Мұсылман құқығының бөлінген мемлекеттері

Қарағанды облысының білім басқармасы
Қарағанды облыстық Мемлекеттік білім беру қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
МББҚ БА және ҚДИ ректоры
С. С. Қонтаев
«» 2010ж
Білім басқармасының бастығы Иманғалиев Е. Н
«» 2010 ж.
Жаратылыстану-математикалық бағыттың
10-сыныбына арналған
«ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ»
курсының
С И Л Л А Б У С Ы
Жезқазған, 2010 ж.
Құрастырған:
Жезқазған қаласындағы Қ. И. Сәтбаев атындағы
№7 мектеп-лицейінің тарих және құқық пәні мұғалімі Д. К. Исатаев
Пікір жазған:
МББҚБА және ҚД институтының аға оқытушысы С. Қ. Жарылғасов
Қ. И. Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің
Ғылыми-әдістемелік кеңесінде мақұлданған
Хаттама № 20 ж
Хатшы:
Жезқазған ҚББ Әдістемелік кабинетімен мақұлданған
Хаттама № 20 ж
Хатшы:
- Оқытушы туралы мәліметтер:
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
М. Жәлел көшесі 12 үй, тел. 8-7102-711224
Е-mail: school7@ok. kz
Исатаев Дархан Қосарович
Тел: 87102764998, 87051741185
Е-mail: Daryn75@ mail. ru
Аптаның сәрсенбі, жұма күндері
Сағ: 15. 00-16. 30 №7 МЛ, ЛМК
- Пән туралы мәлімет:
Курс: Ежелгі дүние тарихы және құқық негіздері
Түсінік хат
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мүддесінің тұрғысынан қарасақ қазіргі кезде біздің еліміз жан-жақты байланыс жасап отырған әлем елдері мен халықтарының тарихымен жастарды таныстырудың аса қажеттігі баршаға түсінікті.
Жалпы орта білім беретін мектептерде Ежелгі Шығыс елдерінің құқықтық тарихын оқытудың білімділік, тәрбиелік, сондай-ақ оқушылардың таным қызметін дамытудың маңызы зор.
Ежелгі дүние тарихы және құқық негіздері бойынша дайындалған бағдарламаның өзектілігі жас ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуына, өзінің жеке тарихи түп тамырын терең түсіне білуіне, тұрмыстық, алуан түрлі моральдық адамгершілік мәселелерін шеше білуіне көмектеседі.
Жалпы орта білім беретін мектептердің жоғарғы сатысындағы оқушыларға арнайы дайындалған курстық бағдарламада қамтылатын негізгі білім беру мазмұнының нысанында Ежелгі Шығыс халықтарының және Антик дәуіріндегі өмір сүрген мемлекеттердің пайда болуы, халықтардың ежелгі заңдық құқықтық ғұрыптары туралы баяндалады.
Бұл бағдарламаның басты ерекшелігі - оқушылар Ежелгі Шығыс елдерінің мемлекет болып қалыптасуы мен құқықтық тарихы туралы жалпылама мәліметтер алады. Оқушылар жалпы адамзаттық және құқықтық мәдениетті меңгереді. Курсты меңгеру үшін оқушыларға мектептің негізгі сатысындағы алған білімдері қажет етіледі.
Жоғарыда аталған тарихи обьектілер адамзаттың кез келген қоғамның қоғамдық - саяси, әлеуметтік - экономикалық және мәдениет сияқты маңызды салаларын қамтитын болғандықтан оқушыларға адамзат қоғамының тарихын толық түсінуіне мүмкіндік береді.
Курстың толық көлемі: 1 кредит.
Курстың мақсаты:
Оқушыларды әлеуметтік белсенділікке, ежелгі дүние жүзінің және Шығыс мемлекеттерінің басынан кешірген аса елеулі тарихи оқиғалары мен, жинақталған бағалы құндылықтармен таныстыра отырып, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, әлем халықтарының тарихы мен мәдинетін сүюге тәрбиелеу.
Курстың міндеттері:
- Ежелгі Шығыс елдеріндегі мемлекет және құқық тарихын білуге үйрету;
- Шығыс мемлекеттеріндегі құқық жүйелері мен қайнар көздерінің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту;
- Антик дәуіріндегі мемлекеттердің пайда болуы мен құқықтық тарихының кезеңдерін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.
Болжам:
Егер курс тыңдаушы Ежелгі мемлекеттердің құқық тарихын ажырата біліп, Антик дәуіріндегі мемлекттердің пайда болуы мен құқықтық тарихынның кезеңдерін ажырата білсе, онда тыңдаушылардың Ежелгі шығыс елдері туралы ой-өрісі кемелденген, жалпы адамзаттық мәдени-құндылықты меңгерген, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасады. Сондықтан курс тыңдаушылары үшін өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселесіне байланысты сұрақтардың жауабын алуға мүмкіндік алады.
Пререквизит :
Курс тыңдаушылары үшін негізгі орта білімі бойынша Ежелгі дүние жүзі тарихынан базалық білімдерінің болуы.
Постреквизит:
Курсты оқыту негізінде алынған білімдерді қолданатын басқа пәндер: Саясаттану, Тарих және әлеуметтік- саясат, Құқықтану т. б.
- Оқушы білуі керек білімдер:
- Ежелгі дүниежүзі халықтарының тарихы мен құқықтық тарихынның негіздері ;
- Шығыс халықтарының құқықтық жүйелері;
- Хаммурапи тұсында Вавилонның даму кезеңдерін;
- Египеттегі ірі өркениет ошағының дамуы;
- Антик дәуіріндегі мемлекеттерде құқықтың пайда болу тарихынның кезеңдері .
- Оқушы игеруі керек біліктіліктер:
- Ежелгі Шығыс тарихының хронологиялық шеңберін сипаттайды;
- Хаммурапи заңдарының ерекшеліктері;
- Ману заңдарының тарихи маңызы;
- Оқушы меңгеруі керек дағдылар:
- Құқықтық ой жүйесі кемел, қолындағы материалдық игіліктерді, жұмыс уақытын тиімді пайдалана алатын;
- қойылған міндеттерді шешудің ең тиімді жолын анықтауға қабілетті болу;
- өз білімін жетілдіру, танымдық қабілеттерін дамыту арқылы белсенділіктерін арттыру
- Оқушыда қалыптасатын негізгі құзыреттіліктер:
- Нақты жағдаятқа талдау жасайды, ойлаған және нақты жағдаяттар арасындағы қарама қарсылықты көрсете алады;
- Өз әрекетінің өнімін өз бетінше анықталған әрекет өлшемдерінің мақсаттарына сәйкес бағалайды;
- Алынған тапсырманы сипатына қарай өз бетінше негіздеме құрастырады, іздеген ақпаратты бөліп алады;
- Тез шешім қабылдауға, мәселе бойынша пікірін ашық айтуға, еркін сөйлеуге үйренеді.
Курс бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі:
Ежелгі Египет мемлекетінің пайда болуы және оның кезеңдері. Қоғамдық
құрылыс және оның эволюциясы
Білімді бағалау саясаты және тәртібі
Оқушыны қорытынды бағалау
Межелік бақылау-40%
Қорытынды жоба -60%
Қ % =( М 1 +М 2 +) /2*0, 4+ҚЖ*0, 6
М 1 , М 2, - межелік бақылаулардың пайыздық көрсеткіші
ҚЖ-қорытынды жобаның пайыздық көрсеткіші
Оқушылардың оқу жетістігін бақылау түрі : Ауызша-жазбаша, Рефераттар, шығармашылық жобалар, т. б. /тыңдаушы ерекшелігіне қарай таңдалады/
Жобаларды бағалау өлшемдері
«19-20» - талап толық орындалған, нақты көрсетілген
«15-18» -талаптың орындалуы толық емес
«10-14» -жеткіліксіз деңгейде көрсетілген
«0-9» -қателіктер кездеседі
Курстың саясаты мен процедурасы (оқушыларға қойылатын талаптар)
- Сабаққа кешікпеу;
- Сабаққа мектеп жарғысына сәйкес формамен келу;
- Сабақты себепсіз босатпау;
- Босатқан сабақтарын оқытушы белгілеген уақыттан кешіктірмей өтеу;
- Білімді тексерудің барлық түрлерінен өтуге;
- Тапсырма орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі;
- Педагогикалық үрдіске белсенді қатысу;
- Үй тапсырмасын мұқият орындау;
- Сабақты ұйымдастыру барысындағы әрекетке бейімделу, жағымды қарым-қатынас орнату.
Курс мазмұны және әдістемелік қамтамасыз етілуі:
Модуль бойынша лекциялық сабақтар, семинар сабақтары, топтық, ұжымдық, жеке жұмыс, СТО, жобалау технологиясы, дебат технологиясы, т. б. қолданылады
I - Модуль. /16 академ сағат/ Ежелгі шығыс елдеріндегі мемлекет және құқық
№1 тақырып. Ежелгі Египет ( Мысыр) мемлекеті.
Ежелгі Египет мемлекетінің пайда болуы және оның кезеңдері. Қоғамдық
құрылыс және оның эволюциясы. Құлдық. Ұжымдық құл иелену. Төменгі Египет және Жоғарғы Египет. Ежелгі патшалық. Орта патшалық. Жаңа патшалық. Орталық және жергілікті басқару. Абыздар. Сот. Әскери күштер.
№2 тақырып. Ежелгі Вавилон.
Месопотомиядағы мемлекет және құқықтың пайда болуы мен дамуының ерекшеліктері. Қала - Мемлекеттер. Ур қаласының жоғарылауы және гегемониясы. Біздің дәуірге деінгі XVIII ғасырдағы Вавилонның мемлекеттік құрылысы. Патша - Патеси - лугаль. Төрешілік аппарат. Мемлекеттік аппараттағы және соттағы абыздардың функциялары. Сот билігі. Халықтың құқықтық жағдайы. Ежелгі Вавилонның құқығы және оның ерекшеліктері.
№3 тақырып. Ежелгі Үндістан.
Үндістан мемлекетінің пайда болуы. Халықтардың құқықтық жағдайы және қоғамдық құрылысының ерекшкліктері: қауым, касталар, құл иеленушілік. Мемлекеттік құрылыс. Бірінші тайпалық мемлекеттердің құрылуы. Біздің дәуірге дейінгі IV - II ғасырлардағы Маурья империясы. Патша. Паришад. Орталық және Жергілікті басқару Сот. Әскери күштер.
№4 тақырып. Ежелгі Қытай.
Қытайдағы таптық қоғамның және мемлекеттің құрылуы. Қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың негізгі белгілері. Даму кезеңдері. Біздің дәуірге дейінгі Шань Инь мемлекеті ( XV - II ғ. ғ. ) . Қытайдың бірінші бір орталыққа бағынған Цинь мемлекеті. Легизм және Шонь Янның реформалары
( б. д. д. III ғ. ) . Хан империясы. Қаржы, әскери, цензорлық және басқа қызметкерлердің құқықтық мәртебесі. Ежелгі Шығыс елдеріндегі құқық.
Өзіндік жұмыс тақырыптары:
- Ежелгі Египет мемлекеті және Қоғамдық құрлысы
- Месопотамиядағы мемлекет және құқық
Жоба тақырыптары:
- Ежелгі Шығыс елдеріндегі мемлекет және құқық
- Хаммурапи заңдары мен Ману заңдарының ерекшеліктері
Негізгі әдебиетер: 11, 12, 13, 1, 4, 5, 3, 2.
II - модуль. /18 академ сағат/. Антик дәуіріндегі мемлекет және құқық.
№6 тақырып. Ежелгі Грек мемлекеті.
Афинадағы рулық құрылыстың ыдырауы. Тезейдің реформалары. Синойкизм. Архонттар және ареопаг. Солон реформасы. Афина халқының төрт топқа бөлінуі. Халық жиналысы. Бесжүздік кеңес. Клиефен реформалары. Остракизм. Жергілікті бөліну. Эфиалть және Периклдің реформалары. Б. д. д. IV-V ғасырлардағы Грек халқының құқықтық жағдайы. Афина мемлекетінің демократиялық тәртібі. Притондар. Притания. Гелиэй. Сот.
№7 тақырып. Ежелгі Спарта.
Спарта мемлекетінің шығуы. Спартандар. Периэктер. Иаоттар. Қауым. Ипоттарға істелген террор. Криптия. Спартадағы саяси ұйымның әскери-ақсүйектік сипаты. Спарта мемлекетінің құрылысы. Екі Патша. Герусия. Эфорлар. Халық жиналысы-апелла. Спартаның әскері, тәрбиесі.
№8 тақырып. Ежелгі Рим құқығы
Римде мемлекеттің пайда болуы. Римнің әлеуметтік құрылысы. Сергей Тумий реформалары. Рим аристократиялық республика. Рим империясы. Диоклетиан және доминит жүйесінің пайда болуы. Әкімшілік, әскери реформалар. Батыс Рим империясының құлауы.
Рим құқығының негізгі кезеңдері. 12- кесте заңдары. Магистраттардың эдиктері. Преторлық құқық. Халықтар құқығы. Рим құқығының кодификациясы. Гаидың конституциясы. Юстиннон кодексі. Римнің меншік құқығы. Міндеттеме құқығы. Рим құқығының жалпы тарихтық маңызы.
№9 Тақырып. Араб халифаты.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz