Ф. Оңғарсынова Қанат туралы хикая өлеңіне арналған сабақ жоспары: мазмұнды түсіндіру, мәнерлеп оқу және тәрбиелік-шығармашылық тапсырмалар

Тақырыбы: Қанат туралы хикая. Ф. Оңғарсынова.
Мақсаты : 1. Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіріп, мәнерлеп оқуға
төселдіру, өз ойын еркін айтуға машықтандыру;
2. Ата- ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу, құстарға қамқор
болуға, адамгершілікке баулу;
3. Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, пәнге қызығушылығын,
белсенділігін арттыру.
Әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру.
Түрі: көрнекі сабақ.
Көрнекілігі: интертақта, суреттер, тірек сызбалар.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге: «Ана» (Б. Бұлқышев) -үзінді жаттау,
«Менің анам» - шығарма жазу.
ІІІ. Негізгі бөлім.
- Психологиялық дайындық.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.
- «Аналарға арналады».
Ана туралы ән орындау.
- Өлеңді оқып, түсіндіру.
Автор туралы мәлімет беру.
Ф. Оңғарсынова 1939- жылы Атырау облысы Исатай ауданы Манаш аулында дүниеге келген. 1961- жылы Атырау университетінің «Тіл әдебиеті» факультетін бітірген. Еңбек жолын Балықшы ауданы Еркінқала аулында мұғалім болып бастап, кейін мектеп директоры қызметін атқарған. Фариза - сезімге толы өлеңдер жазатын лирик ақын.
4. «Қанат туралы хикая» -мәнерлеп оқу.
- Өлеңде қандай оқиға баяндалады?
- Ақын құсқа қандай қамқорлық көрсетеді?
- Құстың қанатына қарап отырып, ақын адамда қандай екі қанат болады
деп түйеді?
- Ақынның осы ойымен келісесің бе?
(балалар пікірі ортаға салынады)
Сөздік жұмысы.
Хикая - сюжетке құрылған оқиға желісі. Әдебиет жанрының бір түрі.
- Суретпен жұмыс.
Құстардың суретіне қарап, атын атау.
Құстардың пайдасы жөнінде әңгімелесу.
Құстардың қимылына қарап, ауа райын болжауға болатынын айту.
- Поэзия минуты.
3 қатарға өлеңді мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастыру.
8. Шығармашылық тапсырмалар.
«Ойымнан туған өрнектер»
(ұйқас бойынша өлең құрастыру) .
. . . баламын,
. . . аламын.
. . .
. . . ананың.
9. «Жалғасын тап».
(мақалдың жалғасын тауып, мағынасын түсіндіру) .
Ана сүтін ақтамағанды,
. . . (Ешкім мақтамайды) .
Әкеге қарап ұл өсер,
. . . (Шешеге қарап қыз өсер) .
Баланың ұяты әкеге,
. . . (Қыздың ұяты шешеге) .
Ананың көңілі балада,
. . . (Баланың көңілі далада) .
- «Қабыл ал балаңның,
Сәлемін жолдаған».
( Анаға арнап тілек жазу) .
IV. Қорытындылау.
- Бүгінгі сабақта кім туралы әңгімеледік?
- Ата- анаға қандай құрмет көрсетеміз?
V. Үйге тапсырма беру.
Үйге: өлеңді мәнерлеп оқу,
тақырып бойынша сурет салу.
Бағалау.