Қарағанды қаласы №54 жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәнінен пәндік сайыс сценарийі

Қарағанды қаласы

«№54 жалпы білім беретін орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Информатика пәні мұғалімі:
Исабекова Жанагуль Омиртаевна

Сайысымыздың мақсаты: Алған білімдерін пысықтау, қорытындылау.

Оқушылардың ойлау қабілетін, сұрақтарға тез жауап беруін қалыптастыру.

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, слайд

Енді сайысқа қатысатын оқушыларымызбен таныстырып өтейін:

Әділқазы алқасы:

Оқу тәрбие ісінің меңгерушісі: Жаймина Гауһартас Абиятовна

Бірлестік жетекшісі: Искакова Замзагуль Бақтыбаевна

Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

Бәйге

Полиглот

Ғажайып жетілік

Егер мен болсам…

Көкпар

Жорға

Оқушыларымызға сәттілік тілеп, сайысымызды бастайық.

І. Бәйге

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз-

дей отырып, Бәйге кезеңін бастаймыз.

Оқушылар сұрақ беріледі әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан алады.

Сұрақтары:

1. Жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ (Терезе)

2. Адам мен компьютер арасындағы байланыс (Интерфейс)

3. Caps Lock пернесінің қызметі (бас әріптермен жазады)

4. М байтта қанша К байт бар? (1024) .

5. Ақпаратты сақтау, өңдеу, жеткізуді не деп айтайды?

6. Қағаздағы кескінді экран бетіне шығаратын құрылғы (Сканер)

Қосымша сұрақтар:

1. Жол сілтеуіш (Проводник) терезесі қалай ашылады?

(Пуск-Программы-Проводник)

2. Компьютер суретін салуды қандай құралдарды пайдалану тиімді?

( тіктөртбұрыш, тік сызық, шеңбер)

4. Обьектілерді қалай өшіреміз?

5. Жаңа буманы қалай құрамыз?

( Жұмыс столында тышқанның оң жағын шертіп, Создать-папку командасын орындаймыз. Файл менюінен Создать-папку командасын орындаймыз)

6. Өшіру кезінде пайдаланылатын пернелерді ата? ( BACKSPACE, DEL)

ІІ. Полиглот

Келде кезек полиглотты шешуге

Жауаптарын үш тілдерде беруге

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз

30 ұпай шәкірт саған несібе.

Келесі кезеңіміз «Полиглот». Бұл кезеңнің ерекшелігі оқушылар берілген сұрақтарға қазақша, орысша жауап береді және пернелік комбинациясын айтуы керек.

Сұрақтары:

1. Терезені жабу. ( Файл-шығу, файл выход, Alt+F4)

2. Көшіру командасы

( Түзету -көшіру, Правка-копировать, ctrl+c немесе ctrl+ins)

3. Қиып алу командасы

(Түзету- қиып алу, правка-вырезать, ctrl+х немесе shift+del)

4. Сақтау командасы ( файл-сақтау, файл-сохранить, shift+F12)

5. Құжатты ашу (Файл-ашу, файл-открыть, CTRL+O)

6. Болдырмау командасы

(Түзету-қайта қою, Правка-отменить, ALT+BACKSPACE)

Енді ұпайы аз 2 оқушыларымызбен қоштасатын сәт те жетті. Оқушыларымызға табыс тілеп, шығарып салайық.

ІІІ. Ғажайып жетілік

Жетіліктің сұрағы көп сабақтан

Әр шәкірттердің білгірі алға шығады

Асықпаңдар, ойланыңдар балалар

Үш жауап бар, біреуі оның шырағы

Сайысымыздың келесі кезеңі- «Ғажайып жетілік». Өздеріңіз білесіздер Информатика сабағы басқа сабақтармен тығыз байланыста. Сондықтан сіздерге әр түрлі пәннен сұрақ жасырылған.

20: 20
20: 20
20: 20
20: 30
20: 30
20: 30
20: 40
20: 40
20: 40

20. Қазақ әдебиеті пәнінен- «Сыр сандық» өлеңінің авторы. (С. Сейфуллин)

20. Тарих пәнінен -Әль-Фараби дегеніміз кім, қай жерде дүниеге келді? (ғұлама философы, 870 жылы Сыр бойындағы Арыс езенінің Сырға барып құятын жеріндегі Фараб қаласында дүниеге келді. )

20. Сыйлық

30. Физика пәнінен- Инерция дегеніміз не?

(дене басқа дене әсерін тигізгендегі жылдамдығын сақтау құбылысы)

30. Математика пәнінен- Гипотенуза деп нені айтамыз?

30. Жұмыс үтелінің фонын ауыстыру (маустың оң жағын басып Свойства - Рабочи стол- сурет көрсету - ОК)

40. Биология пәнінен-Астық тұқымдастарды ата? Бидай, тары, сулы, арпа

40. Орыс әдебиетінен - Жил старик со своею старухой.

У самого синего моря; Өлең жолдарының авторы кім?

(А. С. Пушкин. «Сказка о рыбаке и рыбке»)

40. География пәнінен-Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит (Тынық мұхиты)

ІV. Егер мен болсам…

Егер болсақ мамандықтың иесі

Не істер едің бұл өмірге жүйелі

Ауыр тастан, өнер жастан шығар деп

Бабам айтқан, баба сөзі киелі

Сайысымыздың келесі кезеңі- “Егер мен болсам…”

Тышқан шаригі кірленіп, жүрмей қалған жағдайда не жасар едің? Ол үшін алдарыңызға мынадай 8 түрлі затты беріп отырмыз. Осы заттарды қалай пайдаланасыңдар. Ойлауға 1 минут уақыт берейік.

1. Табақтағы су

2. Сабын

3. Орамал

4. Ақ бет қағаз

5. Спирт

6. Мақта

7. Қайшы

8. Сым

Жауабы: Алдымен тышқанның шаригін алып, оны табақтағы сабынды суға жуып, орамалға сүртіп, ақ беттің бетіне әбден кепкенше қоямыз. Ал тышқанның ішін спиртке малынған мақтамен сүртеміз. Тек содан кейін тышқанның ішіне шаригін салып, қолдануға болады.

Енді ұпайы аз 2 оқушыларымызбен қоштасатын сәт те жетті. Оқушыларымызға табыс тілеп, шығарып салайық.

V. Көкпар

Білімдіден шығады алғыр, шешен

Шешендікпен болған ғой барлық көсем

Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы

Қалмасын бұл жарыста сенің есең

Компьютердің зияны мен пайдасы туралы айтады.

Компьютердің пайдасы өте зор». Алдымен компьютерге анықтама берейік. Компьютер - ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. Сөзімді қорытындылап келіп «Компьютер - уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Құлақ салып тыңдағандарыңызға рахмет.


Ұқсас жұмыстар
Қарағанды қаласының №54 жалпы білім беру орта мектебінің 1-сынып оқушыларының Әліппемен қоштасу ертеңгілігінің оқу-тәрбиелік сценарийі
Ақсай қаласы жалпы білім беретін №4 орта мектебінің 2014 жылғы Информатика жазғы алаңы бағдарламасы
№54 жалпы білім беретін орта мектептің 7-сыныптарына арналған Бақытты сәт ойынының дидактикалық сценарийі
Жалпы білім беретін мектептерде бейіндік оқытуды ұйымдастыру: Тайынша қаласы №5 орта мектебінің тәжірибесі
Семей қаласы №22 жалпы орта білім беретін мектебінің Аяулы күз, Алтын күз мерекелік-сайыс бағдарламасы
Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің Информатика әлемінде сыныптан тыс шарасының сценарийі (2014-2015 оқу жылы)
№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің информатика кабинеті (компьютерлік сынып) паспорты
Жезқазған қаласындағы №21 жалпы білім беретін орта мектебінің Арулар асыл жандар байқауының сценарийі
Тасмола орта жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып түлектеріне арналған аттестат тапсыру салтанатының сценарийі
ШҚО Семей қаласы №13 жалпы орта білім беретін мектептегі 9-11 сынып оқушыларына арналған Бұрымды қыз сайыс кешінің сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz