Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Алтын сандық

Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы
Шәкәрім атындағы облыстық
үш тілде оқытатын
дарынды балаларға арналған
мамандандырылған мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Исабекова Ляззат

Сұлтанмұратқызы
Қазақ тілі
4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау
Сабақтың мақсаты: Қыстырма сөздердің сөйлемдегі жалпы ойға
қосатын әр түрлі
мағыналық реңктерін байқату.
Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік: Қыстырма сөз тақырыбын қайталау арқылы оқушылардың
білімдерін жүйелеу, бекіту.
ә) Тәрбиелік: Бір-бірінің ойларын тыңдауға, топта бірлесе жұмыс істеуге
үйрету, үлкенді сыйлауды үйренеді.
б) Дамытушылық: Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін, ой-
өрістерін тапсырмалар орындату арқылы дамыту, шығармашылықпен жұмыс
істеуге, үлкенді сыйлауды үйренеді.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Көрнекілігі: «Алтын қақпа» макеті қиықшалар,
тірек,
сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру сәті:
а) оқушыларды түгендеу.
ә) кезекшімен сұхбат.
ІІ. Жаңа сабақ.
-Балалар, бүгін біз өткен материалдарды қорытындылау нәтижесінде
сабағымызды «Алтын қақпа» ойыны түрінде өткіземіз. «Алтын қақпа» ойынының
шарты: бұл қақпаның өзі бірнеше қақпадан, яғни «Тас қақпа», «Алтын қақпа»
және «Алтын қақпадағы сандықшадан» тұрады. Әрбір қақпаның тапсырмаларын
орындау арқылы өз білімдеріңді көрсетесіңдер.
Оқушыларды мозайка көмегімен 3 топқа бөлеміз.

І. Тас қақпа.

| | | | | |
| | | | | | |
| | | | | |
| | | | | | |

Қызығушылықтарын ояту ( Елес жетелеу стратегиясы)
-Мектепке жеткенше нені көріп, қандай оқиғаларға тап болдыңдар? Осы жайлы 3-
4 сөйлемнен тұратын ( ішінде қатыстырма сөздер бар) әңгіме құрастыру, топта
талқылайды, ішінен біреуін оқиды. Міне, балалар, «Тас қақпаны» аштық.

ІІ. Күміс қақпа тапсырмаларын орындайды.

| | | |

І топ: Сұрақтарға жауап береді.
ІІ топ: Берілген қыстырма сөз арқылы сөйлем құрайды.
ІІІ топ: «Қарға мен сауысқан» мәтіні соңындағы тапсырманы орындайды.

Венн диаграммасы
Қарға
Сауысқан
Құс тірі табиғат
Құс қара дала құсы Құс ала
қыстап қалады

ІІІ. Алтын қақпа. Мағынасын ашу.
| | | |

«Сөйлемді қалпына келтіру» ойыны.
а) 194- жаттығу. Тақтамен жұмыс. Әр топтан 2 оқушыдан шығып орындайды.
ә) 197- жаттығу. Ойлан, тап.
Әр топ тыныс белгісі қойылмаған қыстырма сөзі бар сөйлемдерді
көшіріп жазу.
ІҮ. Алтын сандық. Ой толғаныс.
Мәтін бойынша жұмыс. «Талаптың пайдасы».
І топ.
ІІ топ.
ІІІ топ.

Ү. Қорыту.
-Балалар, алтын сандықты ашу сәті келді. Ал сандықта сендерге арналған
бүгінгі сабақтағы еңбектеріңнің жемісі, яғни бағаларың жатыр.
(оқушыларды орындаған жұмыстарына қарай бағалау).
ҮІ. Үйге тапсырма. 196-жаттығу, реферат.

Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың ана тілі пәнінен білетін сөздіктерін есте сақтату
Сандық ақпаратты өңдеу. калькулятор. 5 сынып
Күміс қақпаның сұрақтары
Алтын қақпаның тапсырмалары
Көктем келді
Сәкен сейфуллин "сыр сандық" өлеңі
Пысықтау жаттығулары. 2 - сынып
Сәкен Сейфуллин сыр сандық өлеңі жайлы ақпарат
Ертегілер елінде 5-класс
Сыр сандық кімнің өлеңі
Пәндер