мен олардың міндеттері: пернетақта
4-сынып Дүниетану пәні: Отбасы - шағын қоғам сабақ жоспары
4-сынып дүниетану сабағы: Отбасы туралы сабақ жоспары
Ашық сабақ: Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері (10-сынып, Құқық негіздері)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz